Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 12:50, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық жағдайды талдау әдістері.doc

— 45.50 Кб (Скачать)


Қаржылық жағдайды талдау әдістері

 

              Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің ақпараттық көздері бар.

              Әлемде тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратн өнімдердіңжеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жақдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

              Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланылып келген қаржылық жағдайы талдаудың қалыптасқан әдісінің шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивті), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

              Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді  сырттан бекіткен орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде қарқынды өзгеріп отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінді, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контрагенттерінің – меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.

              Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1)      көлденең талдау;

2)      тікелей талдау;

3)      трендтік талдау;

4)      салыстырмалы талдау;

5)      факторлық талдау;

6)      қаржылық коэффициенттер әдісі.

              Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

              Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеппозициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткішердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі және баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.

              Тікелей және көлденен талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

              Тереңдік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

              Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, олардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

              Салыстырмалы (кеңестіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшілердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

              Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

              Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

              Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.

              Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекеттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығы, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.

              О. В. Ефимов өзінің «Қаржылық жағдайды қалай талдау керек» деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды (18).

              И. М. Лоханина мен З. К. Золкина (19) алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.

              Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы әдістемесін А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпорынның іскерлік белсеңділігін және төлеу қабілетін талдау.

              Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланс – нетто бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық жағдайын талдаудың басқа бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі бастапқы пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілеттілігін бағалап, болашақтағы төлемқабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.

              В. А. Андреев (20) және В. В. Ковалев (21) кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты – бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.

              Тереңдетілген нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты – шаруашылық субъектісінің қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудиторының өзінің ықыласына байланысты.

              Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 



Информация о работе Қаржылық жағдайды талдау әдістері