Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:39, реферат
Тауарлы өндіріс – аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты.
Кіріспе
1. Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
2. Аралас экономиканың белгілері
3. Аралас экономикадағы мемлекет
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Шаруашылықты жүргізудің
жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда
мынаны атап өту керек: жаңаның бәрі
емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық
өндіріс түрінің біреуін
Әр түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-ң немесе ГФР-ң экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-ң, ГФР-ң экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚШ-ң немесе ГФР-ң қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гелбрейт «Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс» деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч.Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді:
«Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі – бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өндірісті дамытудағы бірден-бір мүдде – сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды, оның дамуы үшін мемлекеттік реттеуді енгізу керек». Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикада классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.
Қорытынды
Тауардың өндіріс – аралас экономика, өйткені, мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасып, біреуінің заңдылықтары басқасына айналып жатады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі тауарлар заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі – аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді. Аралас экономиканың алғышқы көрінісі – экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Аралас экономика шаруашылықты жүргізу ретінде пайда болып, тек ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ол тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Осы тұрғыдан алғанда, экономика теориясындағы басты негіз, ол – қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздеріне айналады. Осы замандағы экономикалық қоғам өмірінің нақты шындығы – кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуы.
Пайдаланған әдебиеттер: