Қарағанды облысы бойынша “МӘДЕНИ МҰРА”

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 20:02, курсовая работа

Описание работы

2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша “Мәдени мұра” аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына, Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 34 тармағына және Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы №10/12 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сәйкес дайындалды.

Работа содержит 1 файл

караганды.docx

— 20.14 Кб (Скачать)
“Мәдени Мұра” Аймақтық бағдарламасы

     2008-2010 жылдарға арналған

     Қарағанды облысы бойынша

     “МӘДЕНИ МҰРА” АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ  

  

     2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды  облысы бойынша “Мәдени мұра”  аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі  Бағдарлама) Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы» Заңының 27 бабына, Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы  Қазақстан халқына жыл сайынғы  жолдауларын іске асыру жөніндегі  негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 34 тармағына  және Қарағанды облысы әкімдігінің  2007 жылғы 15 мамырдағы №10/12 қаулысымен  бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Бағдарламасына сәйкес дайындалды.

     Осы Бағдарламаны әзірлеу мәдени мұра саласында  қалыптасқан ахуалға неғұрлым белсенді де сындарлы ықпал ету қажеттігінен туындады.

     Қазіргі кезеңдегі мәдени мұраны қорғау және пайдалану жағдайын талдау.

     Аймақтың  мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі  шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етумен, тарих пен мәдениеттің  жаңа ескерткіштерін ашумен, кесенелерді, ежелгі кенттерді консервациялау, қалпына  келтіру жөніндегі жұмыстарды жандандырумен, олардың негізінде жаңа тарихи-мәдени орталықтарды құрумен сипатталады.

     Қазіргі кезде облыс аумағында 2610 тарихи, археологиялық, сәулет ескерткіштері, 15 музей бар.

     1608-і  мемлекет қорғауында, 24 ескерткіштің  республикалық дәрежесі бар, олардың  ішінде Жошы хан, Алаша хан,  Домбауыл, Болған Ана кесенелері, Беғазы, Дәндібай зираттары, Саңғыру  обасы, Басқамыр, Аяққамыр орта  ғасырлық қалалары, буддизмнің ойраттық  бағытының Қызыл-Кент сарайы т.б.  бар.

     Облыста тіркелген ескерткіштердің басым  бөлігі археология ескерткіштері. Қазақстанның көне тарихын зерттеуде аса құнды  ғылыми материалдарды осы ескерткіштер береді.

     2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра”  мемлекеттік бағдарламасы және  Қарағанды облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған “Мәдени мұра”  аймақтық бағдарламасы қабылдағаннан  кейін халықтың мәдени мұрасын  зерттеу, тарихи-мәдени ескерткіштерді  қалпына келтіру осы бағдарламаны  іске асырылу жоспарын сәйкес  жүргізіліп келді. Осы Бағдарламаны  жүзеге асыру аясында Ағыбай  батыр, Жошы хан, Алаша хан,  Әли Түсіп кесенелерінде қалпына  келтіру жұмыстары, Алат, Тегісжол  қоныстарында археологиялық зерттеу,  Ащысу, Қаратоғай қорымдарында, ерте  темір дәуірінің ескерткіштерінде, Жаңаарқа, Осакаровка және Нұра  аудандарында этно-тарихи зерттеу  жұмыстар жүргізілді. Ғылыми экспедициялар  барысында өлке тарихының ерте  кезеңіне (тас дәуірі, қола дәуірі  және ерте темір дәуірі) қатысты  көптеген тарихи жәдігерлер табылды.

     Мұрағаттық, тарихи материалдар, Сарыарқаның атақты тұлғаларының өмірі мен өнері  туралы естеліктер, облыс тарихы туралы материалдар жиналып баспаға дайындалуда. Ұлытау және Нұра аудандарының діни-ғұрыптық ескерткіштері туралы жинақ дайындалды.

     Сонымен бірге аталған Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында жаңа мәселелер  мен сұрақтар туындады, оларды шешу үшін бағдарламаны жалғастыру қажет  болды.

     Міне, сондықтан да, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2007жылғы 13 қаңтарда Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасын жүзеге асыру Қоғамдық Кеңесінің отырысында салалық және аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруға кірісу туралы тапсырма берді.

     Қазақстанның  ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық  және сәулет объектілері шұғыл көмекке  мұқтаж. Олардың арасында Қарадын, Кособа, Шон, археологиялық ескерткіштер Тегісжол, Шешенқара және т.б. тарих пен  мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері  бар.

     Революцияға дейінгі және совет дәуірі кезінде  ел басқару орталықтарының Қазақстаннан тыс жерде болуы салдарынан тарихи құжаттардың едәуір бөлігі көршілес елдердің мұрағаттарында жинақталды. Қазақстан мұрағаттарының XIXғ. қатысты  базасы нашар, XX ғасырдың басындағы  көптеген оқиғалар қамтылмаған.

     Ежелгі  тарихи аймақ ретінде Сарыарқа тарихи құжаттарда IX-X ғасырлардан бастап айтылады, XVIIIғ. Ресей империясы Қазақстанды  Қытай мен Үндістанға шығатын  аймақ ретінде мойындаған. Аталған, одан кейінгі кезеңдердің құжаттары  Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы т.б. қалалардың мемлекеттік мұрағаттарда сақталған. Орталық Қазақстан тарихына байланысты құжаттарды анықтап және олармен  Ұлттық мұрағаттың Қарағанды облыстық қорын толықтыру мұрағаттық қордың сапасын арттырады.

     Өскелең ұрпақты қазақстандық отаншылдық рухында  тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жанжақты зерделеудегі ақтаңдақтарды  жабу, сондай-ақ қазақ халқының сан  ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді маңызы ерекше болып отыр.

     Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді  түрде шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен  таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

     Бағдарламаның мақсаты тарихи-мәдени мұраны рухани және білім беру саласының маңызды  бөлігі ретінде зерделеудің және қалпына келтірудің кешенді жүйесін  жасау.

     Аталған бағдарлама мәдени мұра саласының негізгі  басымдықтарын, оларды сақтаудың, қалпына  келтірудің және насихаттаудың жолдарын анықтайды.

     Бағдарламаның мақсатын орындау үшін төмендегі  міндеттерді орындау жоспарланған:

     1. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет  ескерткіштерін қайта жаңғырту

     2. Археологиялық зерттеулер

     3. Қазақ халқының мәдени мұрасын  зерделеу аясындағы қолданбалы  ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар  дайындау)

     4. Қазақ халқының мәдени мұрасын  насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында  туризмді дамытуға байланысты  әлеуметтік маңызы бар жобалар

     5. Қарағанды облысы халқының тарихын,  мәдени және тарихи мұрасы  жөнінде басылымдар шығару  

     Ұлттық  тарихтың маңызды  тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту.

     Аймақтың  тарихы мен мәдениетінде аса маңызды  орны бар тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру қарастырылған.

     Тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жаңғырту мақсатында Қарағанды облысында - Қарадын, Қособа, Шон және т.б. аса құнды ескерткіштерді қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары жүргізіледі.  

     Археологиялық зерттеулер

     Археологиялық мұра мәдени мұрамыздың маңызды бөлігі ретінде белгілі және ол халықтың материалдық жады болып табылады және оған еліміздің тарихын зерттеуде, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауда және пайдалануда ерекше орын берілді.

     Ескерткіштердегі  қазба жұмыстары, оларды консервациялау және мұражайландыру бірнеше жылдарды керек ететінін ескере келе екінші кезеңде бірінші кезеңде таңдап алынған маңызды ескерткіштердегі жұмыстарды жалғастыру арқылы археологиялық  зерттеу жұмыстарын тереңдете түсу қажет.

     2008-2010 жылдарға арналған бағдарламада  ежелгі Қазақстанның археологиялық  ескерткіштерін терең зерттеулер  қарастырылған.

     Тегісжол, Шешенқара және сол сияқты басқа  қорғандарда, қоныстарда, қорымдарда кешенді  ғылыми-археологиялық зерттеулер жүргізіледі.   

     Қазақ халқының мәдени мұрасын  зерделеу аясындағы  қолданбалы ғылыми зерттеулер (ғылыми жобалар дайындау).

     Аймақтың  атақты тарихи тұлғаларының мұрасын, қазақтың мәдени мұрасында маңызды тарихи орны бар сирек кездесетін қолжазбаларды, кітаптар мен мұрағаттық құжаттарды анықтау және алу мақсатында мұрағаттар мен кітапханаларға ғылыми-зерттеу  экспедициялары ұйымдастырылады.

     Мәдени  мұраны, оның ішінде фольклорды, әдет ғұрыптарды зерттеудің біртұтас жүйесін жасау  шаралары жүзеге асырылады.

     Көшпелілердің материалдық мәдениеті болып  табылатын қыстаулар, қоныстар, бейіттер, құдықтар, көшпелі жолдар мен бағыттардың  картографиясын, жазбасын жасау, зерттеу  және талдау; облыс аумағында шаруашылық жүргізу мен табиғи-ландшафттық  аймақтарды экономикалық тұрғыдан игеру  түрлерін жаппай зерттеу; қазақ этносының  ру-тайпалық атауларын жан-жақты  зерттеу; көшпелі халықтардың, соның  ішінде бірінші кезекте қазақ  халқының мәдениеті мен тарихы туралы маңызды еңбектерді басып шығару бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіледі.  

     Қазақ халқының мәдени мұрасын  насихаттаумен тарихи-мәдени нысандарында туризмді дамытуға байланысты әлеуметтік маңызы бар  жобалар.

     Іс-шаралар  жоспарының басты - аймақтың тарихи және этномәдени орталықтарын мәселелерінің  бірі сәулет-кеңістігін және этномәдени ортаны қалпына келтіру болып  табылады.

     Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін облыстың тарихи мұрасы туралы ғылыми-көпшілік фильмдер түсіру және Қарағанды облыстық тарихи-мәдени ескерткіштер Жинағын  дайындау және т.б. шаралар қарастырылған.   

     Қарағанды облысы халқының тарихын, мәдени және тарихи мұрасы жөнінде сериялық басылымдар өңдеу.

     Қазақстанның  тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша жаңа кітаптар шығару Бағдарлама іс-шараларына енгізіледі.

     1. «Сарыарқа мәдениеті» жинағы;

     2. Қарағанды облысы халықтарының  әдет-ғұрып, салт дәстүрлері жөніндегі жинақ;

     3. облыстың ескерткіштер Жинағы;

     4. аймақтың ескерткіштерін ғылыми  зерттеулер туралы жинақтар (археологиялық,  тарихи, этнографиялық);

     5. “Қарағанды облысының тарихи-мәдени  мұрасы” кітап-альбомы;

     6. интернет-сайттар мен порталдар  дайындалады.

     Бағдарлама  жергілікті бюджеттерден қамтамасыз етіледі.

     Қаржыландырудың жалпы көлемі 192,3 млн.тенге, оның ішінде 2008 жылы – 59,7 млн.теңге, 2009 жылы – 68,7 млн.теңге, 2010 жылы – 63,9 млн.теңге.

     Бағдарламаны  қаржыландырудың 2008-2010 жылдарға арналған көлемі жергілікті бюджеттің болжамдарына сәйкес нақтыланылады.  

     Бағдарламаны  іске асырудан күтетін  нәтижелер  

     Бағдарламаны  жүзеге асыру ұлттың рухани-білім  беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ  құндылықтар, қазақстандық отаншылдық рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.

     Төмендегідей  нәтижелер күтіледі:

     1. 10-нан аса ескерткіштер қалпына  келтіріледі;

     2. 10-нан аса әр дәуірлік археологиялық  ескерткіштерді - қоныстарда, қорымдарда  ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі;

     3. мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау  және көпшілікке таныту жұмыстары  белсенді түрде жүргізіледі;

     4. тарихи-мәдени мұраны зерттеудің  және сақтаудың біртұтас жүйесін  жасау шаралары жүзеге асырылады;

     5. 4 бағытта ғылыми кітаптар шығарылады;

     6. Қарағанды облысы ескерткіштерінің  Жинағын дайындалады;

     7. «Шуақ» жасөспірімдерге Ж.Бектұров  атындағы облыстық жасөспірімділер  кітапханасымен тарихи-өлкетану  сайты құрылады;

     8. Қарағанды облысы тарихи-мәдени  мұрасы жөніндегі ғылыми-көпшілік  фильм дайындалады;

     9. Қарағанды облысының тарихы, құрылымы  және дамуы жөніндегі мұрағаттық  материалдарды ТМД және алыс  шет елдер мұрағаттарында анықтау  жұмыстары жалғастырылады.  
 

Қарағанды облысының  мәдениет басқармасының сайты http://www.cultura.karaganda.kz    

     


Информация о работе Қарағанды облысы бойынша “МӘДЕНИ МҰРА”