Амортизацияны есептеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:11, реферат

Описание работы

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау..................................................................4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі................................................4-6
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі...........................7
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік...........................................................7-8
2.2 Амортизацияның әдістері............................................................................9-16
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі...........................................................17
Қорытынды.......................................................................................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................20
Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебіне слайд

Работа содержит 1 файл

amortizaciya.doc

— 138.00 Кб (Скачать)

Бұл әдіс НҚ пайдаланудан түсетін табыс оны пайдаланумерзімінде бірден болады, яғни жобаның қалған ұтымдылығының кемуі біркелкі жүзеге асады деп болжамдалатын кезде пайдаланылады.

2. Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)

Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды. Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, қызмет бірлігінің құны оның көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген НҚ объектілерінің құнын өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішіндегі амортизация сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және қызмет санына бөлу жолымр анықталады.  Бұл әдісті пайдалану мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің шаруашыпық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде пайдаланады.

Амортизация есептеудің үдемелі әдістері:

○ Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивтік) әдісі  есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффициенттің бөлімі ұтымды қызмет мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады. Пайдаланудың алғащқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейінгі жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.

Кулмулятивтік санды тез арада анықтау үшін мынадай формуланы қолданады:

S = N * (N + 1)/2

Мұндағы S – сома

N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі

○ Кемімелі қалдық (регрессия, қосарланған регрессия) әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес; баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін, сол кезде қосарланған регрессия әдісі жайлы сөз болады.

Амортизацияны есептен шығарған кезде, соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді. Мұндайда амортизация сомасы қалдық құнның жою құнына дейінгі кемітілуі үшін ішкі қажеттікпен шектелген болады.

 



Информация о работе Амортизацияны есептеу