Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:37, реферат
Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды.
Содан
соң 17 ай бойы жеке камерада, оның ішінде
біраз үзіліспен екі айдай
карцерде отырдым. Катков үш рет армансыз
ұрды, оның біріншісі Павловқа жауапқа
барғаннан кейін. «Сен, Арыстанов, егер
алдағы уақытта осылай қасарыса берсең,
теріңді бірнеше мәрте сыпыртамын», - деді
Павлов. Оспановтан да көп таяқ жедім.
Тәулігіне үш, төрт сағаттан артық ұйықтауға
рұқсат бермейтін. Ұрып-соғудан, моральдық
қорлықтан, ашу-ызадан жүйкем жұқарып,
есімнен жаңылған кезім болды. Үстіме
мұздай суық су құйғандықтан ауырып, тұмауға
шалдықтым, басыма, желкеме шиқан қаптап
кетті. Менің осындай жай-күйімді пайдаланып,
Катков пен Оспанов ақыры айтқанын істетті:
олардың ойдан шығарған қылмысы қағазға
түсіп, қол қойылды. Сөйтіп, қолдан жасалған
құжат негізінде, тоғыз адамға, оның ішінде
маған, іс қозғалып, бәріміз сотталып кете
бардық...
Мұхамеджан
Қаратаев
КАЗПИ-дің филология факультетін, Ленинградтың
тарих, философия және әдебиет Институтының
аспирантурасын бітірген. Жазушылар одағының
төрағасы, КАЗПИдің кафедра меңгерушісі.
КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы
презиумының мүшесі, қазақ әдебиеті секторы-
ның
меңгерушісі.
Архив құжаттарына сенсек, тергеу барысында М.Қаратаев 1933 жылдан бері кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымға қатыстым деп хабарлаған, бірақ кейін оны өзі теріске шығарған. Ленинградта оқып жүргенде терроршылдармен байланысқан. Жазушылар одағын басқарғанда зиянкестік жұмыспен айналысып, кері төңкерісшірл кадр даярлаумен айналысқан. Кеңес өкіметіне қарсы басқа да көптеген зиянкестік іс-әрекетке мұрындық болған.
Ал академик жазушының өзі
не дейді? Мұхамеджан
Одан бірнеше ай бұрын НКВД-ға
шақырған. Сөйтсем, бөлімше бастығы
лейтенант Катковтың
Бұл пікір өтпеген соң басқаша
ұсыныс жасалды. Астыртын
Сәуір айында, кейін шілдеде тағы
жүздестік. Баяғы гөй-гөй.
Бір квартал төменірек жердегі
қараңғы түпкірде машинаға
Таңертеңнен аяғымнан тік
Бұдан басқа көрген бейнет
те жетерлік. Қылмысыңды мойындап
жазып бер деп табандылықпен
талап еткен сұраныс атып
Бір уақытта құлап түссем
Өтебай
Тұрманжанов
Мәскеудегі Шығыс жастарының Коммунистік
университетін бітірген. Ташкенттегі Орта Азия
университетіні
және қазақ-қырғыз тілі әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі. КазПИ-дің профессоры. «Қазақ
әдебиеті»
(қазіргі «Жұлдыз» - А.К.) журналында
редактордың
орынбасары, редакторы.
Кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі бола жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде «халық жаулары» Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлиннің өлеңдерін жариялаған. «Карл», «Шыршық сыры», «Қазақтың мақал-мәтелдері» сияқты коммунистік идеямен қабыспайтын шығармалар жазған.
(қылмыстық істен)
Хрущевтің «жылымық» жылдарында іс қайта қаралған уақытта бұл айыпты КГБ сұранысымен арнайы әдеби сараптама жасаған жазушы Темірғали Нұртазин мұның шындыққа үйлеспейтіндігін ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдеп береді. Енді Ө.Тұрманжановтың ҰҚК-нің архивінде сақталған өтінішіне (1955 жылдың 26 мамыры) көңіл бөлейік.
1938 жылғы наурыздың 19-нан 20-на қараған түнгі сағат 1 шамасында, «Мың бір түннің» алғашқы томын редакциялап болдым дегенде мені тұтқындауға Иванов пен Зернов келді. Олар үйді тінтті, кітаптарымды, қолжазбаларымды, фотосуреттерді, мылтығымды тәркіледі. Сосын қараңғы бұрышта көрінбей бізді тосып тұрған машинаға кіргізді.
Кеңсеге келісімен бұрыштағы орындыққа отырызып, қолыма сия мен қағаз берді. Бұл дайындықтың бәрі менің нарком Реденске арыз жолдауым үшін жасалған қам екен. «Сонда қандай өтініш жасауым керек?» деп сұрадым. Иванов «жаз» дегендей ишарат білдіріп сөйлей жөнелді: «Мені ақын Сәкен Сейфуллин кері төңкерісшіл ұйымға тартқан. Осыған байланысты өмірімді сақтап, аман қалу үшін кінәмді адал ниетпен мойныма аламын...»
Неге келгенім түсінікті болды. Бұлардың мақсат-мүддесін білген соң мүмкін басқа біреумен шатастырған шығар деп ондай арыз жазудан бас тарттым. Ешқандай астыртын ұйымға қатысым жоқ дегенді айтып, оны шама келгенше дәлелдеуге тырыстым. Үшеуі – жаңағы екеуі және тағы біреуі – мені қоршап алды, ал Зернов күтпеген жерден абыржытып алмақ болды ма, көзін ақшың-ұшқың еткізіп, қолымен тамағымды қысып қылғындыра бастады.
Бұл
нөмір де өткен жоқ, ештеңе жазбадым.
«Алты жыл байдың малын бақтым,
балалар үйінде тәрбиелендім, комсомол
мен партиядан тәрбие алдым, Ленинді,
советтік билікті жырлаған ақынмын,
сонда қалайша мен кеңес
Келесі күннің әңгімесінің сарыны да кешегідей. Мен әлі көне қойғам жоқ. Олар мені азаптауға кірісті. Ивановтан екі рет таяқ жедім, Зерновтың соққысына сан жоқ. Ұзақ уақыт түрегеп тұрғандықтан, орындықта екі қолымды салбыратып отырғандықтан есеңгіреп қалдым.
Зернов
бірде сызғышпен желкемнен
Бір күні бөлім бастығы Павловтың өзі келді. Ол: «қасарыса берсең, әйеліңді тұтқындаймыз» - деді. Сосын Ивановқа Мынадай бұйрық берді: «Сломать! Истоптать! Заставить заговорить!..». Бұдан соң жаныма төніп келіп, айтқаны мынау: «Скажи, кому поверить государство – тебе или нам?». Бастық қарқылдап күлді де жауабын өзі берді: «Конечно, нам! Так о чем разговор?».
Алдында
осылай қорқытып-үркітіп алған
Мұндай қоқан-лоққының әсері болмады емес – болды. Жан тәтті емес пе? Зәре-құтым қалмады. Әсіресе қолындағы емшектегі баласы бар әйелімді аяп кеттім. Абақтыға түссе әйел байғұс түрмедегі осындай азапқа шыдай алар ма?..
НКВД
дегеніне жетті – сұрағанын жазып бердім.
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады.