Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:03, курсовая работа
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Кіріспе................................................................................................................ 5
Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты
1 Несие саясаты және оның мақсаттары............................... 6-9
2 Несие саясатының құралдары.......................................... 10-16
3 Ақша-несие жүйесі........................................................... 17-22
Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
1 Ақша-несие саясатының операциялары........................ 23-26
2 Ақша-несие саясатының салық-бюджет, валюта саясаттарымен
байланысы........................................................................ 27-37
3 Ақшаға сұраныс пен ұсыныс......................................... 38-44
Қорытынды.................................................................................................... 45
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................
Банк несиесі ақшалай қаражаттардың иелері банктер арқылы арнайы несие мекемелеріне ақшалай ссуда түрінде беріледі. Банк несиесінің объектісі - ақшалай капитап. Сонымен қатар банк несиесі капитал жинақтарына да қызмет көрсетеді.
Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға коммерциялық және банктік несиенің үйлесімділігі тән. Бұл кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларды несиелеуден де көрінеді.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұсынылады. Ұзақ мерзімде пай-даланылатын тауарлар, әртүрлі қызметтер тұтыну несиенің объектісі болып табылады.
Тұтыну несиесі коммерциялық (тауарды бөлшек сауда дүкендері арқылы төлемін кейінге қалдыру арқылы сату) және банкілік (несие мекемелері арқылы тұтыну мақсаттарына ссуда беру) несие түрінде жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда банктер дүкендермен келісім жасайды, ал олар тауарды банк клиенттеріне несиеге береді. Бұл жағдайда банктер сатылған тауар үшін дүкенге тауар құнын бірден төлейді, ал сатып алушылар банк ссудасын бірте-бірте төлейді. Тұтыну несиесінің ең жоғарғы мерзім шегі — үш жыл. Жеке тұлғаларға тұрғын үй алу және соғу мақсатында ұзақ мерзімді ссуда беру тұтыну несиенің бір түрі болып табылады (ипотекалық тұрғын үй несиесі).
Мемлекеттік несие - қарыз алушы да, қарыз беруші де мемлекет пен үкіметтің жергілікті органдары болып табылатын несие қатынастарының жиынтығы. Олар ссудалық капитал нарығында қаражаттарды, займдарды несие - қаржы мекемелері арқылы шығару жолымен қарызға алады. Ішкі займдардан түсетін кіріс салықтан кейінгі, мемлекеттік шығындарды қаржыландыруда орындалады.
Сонымен қатар тиімсіз, бірақ қайта өндіріске керекті салаларды несиелеуші болып табылады.
Халықаралық несие - ссудалық капиталдың елдердің арасындағы қозғалысы мен қызметі. Бұл капиталдың халықаралық қозғалысының біртүрі.
Несие ең алдымен қайта бөлу қызметін атқарады. Оның көмегімен кәсіпорындардың, үй шаруашылығының. мемлекеттің еркін ақшалай капиталы жинақталады және уақытша пайдалануға белгілі төлем (пайыз) көлемінде берілетін ссудалық капиталға айналады. Ссудалық капитал несие механизмінің көмегімен қайтарым негізінде шаруашылық салалары арасында қайта бөлінеді және ол үлкен пайда алуды қамтамасыз ететін сфераларға ұмтылады.
Несие сонымен қатар айналыс шығынын үнемдеу қызметін атқарады. Ол нақты ақшаны алмастыру (вексельмен, чектермен), сонымен қатар нақтысыз есеп айырысуды (банктер арқылы және есеп айырысу төлемдері арқылы) және ақша айналысын жылдамдату арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі нарықтық экономиканың ерекше қызметі несиені ақшамен және жеңілдіктермен бірге оны реттеу құралы ретінде пайдалану. Экономиканы несиелік реттеу мемлекеттің шаруашылық процестерге әсер ету мақсатында несие көлемі мен динамикасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Ссудалық капитал қозғалысы процесінде мемлекет қайнар көзден несиені алуды жеңілдете немесе қиындата отырып, ссудалық капитал нарығына қарыз алушылардың енуін реттей отырып сферасына өту арқылы қатынасады.
Несие жүйесі - есеп айырысу қатынастарының жиынтығы, несиелеу формасы мен тәсілдері және несие ұйымдарының жиынтығы ретінде қарастырады.
Несие - банк жүйесі нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың ірі ақшалай қаражаттары мен төлемдері жүзеге асырылады, ол түрғындардың уақытша айналыстан еркін жинақтарын, ақшалай қаражаттары мен кірістерін белсенді қызмететуші капиталғаайналдырады, көптеген несиелеу, сақтандыру, делдалдык, инвестициялық, кеңес берушілік және т.б операцияларды жүзеге асырады. Өндіріс қатынасында екінші бола отырып несие жүйесі оған үнемі үздіксіз маңызды әсер етеді.
Несие жүйесінің өзінің кызметін атқару барысында несие қатынасы пайда болады. Уақытша ақшалай каражаттарды қайтарым мен төлем жағдайында жинақтау қайта бөлу жөніндегі несие мекемелері мен әр-түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыс несие қатынасының мазмұнын анықтайды.
Несие жүйесі елдегі ақшалай айналысты реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әртүрлі қызмет керсетеді. осында несиеге жатқызылатын экокомикалық қатынастар пайда болады.
Несие екі түрде болады: тауарлы және ақшалай. Тауарлы несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін көрсетеді. Шаруашылық субъектілерінін бір біріне ссуда беру кезінде тауарлы формаға ене отырып осы несие ақшалай формаға ауысады. Ссуда алушы субъект ссуда берушіге тауарлы несие алганын растайтын вексель немесе басқа кұжат жазып береді, ал оны ссуда беруші ақшалай түрде ссуда алу үшін банкке ұсынады. Мұнда несие қатынасынын субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері мен банк қатынасады.
Несие қатынастары, несие формалары мен несие ұйымдарының жиынтығы несие жүйесін құрайды.
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона және т. б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол айналымдағы занды төлем қүралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде бекітілген тәртібі.
4.
Ақша айналымын реттеп
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1.Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс монеталар айналымда болады, олар акшаның барлық қызметтерін атқарады.
2.Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметализм және монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті пайдалану негізінде XVI— XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталарды І көбеюі оларды шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша материалы болып, бір ғана металл — алтын есепте-летін болды. Қағаз және несие ақшалары осы металға еркін айыр басталады.
Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі — алтын монеталы стандарт. Ол бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылып, қағаз және несие ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі — алтын кесек стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде енгізілді. Мұның ерекшелігі қүн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі — алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады. 1929—1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады: несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты алтынға айырбастауды жою және оның алтындык мазмұнын жоққа шығару; жеке кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту; қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік реттеу.
Қазіргі
кезде қағаз және несие ақшаларды
шығаруды мемлекет тікелей өз билігіне
алды.
Экономика жұмыссыздық пен бағаның төмендеуімен қақтығысты делік. Басқарушы несие - мекемелері еркін ресурстарды пайдалануға әсер ету үшін, жиынтық шығынды ынталандыру үшін, ақша ұсынысын жоғарылату үшін, басқару кеңесі коммерциялық банктердің резервтерінің өсуін қамтамасыз ету-керек. Ол үшін төмендегі саяси шараларды жүргізу керек.
Бұндай саяси шешімдер жиынтығы арзан ақша саясаты деп аталады.
Оның тапсырмасы жиынтық шығын мен жұмыспен қамту көлемін ұлғайту ушін несиені арзан ету.
Енді артық шығын экономиканың инфляциялық спиралы арқылы жүргізілді. Баскару кеңесі жалпы шығын көлемін ақша ұсынысын шектеу және қысқарту арқылы төмендеуге ұмтылады.
1) Резерв банктері мемлекеттік облигацияларды коммерциялық банктердің резервтерін қысқарту үшін ашық нарықта сату керек.
2) Резервтік норманың өсуі коммерциялық банктерді артық ақшадан автоматы түрде босатады және ақша мультипликаторының көлемін кішірейтеді.
3) Есеп ставкасының жоғарылауы коммерциялық банктердің резерв банктерінен несие алуға қызығушылығын кемітеді.
Бұл
қымбат ақша саясаты
деп аталады. Оның мақсаты шығынды кемітіп,
инфляциялық қысымды үстеу үшін ақшаның
ұсынысын шектеу.
Ақша және несие саясатының өзара байланыстылық ерекшелігі.
1 Ақша-несие саясатының операциялары.
Міндетті резервтер.
Коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер
артық резервтерді сақтайды –
бұл міндетті резервтердің артық
сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін
төтенше жағдайларда
Резервтік талаптар
Ақша
нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз
етуде, банктерге берілетін несие
көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері
бойынша төлемсіздікті
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20 % мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5 %-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтердің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік
тәжірибеде міндетті резервтердің өте
жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің
қаржы делдалы ретіндегі
АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер санатына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.