Айналымнан
тыс активтер
Материалдық
емес активтердің
есебі
38 «Материалдық емес активтер»
ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық
стандарттарына) және 28 «Материалдық
емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік
есеп стандарттары) сәйкес материалды
емес активтер әкімшілік мақсатта
және басқа субъектілергі жалға
беруде, өндірісте және тауарларды
өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір
жылдан астам) қолдануға арналған,
заттай формасы жоқ, үлестірілетін
ақшалай емес активтер, оларды:
а) анықтауға болады;
ә) субъект бақылайды;
б) қолданудан субъект болашақта
пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық
емес актив болып саналады, егер:
а) материалдық актив анықтамаларына
сәйкес келсе;
ә) белгі - өлшемдерге сай келеді
және мынадай жағдайда есепте
тіркеледі:
– субъектінің осы активке
тікелей байланысты күтілетін
экономикалық пайда алу ықтималдығы
жоғары болса;
- актив құнын
күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;
- материалдық
емес активтерді тану сәтінде олардың
бастапқы құн бойынша бағаланғанында.
Материалдық емес активтердің
бастапқы құны оларды сатып
алу құнына тең болады, бұған
оларды алуға кеткен және қолдануға
әзірлейтін жағдайға (сатып алу
бағасы, орны толып өтелмейтін
салықтар мен алымдар және
т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған
шығындар кіреді.
Материалдық
емес активтер есебі келесілерді
қарастырады:
а)
Материалдық емес активтерді
жіктеу
Ұйымның материалдық емес активтерін
қабылдау – тапсыруды құжатпен
рәсімдеу үшін материалдық
емес актив түрінің толық атауы,
оның ұйымға берілген ай-күні,
жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы),
объектінің сипаттамасығ оның
құны, амортизация нормасы және
басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі
тиіс.
Материалдық емес актив объектілерін
қабылдауды рәсімдегенде акт
материалды емес актив объектісінің
әрбір объектісіне бір данадан
жасалады. Материалды емес активтердің
бірнеше біртектес объектілерін
қабылдауды рәсімдейтін жалпы
акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен
кейін материалдық емес
актив объектісін немесе оны
қолдануды жүйелеп баяндайтын
құжаттама немесе осы объектіге
қатысты ұйымның сондай және
тағы басқа мүліктік құқықтарын
растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның
бухгалтериясына беріледі, оған
бас бухгалтер қол қояды және
ұйым басшысы немесе соған
уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа
ұйымға материалдық емес активтерді
бергенде (сатқанда) акт екі дана
болып жасалады, тапсыратын ұйым
және материалдық емес активтер
есебі карточкасында тиісті жазба
жасалады.
Ұйым пайдалануына түскен материалдық
емес активтердің барлық түрлерінің
есебі үшін қолданылады. Материалдық
емес актив обьектілеріне жатқызу
тәртібі мен олардың құралы
заңдармен және нормативті актілермен
реттеледі.
Бухгалтерияда әрбір объектіге
карточка жүргізіледі. Форма кіріске
алынуға арналған құжат, материалдық
емес активтерді қабылдау-тапсыру
және басқа құжаттама негізінде
бір дана болып толтырылады. 8
графада бастапқы құжат пен
пайдалы қызмет ету мерзіміне
негізделіп есептелген мөлшер (норма)
бойынша ай сайын есептелетін
амортизация сомасы көрсетіледі.
«Материалдық емес актив объектілерінің
қысқаша сипаттамасы» бөлігінде
тек қана актив объектінің
көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар
осы объектіге арналған техникалық
құжаттама мәліметтерін көшіруге
болмайды.
Қазақстан
Республикасы Қаржы
министрінің
2004 ж. 19 наурыздағы №128
бұйрығымен бекітілген
Типтік форма №НМА-1
ОКУД бойынша формасы
ОКПО бойынша
Ұйым
____________________
СТТН
Материалдық
емес активтерді қабылдау-тапсыру
АКТІСІ
№______
Жасалған
ай-күні,
жылы |
Операция түрінің
коды |
Дебет |
Кредит |
|
|
шот |
субшот |
шот |
субшот |
|
|
|
|
|
|
Материалдық
емес активтер түрі _________________________________________________
Қысқаша
сипаттама ____________________________________________________________
Беретін
жақ ___________________________________________________________________
Алатын
жақ ___________________________________________________________________
Алынған
Ай-күн,
жылы |
Материалдық емес
активтерді бағалау тәсілдері |
Материалдық емес
активтердің бастапқы құны |
Пайдалы қызмет
ету мерзімі
___20__ж.
дейін__20__ж. |
Амортизация нормасы,
% |
Амортизация сомасы,
теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Беруге
негіздеме:
Бұйрық
(өкім) негізінде «_______»______________________________20_____ж.
№_____
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Материалдық
емес активтерді ___________ ___________
___________________
қабылдадым: қызметі
қолы
қойылған қолды анықтау
МП
Өткізді: __________
____________ ___________________
қызметі
қолы
қойылған
қолды анықтау
Бас бухгалтер
____________ ___________________
қолы
қойылған қолды анықтау
«________»_________________ 20_____ж.
Материалдық
емес активтерді мынандай түрлерге бөліп,
жіктеуге болады:
- лицензиялық
келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік
органдар немесе муниципалитет беретін
және қоғамдық меншікті монополиялық
пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық
жерді пайдалануға және т.б.) беретін құқытар;
- бағдарламамен
қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады,
не болмаса субъектінің өзі жасайды және
сыртқы немесе ішкі мақсаттарға арналады;
- патенттер
– заңды түрде танылған және
тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі
бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы
ерекше процесс пен технологияны пайдалануға
эксклюзивтік құқық береді;
- ұйымдастыру
шығындары (қалдырылған
шығындар) – субъект шеккен шығындар,
олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады
немесе шығындар болашақ кезеңдерге
(ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты
шығындар, ұзақ мерзімді алдын ала
төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып
төленетін) сақтандыру;
- гудвилл
– субъектінің жағымды сипаттамасына
байланысты сатып алуышының сауда сәтінде
пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының
бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің
тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің
жеке-жеке нарықтық құн сомасы арасындағы
айырма ретінде анықталады. Есеп мақсаттары
үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы
мен таза активтердің сәйкес теңестірілген
әділ нарықтық бағасы арасындағы
айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал:
«капитал минус міндеттемемлер» болып
анықталады;
- басқадай
(авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме
және т.б. авторларға заңмен берілетін
қорғау формалары, сауда маркалары немесе
тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге
(көрсетілген қызметке) берілген, атаулар,
рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін
басқалары); франшизалар – мемлекеттік
меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе
коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін
үкіметтік органдар береді.
ә)
Материалдық емес
активтердің түсуі
мен құрылуын есептеу
102 «Бағдарламамен
қамтамасыз ету» шот дебеті
331 «Өтелетін
ҚҚС» шот дебеті;
671 «Төленетін шоттар» шот кредиті
(15%)
9 000;
б) объектіні дайын жағдайға
дейін жеткізу бойынша шыққан
шығындар сомасына:
102 «Бағдарламамен
қамтамасыз ету» шот дебеті;
681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу
бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік
салық», 687 «Басқадай кредиторлық
берешек»
8 000;
- жарғы
капиталына салымдар – материалдық
емес активтер
тараптардың
шартпен белгіленген бағасы бойынша
есепте көрсетіледі:
- Жарияланған
капитал сомасына:
511 «Төленбеген
капитал» шот дебеті
501 «Жай акциялар» шот кредиті,
502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы
капиталына салымдар мен пайлар»
1 000 000.
2. Жарғыда көрсетілген, салынған
материалдық емес активтердің
келісімшарттық құны:
101-103 «Материалдық
емес активтер» шот дебеті
511 «Төленбеген капитал» шот кредиті
400 000;
- кәсіпорындардың
бірігуі нәтижесінде
ие болу – материалдық емес акивтердің
бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады,
егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау
мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық
емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге
(фирманың іскерлік беделінің бағасы)
енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы
мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген
бағасы бар және т.б.
- Активтің
нақты құны сомасы:
687 «Басқадай
кредиторлық берешек» шот дебеті
441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот
кредиті
6 000 000.
2. Гудвилл сомасына: