Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:40, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастарға көшу үкіметті аймақтық дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрыңғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.
Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда да орын алады. Қазақстанның әр аймағы әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие.

Работа содержит 1 файл

аймактын дамуы реф.doc

— 56.00 Кб (Скачать)


Нүркенова М.Ж. ҚазЭҚжХСУ Астана қ.

 

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу

 

              Нарықтық қатынастарға көшу үкіметті аймақтық дамуына жауапкершіліктен босатпайды, бірақ бұрыңғы орталықтандырылған жүйемен салыстырғанда, саясаттағы акценттер өзгереді, аймақтық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда жергілікті билік құқығы кеңейеді.

Республиканың үлкен аумағында саралау тек табиғатты құрастырушыда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуда да орын алады. Қазақстанның әр аймағы  әсіресе, табиғат ресурстарын игеруде, тұрғындардың әр түрлі жиілікпен орналасуы, қала мен ауыл тұрғындары үлесіндегі әртүрлі қатынастар өзінің айқындалған өндірістік мамандануына ие.

Алдын ала келісілген объективті айырмашылықтардан шығара отырып, Қазақстан аймақтары төрт топқа бөлінеді:

Бірінші топ: Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда,  Жамбыл облыстарының бір бөлігі. Бұл аймақтар минералды ресурстардың бірегей қорына ие, стратегиялық сипаттағы (негізінен көмір сутекті) және әлемдік шаруашылыққа  жылдам қарқынмен бірігуге қабілетті, жоғары импульсті қарқынды дамудағы ғылыми-өндірістік әлеуетіне ие, бірақ шаруашылықтың ұтымсыз құрылымы бар.

Бұл топтардың басымдылығы-стратегиялық бай жер қойнауын (көмірсутегі), сондай-ақ шикізаттың басқа түрлерін (хромиттер, калий тұзы, бораттар, никель, кобальт және т.б) қарқынды игеруде; кең шығарудың  базасында  және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу кешенінде жаңа технологияларды енгізу; жоғары дамыған өндірісті, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымды құру.

Екінші топ - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл аймақтар ауыр индустрияның айқын көрінетін мамандандырылған салалары бар, жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті және негізінен қаржылық ресурстармен өзін - өзі қамтамасыз ететін, жоғары ғылыми өндірістік әлеуетімен сипатталады.

Топтардың басымдылық санатында – ғылымды қажетсінетін жаңа өнімдерді, электр құралдарын, ақпараттықты, автокөлік құрылысын (Павлодар және Қарағанды облысы); жаңа композиті, тазалығы жоғары, жоғары өткізгіш материалдарды (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары); лазерлік технологияны дамыту, автоматты басқару жүйесі мен приборларды (Солтүстік Қазақстан облысы) шығаруды ұйымдастыру.

Үшінші топтар – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Бұл облыстардың агроөнеркәсіптік кешендері республиканың өндірістік қорын қалыптастырудағы жетекші ретінде танылған.

Үшінші топтағы аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуының басым бағыттары - әр түрлі бағыттағы меншік нысанын реформалау бағытының жалғасы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді тиімді мамандандыру.

Төртінші топтар – Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық ауылдары, яғни әлеуметтік - экономикалық және техника-технологиялық жағдаймен, экстремальды топырақты климаттық тоқыраулы аймақтардың экономикалық оңтайлығының қатаң лимиттелген мүмкіндігі. Бұл аймақтарда қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы себепті экономикалық және әлеуметтік дағдарыс сыналатын деңгейге жетті.

Төртінші топ үшін басымдықтар – экологиялық кризистің тереңдеу үдерісін болдырмау; жергілікті ресурстарды, тәжірибені және осы аймақта тұратын тұрғындардың дәстүрін пайдалануды есепке ала отырып, шаруашылық кешендерін  түбірлі қайта құру.

Сөйтіп, бірінші топтың аймағы үшін, аймақтық инфрақұрылым (әсіресе көліктік), рынок инфрақұрылымын құруда мемлекеттік қолдау жүйесі, сондай-ақ шетел инвесторын тарту маңызды.

Екінші топтардағы аймақтарда мемлекеттік реттеудің әдістері орасан жекешелендіру арқылы экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпал етуге бағытталады.

Үшінші топтағы аймақтарда экономикалық тұтқалар мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін реформалау бойынша бағытты жалғастыруға шоғырландырады.

Тоқыраулы (төртінші) топтар үшін мемлекеттік ретеу әдістері – оның ішінде: олардың орындалуына қатаң бақылау жүргізілетін белгілі бір жобаларға қаржылық көмек көрсету басым жағдайда қалады.

Мұндай тәсіл аймақты басқару проблемасын шешуде жемісті болуы мүмкін, өйткені ол жергілікті шаруашылықты қарқынды дамытуға, аймақтық экономиканы тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуын басқару аумақтың нақты өзін-өзі басқаруы, өңірлік ұтымды басқарудың саналы орталықтандырылып жүргізілуімен байланыстырылады.

Аймақтық саясатты қалыптастыру негізінде оңтайландыру мен елдің өндіргіш күшін орналастырудың объективті қажеттілігі жатыр. Оның мәні мемлекет пен аймақтың мүдделерінің ұтымды ұштасуында, экономикалық өсудің аймақтық факторын тиімді пайдалану үшін жағдай жасауда, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруде және экологиялық қауіпсіздікті сауықтандырумен қорытындыланады.

Мемлекеттің аймақты басқару мәні ресми құжатарда көрсетілген. Оның ішінде, бюджеттік, салықтық саясат пен олардың мамандануын қалыптастыру жайғасымындағы аймақтың тұрпаттануын құрайтын негізде 1996 жылғы 9 қыркүйектегі Үкімет Қаулысымен «ҚР-ның аймақтық саясатының ұжырымдамасында» мақұлдаған.

Осы Тұжырымдаманың бастапқы алғышартында былай деп пайымдалады: «әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі бойынша  өңірлерді саралау... тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша тереңдейді», тоқыраудағы шағын және орта қалалардың, алыстағы аудандық ауылдардың және т.б. проблемалары қайшылық тудырады.

Мемлекеттік қолдауды талап ететін, дағдарысты қалалардың тізімінде, 1997 жылдан тоқыраулы қалаларға – Жаңатас, Приозерск, Алға, Кентау, Текелі қалаларын енгізген. 50 мыңға дейін тұрғындары бар шағын қалаларда (елде олардың саны 60) көші-қон икемділігі жоғары, еңбек рыногының инфроқұрылымы дамымаған. Тоқыраулы қалаларда қалыпты өндірісті қамтамасыз ету әлі де мүмкін емес, ауру адамдардың өлім-жітімінің саны жоғары, жұмыссыздықтыңдеңгейі ортадан асады, ал азық –түлік өнімдерін негізгі тұтынудың ең аз деңгейіне есептелген өмір сүру минимумының көлемі өте төмен.

Өңірлік саясаттың тұжырымдамасы оны үш кезеңде қарастыруды көздейді.

І кезең – 1998-2000 жж.

1.Өңірлік біршама тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиісті, саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу.

2. Экономикалық тоқыраулық жағдайын және артта қалған өңірлердің әлеуметтік аясын дамытуды жеңуге бағытталған, мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайына сәйкес аумақтық басымдылықты негіздеу.

3. Елдің барлық аумағындағы экономиканы мемлекеттік ынталандырумен кейбір өңірлерді іріктемелі мемлекеттік қолдаудың ұштастырылуы.

ІІ кезең – 2001-2010 жж.

Шешілетін міндеттердің әрі қарай тереңдетілуі:

1.Еңбек және капиталдың, институционалдық және рыноктық инфроқұрылымның өңірлік және жалпы мемлекеттік дамуы мен нығаюы.

2. Шағын және орта қалалардағы шаруашылықты қолдау және қайта құрылымдау, олардың экономикасын дағдарыстан шығару проблемаларын және әлеуметтік – экономикалық дамуын бірінші дәрежеде шешу.

3. Артта қалған ауылдар мен селолардың өркендеуі үшін материалдық негіздерін құру.

ІІІ кезең – 2011-2030 жж.

1. Экономиканың өңірлік кеңістікті құрылымын қалыптастыру. Оның аумақтық ұжымдарын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық және ішкі салалық үйлесімсіздігін бірте-бірте жұмсарту, өңіраралық инфроқұрылымдар құру.

2. Өндірістік кешеннің ресурстық – шикізаттық теңдестігін қамтамасыз ету, экологиялық және экономикалық теңдестікті сақтау, әлеуметтік –экономикалық және аумақтың табиғи ресурстарын одан гөрі тиімдірек пайдалану.

3. Өңірлер бойынша өмір сүру деңгейі мен сапасының ақталмаған айырмашылықтарын теңестіру, экономиканың тоқырау жағдайын жеңу және әлсіз дамыған аймақтардағы әлеуметтік аяны игеру.

Осындай жағдайларда дағдарыстан шығудың аймақтық шаралары республиканың стратегиялық және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретін, оң жақтарын айқындайтын, облыстар мен аудандардың әлеуметтік – экономикалық өмірінің деңгейін бірте-бірте теңестіруге алып келетіндей болуы тиіс. Және кез-келген жағдайда халық шаруашылығының маңызды салаларымен біз қалай қатынасамыз, яғни «суға кеткенді құтқару суға кететіннің шаруасы» қағидасы бойынша істі жүргізуге тырысамыз. Салалық және аймақтық деңгейіндегі шаралардың сәйкессіздігі аймақтардағы халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады. Мұнда «Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасында» келтірілген үзіндіні айту қажет. «нарықтық реформаларды жүргізуде мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарында тігінен және көлденеңінен келіспеушілік және жүйесіздік реформалардың бірыңғай мемлекеттік саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді». Дәйексөздің мазмұны көпшілік адамдардың әлеуметтік жағдайының төмен болуы оның субъективті сипаттамасын дәлелдейді. Аймақтық қайта өндіру мен әлеуметтік - шаруашылық үрдістерді басқарудың ғылыми негізделген механизмін жасап шығару және жіберген қателерді түзету қажет.

Баяндамамды қортындылай келе, мен аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған орталық басқару органдарының функционалды міндеттерінің негізгі бағытын көрсету жөн деп санаймын. Олар, менің ойымша, келесіде:

-  жалпы мемлекеттік аймақтық саясат тұжырымдамасын біртіндеп іске асыру;

-  республиканың артта қалган аудандары, тоқыраған шағын және орташа қалалары үшін қажетті режимнің әдістері мен механизмдердің бар күш - қуатын пайдалану;

-  жергілікті өкілді (атқарушы) органдарға тапсыру мақсатымен орталық басқару органдардың функциялардың құрамын анықтау, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың эволюциялылығын қамтамасыз етеді;

-  бюджеттер арасындағы табыстарды бөлудің ұзақ мерзімдік нормативтерінің деңгейін ғылыми негіздеу және анықтау;

-  жергілікті табиғи - экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік - интелектуалды ерекшеліктерін ескере отырып арнайы экономикалық аймақтарды құрудың алғышарттарын дұрыс анықтау.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.        Алпысбаев С.Н. Региональный рынок: закономерности формирования и развития. – Алматы, Ғылым, 1997. – 243 с.

2.        Алимбаева А.А., Утешев С.Б., Ахметов С.Н., Таубаев А.А. Региональная социально-экономическая система. – Караганда: Санат, 2002, Том 2. – 409 с.

3.        Саткалиев М.А. Сущность и содержание финансовых ресурсов региона.//Экономические реформы: Особенности переходного периода./Сб. Научных трудов под ред. Мамыров М.К. – Алматы: Экономика, 1999. – 70-76 с.

 

 

Аннотация

 

Экономическая безопасность региона – это способность обеспечения социально-экономической и общественно - политической  стабильности региона, ее развития, доведение качества жизни населения до высоких социальных стандартов, противостояние внутренним и внешним воздействиям за счет эффективного использования природных ресурсов. В этой связи, высока значимость определения недостатков  экономической безопасности на региональном уровне.

 

Resume

 

Economic safety of region is an ability of maintenance social and economic and socially - political stability of region, its development, finishing of quality of a life of the population to high social standards, opposition to internal and external influences at the expense of an effective utilisation of natural resources.

In this regard, to improve the development of the regions is necessary to use methods such as application of the policy rational distribution of productive forces, the definition of the effective direction of attracting investment.

 



Информация о работе Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу