Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:41, доклад

Описание работы

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Работа содержит 1 файл

агроөнеркәсіптік кешен.docx

— 26.59 Кб (Скачать)

Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы.

 

 

 Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылым


Олардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы  өндіреді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп  қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа  уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы  бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан  оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері  мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей  байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі  мақсаты - халықты азык-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар.

  1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.
  2. бұл ауыл шаруашылығы.
  3. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін  халық тұтынатын тауарларға айналдырады.

Жұмыскерлердің саны женінен (2,4 млн  адам) АӨК аса ірі салааралық кешен  болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы  өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын  құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын  жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен  бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.

АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы


1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл  шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық  жеткізе отырып, оның интенсификациясының  жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас  кешеннің жетістіктері оның дамуымен  тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті  қажетті өніммен толық қамтамасыз  ете алмай келеді.

АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған  немесе енді пайда болып келеді.

Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың  өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің  аз ғана үлесі өңделеді. Еліміз шет  елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады.

 

 

Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыны


Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық  тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.

  1. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.
  2. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
  3. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.

Жиі болатын құрғақшылық, қатты  аяздар, қар басуы мен көктайғақ  ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен  мал басын сақтап қалу үшін қажырлы  күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы»  деп атауға болады.

Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі  кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар  шаруашылықтары айналысады.

Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен  айналыспайды, тек ол үшін қажетті  жағдай жасайды.

Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі  мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға  техника мен жанар-жағармай алуға  көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен  тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің  бір бөлігін сатып алады.

Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.

Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына  жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар меншабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер).

Егістік жерлердің жекелеген бөліктері  кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.

Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы  ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі  көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың  бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.

Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес.

Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен  батпақтануы әсер етеді. Сондықтан  жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор. Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізуге де болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғаумен ұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары  орасан үлкен аумақтарда кысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі  казіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз.

Сондықтан егістік жерлерді өңдеудің карапайым технологиясын қолдануға  тура келеді. Жағдай дегенмен, біртіндеп  жақсарып келеді. Бірақ бәрібір материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгі  себептердің бірі.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басының  өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай  жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл - ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытта негізінен осы жол басым болуы керек.

Ауыл шаруашылығы бір-бірімен  байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ын береді.

Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі


Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.

Егіншілік дақылдар түріне қарай астық  шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша  дақылдары мен картоп өсіруге  бөлінеді.

Егін шаруашылығы географиясына  табиғи факторлар, яғни топырақ пен  агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.

Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800- 2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000°  және шөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді.

Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп  мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентінің  көмегімен анықтайды.

Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау  үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.

Еліміздегі егіншіліктің басты  саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы,қарақұмық, тары және қарабидай.

Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.

Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.

Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.

Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік  өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде,Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.

Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.

Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.

Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.

Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары.

Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-іШығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.

Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.

Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің  бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың  үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі  «картоп жүйегі» болып бұрыннан беріАлматы облысы саналады.

Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды.

Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.[1]

Пайдаланған әдебиет


  1. ↑ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешен құрамы мен маңызы