Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 10:37, реферат

Описание работы

Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: бірінші ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі , оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өрімдердің қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп соқтырады: екіншіден , бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің табысын молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.

Работа содержит 1 файл

Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.docx

— 15.68 Кб (Скачать)

                               Агроөнеркәсіп  экономикасының  ерекшеліктері

        Адамзаттың  техникада  және  өндірісте  қолы  жеткен  прогресі қандай  айбынды  болғанымен , оның  барлық  өмірі табиғатқа байланысты  екенін  ұмытпауымыз керек.  Ол  адамдарға өте  үлкен  және  алуан  түрлі ресурстарды  пайдалануға береді

     Алдымен  керегі  бұл  адамдардың  тамағы.  Ол болса табиғаттың  негізгі  ресурсы- жер  арқылы өндіріледі, алынады.  Шындығында жерсіз   адам  өмір де сүре де  алмайды.

      Экономика  ерекшілігінің  бірі  барлық  ауыл  шаруашылығы өндірісі  осы жерде орналасқан.

          Біріншіден , ол  табиғаттың , ауа-райының  жағдайына  толық  байланысты , бір  жыл  екінші  жылға  ұқсамауы   мүмкін.

          Екіншіден,  шаруашылықты  жүргізу маусымды  және  бір  келкі  емес,  ал тұтыну болса  жыл  бойы  жүреді.

         Үшіншіден, оның  басқалардың  өніміне  қарағанда  бір  жермен бір  орында  емес, шашыранды ,  оларды  бір  жерге  жинау  мүмкін  емес ,  тиімді  болмайды.

          Төртіншіден,  ауыл  шаруашылық  өндірісі, онда  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің  өмір  сүріп,  жұмыс  істеуіне  өз   белгісін  қалдырып  отырады. Жұмыскердің  жұмыс  уақытымен  санаспай  істеуін  талап етеді.

          Бесіншіден ,  бұл сала  экономиканың  басқа  салаларымен  салыстырғанда  сұраным  оралымдылығы мен  икемділігі төмен,  ол  экономикаға екі  жақты  зардап  алып  келуі  мүмкін: бірінші  ауыл  шаруашылығы  өнімдеріне  бағаның  өсуі , оның  оның  тұтынуын  азайтпай, керісінше  көбейтіп,  сонымен  бірге  шығындардағы инерцияның  күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері,  алдымен  ауыл  шаруашылығы өзі  пайдаланып отырған  өрімдердің  қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп  соқтырады:  екіншіден , бағаны  төмендету, өнімдерді  өткізу көлемін және  фермерлердің  табысын  молайту да  өз  әсерін  тигізе  алмайды, себебі,  табыстан  артылып  қалған  қаржыны  фермер  өнеркәсіп  орындарының  өнімдерін  сатып  алуға  жұмсайды.

 

        Міне, осының  барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының  жалпы экономикалық  прогресте арнайы  орын  алатынын, әлеуметтік  шиеленушіліктің пайда болатынын көрсетеді.Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей  техниканың  қандай  болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында  өнімді көбейту- бұл жанұялық  шаруа қожалығы  болып отыр.

         Шаруа  қожалығы дегеніміз  бір  жағынан ,  ауыл  шаруашылық  өндірісінің жаңа  түрі, екінші  жағынан ,  бұл  кеңшар  мен  ұжымшарлардан ескі  формалардың  бірі  болып  саналады. Агроөнеркәсіп  шаруашылық  экономикасында  шаруа  қожалықтары, кооперативтер  т.б.формалары  арға  ғасырдан екле  жатыр. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен  “Ұлы  сталиндік  өзгеріске ” дейін  жұмыс атқарып халыққа өз  өнімін  беріп  келген. Орыстың ұлы ғалымы , ауыл  шаруашылық  экономисі Александр Васильевич  Чаянов  атағандай кеңшар мердігерлік  әдістер,  соның ішінде жеке  және  отбасылық мердігерлік,  кооперативті, шаруа қожалығы  т.б.  түрлері өмір  сүріп ,  халыққа қызмет  көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.

         Мысалы,  ҚХР-дағы  тұрғындардың  80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір  ерекшілігі –ауыл  шаруашылық  мекемелерінде  емес,  ауыл  шаруашылығына жатпайтын  ұйымдарында (ұжымшарлар  мен кеңшарлар емес) барлық  айдалатын  жердің  90  пайызы  отбасылық , жалгерлік,  кооперативтік  әдіспен жұмыс істейді  екен.  Жерді  50 жылға дейін  жалға   келісім  шартпен  алып  жұмыс істеп,  әр  алуан  өнімдер өндіреді. Осы өндірген  өнімнен жалгерлер   мемлекетке  жылдық  ақы есебіне 3 пайыз,  кооператив ұйымдарына 7  пайыз  беріп , қалған  40  пайызын  мемлекетке  жоғары  бағамен сатып  отырады.  Енді  қалған  өнімнің 50  пайызы   жалгерлік  ұйым  мүшелері  өздері  бөледі ,не мемлекетке , немесе  басқаларға  нарықты еркін  бағамен сатады.

           Ал, АҚШ ауыл  шаруашылығында  істейтін  фермерлік  шаруашылықтар  барл   ық  штаттар  бойынша  өндірілген  өнімнің  60  %  береді.  Әрі жеке меншікті  жанұялы фермерлер  1 мың доллардан  20 мың долларға  дейін  өнім  өндіріп, сатады.  Бұған қосымша ауыл  шаруашылық  өнімдерін тағы  да  16 % бірігіп   жұмыс атқаратын ту ысқан  адамдардан  құралған  серіктестік  фермалар  береді  екен.

 

 

        Дүние  жүзі  мемлекеттерінің  тәжірибелері   көрсеткендей  экономикалық  мүддесінен қол  үзгені,  жерінен  айырылған   шаруа елді  тойдыра алмайды  және  ауыл  шаруашылығына жұмсалған қаржы қандай  көлемде болса да, құмға сінген  су сияқты еш  жәрдем  тигізе  алмайды  және  саланы  ілгері  дамыта  алмайды. Нарықты  қатынастарға  көшкен  мемлекеттерде  агроөнеркәсіпті шаруашылығы  саласында  фермерлер , шаруа  қожалықтары,  кооперативтер , жалгерлер, акционерлік  қоғамдар т.б.  жұмыс істейді.


Информация о работе Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері