Адамгершілік – ар-ұят

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 10:16, реферат

Описание работы

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.

Работа содержит 1 файл

Адамгершілік.doc

— 44.00 Кб (Скачать)


Адамгершілік – ар-ұят.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Адамгершілік тәрбиесі – тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес. Адамгершілік заңы Аллаһтың адам баласына түсірген кітаптарының негізінде жатыр. Адам баласының жалған дүниеде және ахіреттегі бақытқа қауымдастыратын керекті өнегелердің нелерден тұратындығын білдіріп, құлшылық міндеттерін түсіндіреді (1). Адамгершілік - әдептілік ілім негізінде тұлға бойындағы рухани – адамгершілік қалыптастырудың дұрыс жүрмеуінен және өзінің өзегінен жасанды коммунистік идеялармен айырылып қалған адамгершілік мәселесі жағымсыз, нашар адамгершілік келбеттің пайда болуына душар етті. Жақсылық пен жамандық ой мен іс-әрекеттер оның парқын жіті түсінбеуден болады. Басты мұрат – метериалдық құндылық деп бой алдырушылықтан – қанағатсыздық, ысырапшылдық, атаққұмарлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық және т.б қасиеттерді көреміз. Құмар ойнау, шарап ішу, анаша, шылым шегу, жезөкшелік сияқты жаман қасиеттерде тән мен жан құмарлығын тежей алмау амалдарының әлсіздігі мен дұрыс қалыптаспауынан және адамгершіліктік сананың жетілмеуіне тән құбылыс. 
Адамгершілік тәрбиесі қоғамның моральдық талабына сай тәрбиелеушінің сезімі, мінез-құлқы, санасына мақсатты және жүйелі ықпал ете отырып, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыру делінеді. Сол адамгершілік тәрбиесінің қазіргі кездегі методологиялық, теориялық, әдістемелік ахуалына тоқталатын болсақ: оның кеңес дәуірінің бағыт-бағдарына лайықталған ғылыми - әдістемеліктерінен және бірең сараң адамгершілік мәселесін көтерген мәселелерден ары аса алмай отырмыз. 
Педагогикалық әдебиеттерде, діни насихаттауда тәрбие (адамгершілік тәрбиесінде) проваславие діни руханилықтың негіз етіп көрсету кең тараған. Мұсылман дінінде шариғат мәселесін түсіндірудің өзі самырқау жүріп жатқаны белгілі. Сондықтан, дін арқылы адамгершілік-этикалық ілімді түсіндіріп алуға болады деп ағаттық болар еді. Дінге мойын бұрудың өзі адамның тән және жан қажеттілігіне байланыс әр адамда әр кезеңде туындайды. Егер, осыны ескеретін болсақ және білім беру жүйелеріндегі адамгершілік тәрбиесінің бүгінгі ахуалы мен қоғамда қалыптасып отырған адамгершілік көріністер мемлекет тарапынан саясат пен идеологияның кешенді іс-әрекетін қажет етеді.

Филология ғылымының докторы, профессор А.Сейдімбек: «Ұлттық идея» атты мақаласында: «Қазақстанда саяси-әлеуметтік өмірдегі көптеген жетістіктеріне қарамастан, қоғам үшін ұзақ мерзімді идея болатындай идеология қалыптаспай отыр. Қазақстан халқы әзірше ситуациялық іскерлік пен ситуациялық сәттілікті көбірек қолданып отырған жайы бар. Ал, ұлт тағдыры, мемлекет тағдыры объективті ақиқаттың бетіне тура қарап, стратегиялық тегеурінді идеалды нысан етуді қажет етеді... Ол идея – қазақ идеясы... Бұл тұрғыда, қазақ идеясын қазақстандық идея немесе ұлттық идея деп те атауға болады», - деп көрсетеді. 

Саяси ғылымдарының докторы, профессор С.Борбасов: «Идеология - әлемдік жалпы құбылыс. Жер шарында 200-дей тәуелсіз мемлекеттер болса, олардың әрқайсысының мемлекеттік идеологиясы бар. Мемлекеттік саясат бар жерде идеологияның болмай қоймайтындығы - әлемдік саяси өмірдің заңдылығы. Саясат сияқты идеологияда да жалпылық сипат бар. Саясат - билік пен басқарудың жолдары болса, идеология – саясаттың мән-мағынасын халыққа жеткізуші құрал ретінде қызмет атқарады. Идеология саясат пен идеологияны еш уақытта бір текті категориялар ретінде қарастыруға болмайды. Саясат – қоғамдық өмір мен қатынастарды ұйымдастыру сферасы болса, идеология – осылар туралы танымдық жүйе», - деп көрсетеді. 
Осы орайды көршілес Ресей елінің қоғамдық өмірі мен қатынастарды ұйымдастыру саясатына үңіліп көрейік. Ресей Федерациясы «2001-2005 жылдардағы азаматтардың патриоттық тәрбиесі» деп аталатын мемлекеттік бағдарламасын РФ Үкіметінің №122 16 ақапан 2001 жылы қаулысы шықса, ал 2003 жылы мамыр айында «Ресей Федерациясы азаматтарының патриоттық тәрбие тұжырымдамасы» қабылданды. Рессейлік ғалым В.В. Макаров: «Патриотизм кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтық ғасырлар бойыға тұтастығын қамтитын құбылыс», - деп көрсеткен болатын. Патриотизм – (гректің patre – Отан) қоғамдық және адамгершілік принципі. Патриотизм жөнінде Қазақстан ғалымдары «Қазақстандық патриотизм», «Ұлттық патриотизм» турасында дембіл-дембіл аз ой-пікірлерн білдіруде.
Дегенмен, адамгершілік ілімдерін шығыс ақындары, ғұлама ғалымдары мұраларының өзегі болды. Фирдоси, Саади, Омар Хаям, Низами, Новои, Руми, Яссауи, Баласағұн, Абай, Шәкәрім және т.б. Қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған адамгершілік мәселесі. ХІХ ғасырыдың соңында ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. мұралары мен іс-әрекеттері адамгершілік үлгісі бола алады. «Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп қалыптасқан халқымыз үшін Ар (адамгершілік) ілімі бәрінен де биік еді. Адамгершілік тәрбиесінің аясында патриоттық тәрбие де қаралып, қанат жаяды. 
Қазақстан Республикасның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, «Қазақ өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқының 2006 жылғы жолдауы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруда қазақстандықтардың адамгершіліктік келбетін биіктету мәселесі өзекті мәселенің бірі болуы керек. Осы орайда мемлекет тарапынан кешенді іс-әрекеттің болуы уақыт талабынан туған қажеттілігі.

Түрлі сала ғалымдары-дінтану, саяси, философия, педагогика, психология және т.б. ғылымдар пәндік зерттеулері арқылы қазақстан азаматтарының адамгершілік мәселесі жан-жақты қарастырады деп ойлаймын. 

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.

Ата-асқар тау,

Ана – бауырдағы бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.



ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.



Информация о работе Адамгершілік – ар-ұят