Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:28, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс 3 тараудан құрылған. Бірінші тарауда жеке менщіктің экономикалық категория ретіндегі мазмұны қарастырылған. Екінші тарауда жеке меншік құқығы және Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен жеке меншіктің даму жағдайлары көрсетілген. Үшінші тарауда жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі анықталған.
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтық экономика негізі ретіндегі жеке меншіктің маңызын көрсету, оның мазмұнын, түрлерін, мемлекеттік экономикадағы орнын және рөлін анықтау.

Содержание

Кіріспе
3
1 Экономикалық категория ретіндегі жеке меншіктің мазмұны
5
1.1 Жеке меншіктің түсінігі және формалары 5

1.2 Жеке меншіктің қалыптасу тарихы
6
2 Жеке меншік құқығы мен жекешелендіру
9

2.1 Жеке меншік құқығының конституциялық концепциясы
9

2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және жеке меншіктің даму жағдайлары
13
3 Жеке меншіктің экономикадағы орны мен рөлі

19
3.1 Өндіріс саласындағы жеке меншік
21
3.2 Жеке меншікті қорғаудың қауіпсіздік мәселелері
23
Қорытынды
26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.doc

— 188.50 Кб (Скачать)

Азаматтық құқықтардың  және міндеттердің пайда болуы, ауыстырылуы  немесе жойылуы заң талаптарына сәйкес және белгілі бір заңды фактілердің басталуы кезінде жүргізіледі. Заң меншік құқығының пайда болуы мен жойылуын байлыстыратын заңды фактілер әдетте меншік құқығының пайда болу немесе жойылудың негіздемесі деп аталады. Қалыпты тауар айналымында белгілі бір мүлікке бір тұлғада меншік құқығының пайда болуы, басқа тұлғада осы мүлікке меншік құқығының жойылуын білдіреді. Сондықтан да бірдей заңды фактілер әдетте меншік құқығының пайда болуына да, жойылуына да негіздеме бола алады.

 

 

3.1 Өндіріс саласындағы жеке меншік

 

 

Нарықтық экономика  жағдайындағы микродеңгейдегі шаруашылық қызмет кәсіпкерлік қызмет және бизнес сияқты ұғымдармен сипатталады.

Кәсіпкерлік қызмет қоғамдық  қажеттіліктерді қанағаттандыратын, нәтижесінде кәсіпкердің жеке материалдық қызығушылығы дамитын, материалдық құндылықтар мен қызметтерді құру үшін өндіріс факторларын біріктіру мен ұйымдастыру.

Жеке фирмаларға келетін  болсақ, олардың формалары алуан  түрлі. Олар:

а. Капитал иесі бір адам болып табылатын жеке дара фирмалар;

б. Пайларында бірнеше адам капиталдары біріктірілетін серіктестіктер немесе әріптестіктер;

в. Әр адамның пайы бағалы қағаз- акциямен расталатын акционерлік қоғамдар (корпорация).

Өндіріс концентрациясының  дәрежесі бойынша кәсіпорындардың классификациясы.

Жұмысбастылық деңгейіне қарай (әрі өндіріс қызметінің мөлшеріне қарай) фирмалар шағын және ірі болып бөлінеді. Фирмаларды белгілі бір категорияға жатқызу әр елде әр түрлі. Әдетте, 100 адамнан аз қызметкерлері бар фирма шағын болып, ал 500 қызметкерден көбі ірі болып саналады.

Шағын фирмалар келесідей  сипатталады:

а) көптігімен (АҚШ-тағы жыл  сайын пайда болатын фирмалардың 700 мыңы шағын фирмалар);

б) майысқақтығымен, нарықтық конъюктураның өзгерістеріне тез  бейімделу қабілетімен;

в) тез жаңартылуымен, (жыл сайын жойылатын шағын фирмалар саны жаңадан пайда болатындармен бірдей, олардың тек 7% ғана банкротқа ұшырайды.).

Нарықтық экономикадағы  шағын фирмалар рөлін келесідей  сипаттауға болады: 

1. Шағын кәсіпкерлік  нарықтық экономиканың өзіндік  фундаменті болып табылады, оның барлық бөліктерін өзара жалғап, «бөлшектенген экономиканың» пайда болуына жол бермейді,онда белгілі бір тауардың көп болуы басқасының дефицитімен сәйкес келеді.

2. Шағын фирмалар өз  бәсекелік қабілетін келесілер  арқылы сақтап отырады: 

- өзінің көпшілігі мен ырғақтылығымен;

- төмен бағамен;

- жарнама, басқару,  т.б шығындардың жоқтығынан өндірістің  төмен 

Жетілмеген бәсекелестік жағдайында, ірі фирмалар өндірісті  монополизациялауға тырысып, нарықта  үстемдік етуге талпынғанда шағын  фирмалардың «тірілігі» парадокс болып табылады. Бұл факт келесі сұраққа жауап іздеуге итереді неге ірі фирмалар ортақ жалпы табысты бөлісіп, шағын фирмаралға шыдайды?

Шағын бизнестің тірі қалуының себептері:

Біріншіден, егер шағын  фирма қауіпті болмаса, онда гигант ірі фирмаға оны банкротқа ұшырату тиімді емес болып табылады. Шағын фирманы өзіне қосып алғаннан гөрі онымен іскерлік келісімге келген тиімді, себебі бұл жағдайда шағын фирманың қызметінен барлық корпорацияның өнім сапасы өзгереді.

Екіншіден, көбінесе, шағын  фирмалар қызметі жаппай өндіріс қажеті жоқ , көп шығындар жоқ жерде айналады, сондықтан олар ірі бизнестің жолын кеспейді.

Үшіншіден, қатты қысым  жасағанның өзінде шағын бизнес бәрібір  туындайды, себебі, ол адамға ерекше жақын  әрі оңай болып көрінеді. Англияда құралған шағын кәсіпкерлердің тек 8% ғана өз қызметін табыс тауып, баю үшін жүзеге асырады. Қалғандары бәрінен бұрын тәуелсіздік пен қызметінен алатын рахатын атаған.  

Төртіншіден, мемлекет тарапынан  шағын бизнеске көрсетілетін қолдау зор рөл атқарады. Әдетте, шағын кәсіпкерлік ұлттық білгерліктің белгісі болып саналады. Монополияға қарсы заңдылықтар да шағын кәсіпкерліктің дамуына көмектеседі.

Нарық конъюктурасының  өзгерісіне тез бейімделетін шағын  бизнес нарықтық экономикаға қажет  ырғақтылық береді.

Біздін жоғары монополияланған экономика үшін маңызды болып табылатын бәсекелестік ортаны қалыптастыруда да шағын кәсіпкерлік үлкен рөл атқарады.

Шағын кәсіпорындардың  экологияға да әсері аз екенін ұмытпаған  жөн.    

Шағын кәсіорындар көбінесе жергілікті нарықтарға арналған өнім өндіреді. Көбінесе бұл тез бұзылатын тағамдар, зергерлік бұйымдар, киім, аяқ- киім, т.б.

Дамыған елдерде орта кәсіпкерліктер саны аз, және уақыт  өте келе олардың саны азайып жатыр. Келесі факторларға байланысты орта фирмалар өздерін жойылып бара жатқандар классына жатқызады:

Шағын фирмалар сияқты оларда ырғақтылық, көпшілдік жоқ, және олар ірі фирмалардағыдай күштілік пен  қуат жоқ. (олар екі аралықта орналасқан);

- орта фирмалар тек қана бөліктілік мамандандыруда ғана жұмыс жасайды, яғни нарықтың бөлек сигменттерін жаулап алу арқылы онда шағын монополияға айналады.

Сонымен бірге мамандандырылған нарықта тербелістер азырақ болатындықтан, шағынға қарағанда орта  бизнестің  тұрақтылығы жоғары. 

Экономикадағы орта фирмалардың  рөлі біркелкі емес.

Біріншіден, орта фирмалар ірі бизнеске бәсекелестік орта жасайды.

Екіншіден, орта бизнестің  монополияға үлкен икемдігі бар. Оған мысал- швециялық «Электролюкс»  концерні, 10 жылдың ішінде қол астына 400-ден астам фирманы тартып алды.

Ірі фирмалар әдетте, монополия түсінігімен байланыстырылады. Бірақ бұл әрқашан орын алмайды, өйткені, біріншіден, фирманың өзіндік ауқымы маңызды, екіншіден, нарықтық экономикада бәсекелестік, нарықтың ұлғайюы, ҒТП байланысты толық монополия орнамайды. Сондықтан, ірі фирмалар кемшіліктерін тек монополиямен байланыстыру дұрыс емес. Шын мәнінде нарықтық экономика жағдайында ірі фирмалар екіжақты жағдайда болады:

- бір жағынан ол  бар күшін өз саласын монополизациялауға  жібереді. ;

- бір жағынан ірі фирма әрдайым бәсекелестік ортада қызмет ететіндіктен, ол өз бағаларын жоғарылата алмайды және өндірілетін өнім сапасына назар аударуға тура келеді.

Ірі фирмалардың артықшылықтары мен кемшіліктері, осал жерлері де болады.

Ірі фирмалардың артықшылығына  жататындар:

- тек ірі фирмаларда ғана жаппай өндіріс орын алады. Шағын бизнесті алға тартушылар бұл элементарлы, бірақ өте маңызды факторды ұмытады. Алайда, АҚШ-та шағын фирмалардың 34% тек 3,2% ауыл шаруашылығының өнімін өндіреді, ал ірі фирмалардың тек 1,4% - 32%  өнім өндіреді.

- ірі фирмалар ҒТП  қатар жүреді, өйткені олар жаңа  салалар меңгеруге мүмкіндігі  бар, (қазіргі кезде тек автомашинақұрастыруға  ғана бастапқы инвестицция 1 млрд. Долларды құрайды.) және ірі зерттеу  жұмыстарын жүргізу (АҚШ-тағы  барлық ғылыми зерттеулердің 99% 600 корпорация субсидиялайды);

- ірі фирмалар тұрақтық  пен нақтылықпен сипатталады,  сондықтан олар экономиканы тұрақтандырады. Ірі фирмалар ешқашан жойылмайды, олар тек иесін ауыстырады.

Бірақ бұл артықшылықтар  фирманың табысы мен пайдасын әрқашан  өсірмейді. Өйткені әр фирманың қызмет ету ауқымымен байланысты даму шегі бар.

Қазіргі ірі компаниялардың көбінде басқару мен иелену бір  адамға тиесілі фирмаларға қалрағанда қиын болып келеді. Акционерлер активтер мен ресурстарды тікелей емес жанама басқарады, өйткені заң бойынша активтер мен ресурстар иесі болып заңды тұлға- компанияның өзі табылады. Маңызды сұрақ: меншікті орналастыру мен қолдануға бақылау билігі кімнің қолында. Компания иелері меншік құқығына ие, бірақ оны басқармайды, ал менеджерлер мен директорлар кеңесі меншік құқығы болмаса да олар белсенді түрде оны басқарады. Бұл уақытта капитал меншік пен капитал- функция арасында қарама-қайшылық пайда болады. Соған байланысты меншік иелері қалай нәтижелі түрде өз меншіктерін басқарулары қажет деген проблема уақыт өте келе актуалды болып келе жатыр.

 

 

3.2 Жеке меншікті қорғаудың қауіпсіздік мәселелері

 

 

Жеке меншіктің аса  маңызды бөлігі- кәсіпкерлік қызмет.

Кәсіпкер - бұл тәуекелден қорықпайтын, жауапкершілікті мойына алатын, инновациялық және инициативалық қызметтерді іске асыра отырып , нарықта бәсекеге  түсетін субъектіні айтамыз.

Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет  ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономигі Жан-Батисг Сейн (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен қатер үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.

Коммерциялық кәсіпорындардың  дамуына қауіп төндіретін факторларға саяси тұрақсыздық, әлеуметтік-экономикаллық және криминогенік жағдай, заңнамалық актілерді орындамау, азаматтардың моральдік, психологиялық және өндірістік жауапкершілігінің төмендігі жатады. ҚР-да, ТМД-дағы басқа да елдердегідей жеке кәсіпкерліктің қызметіне қауіпті жағдай бар.

Коммерциялық құрылымның дұрыс қызмет етуіне кедергі жасайтын факторлардың біріне кері бәсекелестік пен қиын криминогендік жағдай жатады. Кері бәсекелестік пен әріптестік қазіргі  кезде жиі орын алады. Бұл фактордың мәнін көбінесе кәсіпкерлер дұрыс бағаламайды, бірақ оның әсерінің нәтижесі жиі күтпегендіктен күрт болады.

Фирманың сыртқы ортасы мен оның қызметкерлерінің айналасындағы  криминогендік жағдайды бағалау  мен бақылау да  үлкен қауіп  төндіреді. Көп жағдайда фирма басшылығы мен оның қызметкерлері криминалдық жағдайларға дайын болмай кезігеді де, рационалдық емес шешім қабылдап, кәсіпорынның қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

Коммерциялық кәсіпорынның қауіпсіздік мәселелерін қайта  өңдеу кезінде мүмкін болатын қауіптің жалпы құрамын қарастыру мүмкіншілігі туады.

Жалпы жоспарда қауіптерге жататындар:

Ұрлау мен қызметкерлерді, олардың жанұя мүшелерін, жақын  туысқандарын ұрлау қаупі;

Қинау, тонау, өлтіру қаупі;

Психологиялық террор, қорқыту, шантаж, ақша талап ету;

Құжаттарды, ақша қаражаттарды, құндылықтарды иемдену мақсатында тонаулар.

Тапсырыс бойынша адам өлтіру мен адам ұрлау 93–94 жылдары  көп кездесті. Бұл кәсіпкерлер  мен бандиттердің және қылмыскерлердің  арасындағы бәсекелестіктің күрт өскенін  куәландырады.

Сонымен қатар қылмыскерлердің  қызметінің объектісі болып қондырғылар, транспорт, дайын өнім мен материалдар  саналды. Мемлекет кәсіпорындарының меншігіндегі тауарлы-материалдық құндылықтарды  заңсыз түрде, оның қызметкерлерінің қатысуымен жасалған махинация нәтижесінде коммерциялық құрылымға өткізу орын алған жағдайлар да жиі кездескен болатын. Тәжірибе криминал әлемінің топтары бизнестің барлық сфераларына өтуге тырысатынын көрсетіп отыр. Көптеген өндіріс құрылымдарының айналасында криминалдық белсенді аудандар пайда болып, сирек кездесетін өнімді, әріптестерді, тауарларды өзіне тартып алу арқылы бәсекелестік ортаға кері әсер етеді. 

Коммерциялық кәсіпорынның қызметкерлерінің кейбірінің ақша табу мен өз жағдайын жақсарту үшін немесе басқа да моральдық немесе материалдық себептерге байланысты фирманың ақпараттық ресурстарына қауіп төнуі мүмкін. Сонымен қатар, мысалы, қызметкерлік алаңда, жеке және жұмыстық көлікте,пәтерлерде немесе мемлекеттік басқару органдарындағы ақпарат көздері арқылы өтетін құпия әңгімелерді тыңдау, немесе ақпаратты ұрлау және Коммерциялық кәсіпорынның шетел фирмаларымен өтетін байланыстарын тыңдау жатады.

Ғимаратқа, қызметкерлерге қатысты қылмыстық әрекеттер  келесідей болуы мүмкін

- Жарылғыш заттар арқылы;

- Пистолеттерден ату;

- Мина салу, сонымен  қатар дистанциондық басқару;

- Өртеу;

- шабуылдау, басып  алу;

- Кіретін есікті, жиһазды,  сонымен қатар жеке және қызметкерлік  транспортты  сындыру. 

Бұның мақсаты болып:

- Үлкен сомада ақша  қаражатын талап ету, немесе  берілген террорлық жауапкершіліктен жеңілдік болуы мүмкін

- Дұрыс қызмет етуін  уақыша тоқтату; 

- Көптеген моральдық  және материалдық жоғалтуларға  итеру; 

- Коммерциялық кәсіпорынға  қатысты ашық террор.

Кәсіпкерлікің дамуына  кедергі болатын негізгі фактор қылмыскерліктің өсуі, соның ішінде халықаралық, және олармен күресу шараларының нәтижесіздігі. Ең үлкен қауіп мафиядан келіп тұр. Мафия әрқашан неғұрлым көбірек баюды көздейді. Нашақорлықпен, қару сатумен, ойын бизнесін дамыту, рэкитпен айналысады.

 

 

 

Қорытынды

 

 

Жеке меншік мәселесі өте өзекті әрі маңызды болып  табылады. Пайда болуынан бастап жеке меншік көптеген сынға тап болды. Алайда көріп отырғанымыздай, нарықтық экономика жағдайында жеке меншік секторы  өте маңызды рөл  атқарады.

Елімізде жеке меншікті қолдауға көптеген жағдайлар жасалған. Үкімет, мемлекет тарапынан көптеген заңдар мен заңнамалық актілер қабылданып жатыр. Солардың ішіндегі ең маңыздысының бірі- Конституция болып тадылады.

 Қазақстан Республикасындағы  жеке меншік формаларының алуан  түрлігіне қарамастан, негізгі түрі кәсіпкерлік болып табылады.      Кәсіпкерлік  дегеніміз- қызмет етуші  субъектілердің  новаторлық  инициативалық  қызметі. Кәсіпкерлік – экономикалың  және  ұйымдастырудың  жағдайлары, жаңа материалдың  қызмет көрсету мақсатында, және тапқан пайданың шығындарын қысқарту  бағытына  арналған  қызмет түрі.

Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет  ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734 ). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.

Кәсіпкер -  бұл тәуекелден  орықпайтын, жауапкершілікті  мойына алатын, инновациялық  және инициативалық  қызметтерді  іске  асыра отырып , нарықта бәсекеге  түсетін  субъектіні  айтамыз.

Кәсіпкерлік  қызмет  теориясы  экономикалық  пәндер  қатарына  жатады.Кеңінен  қолданылатын  кәсіптік  теория  пәні  көбіне  адамдардың  қызметін  үйретумен  байланысты  болады.Кәсіптік  қызмет теориясының  пәні – кәсіпкерлердің  іс-әрекетін негізін, яғни  өндіріске  қажетті  ресурстарды  таңдауда, айырбастауда,бөлуде ,түрлі товарлар мен қызметтерді  пайдалануда  анықталады.

Информация о работе Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі