Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 20:53, реферат

Описание работы

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Жалпы ұлттық өнім - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек.

Содержание

І.Жалпы ұлттық өнім
1.1 ЖҰӨ туралы жалпы түсінік
1.2 Аралық өнім және қосымша қосылған құн
ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы.
2.1 ЖҰӨ есептеу әдістері
2.2 ЖҰӨ дефляторы

Работа содержит 1 файл

Реферат.doc

— 45.00 Кб (Скачать)

Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу жүйесі

                 І.Жалпы ұлттық өнім

1.1 ЖҰӨ туралы жалпы түсінік

1.2 Аралық өнім және қосымша  қосылған құн

        ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы.

2.1 ЖҰӨ есептеу әдістері

2.2 ЖҰӨ дефляторы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

ЖҰӨ туралы жалпы түсінік.Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипттайды.

     Біз, осы  көрсеткіштер қалай есептелінеді  және олардың экономика туралы  қандай ақпараттар алуға болатандығын  қарастырамыз.

     Жалпы ұлттық  өнім экономика көрсеткіштерінің  ең нақтысы деп есептеледі. Жалпы  ұлттық өнім - экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.

     Жалпы ұлттық  өнім  экономикадағы табыс пен  өндірістегі шығын көлемін бірдей  өлшейді. Себебі бұл өлшемдер  соңында бірдей болады. Жалпы,  экономика үшін табыс көлемі  шығын көлеміне тең болуы керек.

 

Аралық өнім және қосымша қосылған құн.

     Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады.

Экономика үшін жалпы  қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.

     Көптеген  тауарлар және қызмет түрлері  ЖҰӨ де нарықтағы бағалармен  есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны ЖҰӨ ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады.

Жалпы ұлттық өнімнің есептеу әдістері

   Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі  бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру «табыстар ағымы».

     І-ші әдіс «шығындар ағымы» . Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз жалпы ұлттық өнім көлемін аламыз.

    Шығындар мыналардан  тұрады:

- тауар және қызметтерді (нан,  киім, көлік т.б) сатып алуға  үй шаруашылығының кеткен шығындары.

- Станок, гимарат, үй құрылысы  және тағы басқаларды алу үшін  инвестициялар.

- Мемлекеттің тауар және қызметі  (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар  және т.б) және транспорттың  төлемдерге ( зейнетақы, жәрдемақы,  степендия және т.б төлеуге)  кететін шығындар.

- Таза экспортты яғни экспорт  пен импорт  көлемінің арасындағы  айырмашылық.

     Ұлттық  өндіріс көлеміне тек сол елдегі  өндірілгендер кіргендіктен, басқа  елдердің шығындарын алып тастау керек. Мысалы, Жапонияда автомобиль өндірді және оны АҚШ қа әкелді және сатады. Бұл жағдайда автомобильді өндірумен байланысты шығындар жапонияның шығындарына жатады, ал жеткізу және сату шығындары АҚШ шығындарына жатады.

   ІІ әдіске келсек табыстар ағымы оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз.Табыс бойынша есептелген, жалпы ұлттық өнімге жататындар: жалақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығындар.

   ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді. Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:

   1) ЖҰӨ дефляторы  барлық өндірілген тауарлар мен  көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ал тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ ін алуға болады.

  2) Жалпы ұлттық  өнім дефляторы тек қарастырылып  отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, моны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.

  3) Бағаның әр түлі  болуында.Тұтыну баға индексі  есептегенде, әр түрлі тауар  бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторы есептегенде  ауыспалы салмақ қолданылады.  Басқа сөзбен айтсақ тұтыну  баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болды.

     ЖҰӨ дефляторы  да және тұтыну баға индексі  де анықталған тауар жиынының  ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.

     Бұл индекстер  өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін  ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Поаше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиыны есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Поаше индексінде тауардың бір бірін алмастыруы есепке  алынады. Бірақ мұнда әл ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді                                

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Жалпы ұлттық өнім және оны есептеу жүйесі