Жаңа инвестициялық саясат: шикізатты технологияға айырбастау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:44, доклад

Описание работы

Соңғы жылдары Қазақстан ел экономикасына тартылған инвестициялар көлемі бойынша өңірде көш бастап келеді. Бірақ та «Қазақстан-2050» жаңа стратегиясы қабылданғаннан бері инвестициялық көшбасшылықты сақтау мақсат емес. Мемлекет, бас топ-менеджер ретінде инвестициялық саясат қағидаларын өзгертуде. Ең басты міндет – инвестицияларды қайтару қағидасы, яғни сыртқа әкетілген шикізаттардың орнына елімізде жаңа жоғары технологиялық өндірістерді ашу.

Работа содержит 1 файл

Жаңа инвестициялық саясат эктеория срс.docx

— 930.59 Кб (Скачать)

Жаңа инвестициялық саясат: шикізатты технологияға айырбастау

 

Соңғы  жылдары  Қазақстан   ел экономикасына  тартылған инвестициялар   көлемі  бойынша өңірде көш бастап  келеді.  Бірақ  та  «Қазақстан-2050» жаңа стратегиясы қабылданғаннан бері  инвестициялық көшбасшылықты сақтау мақсат емес.   Мемлекет, бас топ-менеджер ретінде   инвестициялық саясат  қағидаларын   өзгертуде.  Ең басты міндет  – инвестицияларды қайтару  қағидасы,    яғни  сыртқа  әкетілген шикізаттардың орнына елімізде  жаңа жоғары технологиялық  өндірістерді ашу.

Республикаға тартылған   инвестициялардың көлемі  туралы мәліметтер әрқашан елімізде жүргізіліп жатқан   реформалардың   нәтижелігінің  ең  негізгі көрсеткіші ретінде  қарастырылатын. Қазақстан инвестициялық  келешегі   жоғары  индустриялық   ірі жобаларды  іске асыруға   біртіндеп  кірісті.  Екінші жағынан,  заңнамалық базаны   жаңартып,  әлеуетті инвесторларға   кепілдіктер   бере отырып, инвестициялар  салуға  сенімді серіктес ретінде имидж  қалыптастырды.

 

Міне  осы шаралардың барлығы  біраз жыл өткен соң инвестиция бойынша  өңірде көш  бастауға мүмкіндік берді,   тікелей шетелдік инвестициялар тартуға ең   тартымды  жағдайлар жасады.

 

«Біз   елімізге  160 млрд.  доллардан  астам шетелдік инвестиция тарттық.  Қазақстан тартылған  тікелей шетелдік инвестиция көлемі бойынша жан басына шаққанда    ТМД аясында  көш бастады.  Бүгінде бұл көрсеткіш  жан басына шаққанда 9200  АҚШ долларын құрайды», - «Қазақстан-2050» стратегиясында   көрсетілген мәлімет осындай.

 

 

Ұзақмерзімдік дамудың   жаңа құжатында    инвестициялық  тақырыптың   көтерілуі   мемлекеттің бұл  бағыттағы жұмысты әрі  қарай  жалғастыру ниетін  көрсетеді.  Қазақстанның қазіргі  даму жолында бұл бағыттағы жұмыс қалай жүргізілмек?  Қомақты  капитал тартып отырған,    мұнай және  газ өндіру саласында   ірі жобалар іске қосылған,  әлемде    инвестициялар  үшін  бәсекелестік артып,  инвесторлар жаңа кепілдіктер мен жағдайлар талап етіп отырған,  нарықтық конъюнктура күн сайын  өзгерген  бүгінгідей   жағдайда  еліміз   қандай жұмыстар жүргізбек? Осы   және  басқа сауалдарға   жауапты   жаңа  Стратегиядан  алуға болады.

 

Сонымен,   инвестициялар тарту саясатында Қазақстан алдағы жылдары  қандай бағытты ұстанбақ?

 

Ең алдымен,  прагматизмге  ден қояды.    Еліміздің   жаңа экономикалық  бағытының     негізгі  өзегі осындай болмақ.  Инвестициялық  мәселелердегі прагматизм – бұл  ең алдымен,    табыстылық және  инвестицияларды  қайтарым  жасау.

 

«Мақсат –   экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында    жайлы инвестициялық  климат  құру. Біздің  модель   шетелдік  инвестициялар тартудағы мемлекеттің белсенді роліне негізделеді», - делінген  Стратегияда.

 

Мемлекет, бұрынғысынша,  негізгі инвестициялық топ-менеджер. Бұл қағида өзгермейді.   Есесіне,   инвестициялардың  қайтарымы  қағидасы   өзгереді.  Енді  оны  «шикізатты технологияларға айырбастау»  ретінде мазмұндауға болады.

 

Әрине, инвестиция үшін тек шикізат секторы ғана емес, басқа да көптеген салалар тартымды.  Бірақ,  бұл жерде   шарттың  қалай қойылғаны маңызды.    Қазақстанның  заманауи экономикасы  «тек инвестордың  пайдасы үшін ойын ойнауға» дайын емес  және   ол  тең құқылы серіктес ретінде   жұмыс істей алады.  Яғни, бұл қағида  шетелдік  инвесторлармен  арадағы бұрынғы    қарым-қатынасты  түбегейлі  өзгертіп,   бұрынғы негіздер мен  жасалған  жағдайларды қалдырады  және  мәміленің бір тарабы ретіндегі Қазақстанның мәртебесін көтереді.

 

«Біз біздің елімізге   заманауи  технологиялар әкелуге келісетін инвесторларды  ғана тартуымыз  керек.  Біщ инвесторларға біздің  шикізаттарды өндіруге және   оларды тұтынуға рұқсат бере  отырып, олардан  біздің еліміздің аумағында   жаңашыл өндірістер  құруды талап  етуге тиіспіз», -   еліміздің жаңа саясатының инвестициялар тарту  жөніндегі  жаңа тұжырымы осындай.

 

Тағы бір   маңызды мәселе –  шетелдік капиталдық салымдарға  тартымды жағдайлар ұсына алатын    салаларды  кеңейту. Әрине,  Қазақстанның   мұнай-газ   өндіру фекторы  жарнамаға  мұқтаж емес. Бұл саладағы бәрі  ойдағыдай.

 

Инновациялық салалардың секторының жағдайы  қиындау.   Инновациялық  экономика мен серпінді жаңартылған индустрия моделін құру  бағыты  туралы  жария еткен   Қазақстанның алдында  – бүгінгідей жағдайда   инновациялық  мазмұндағы  қандай салалардың «жолы болады» деген  сауал   туындайды.

 

«Инвесторлар көп салада өндірістік және жоғары технологиялық  қызметтер жүргізу үшін Қазақстанның әлеуетін әлі де жете бағалай алмай  отыр. Респонденттердің пікірінше, инвестициялау тұрғысында  мұнай-газ  саласы (респонденттердің 30%), кен өндіру және  металлургиялық  саласы (23%), ауыл шаруашылығы (14%) және  инфрақұрылым (10%) саласы тартымды», бұл британдық Ernst & Young аудиторлық  компаниясы жүргізген   аналитикалық зерттеуден  үзінді.

 

Осыған сүйене отырып,  инвесторлар үшін қазақстандық  экономика салаларының мүмкіндіктері  туралы   стереотиптерді    өзгерту  Үкіметтің      алдағы  кезеңдегі міндеті екенін тұжырымдай аламыз.   Инвесторлар пулының кеңеюі ықтималдығы және  елге жаңа қаржы ресурстарын тарту жұмыстарының  белсенділігі   осы шешімге байланысты болмақ.  «Қазақстан- 2050»  стратегиясында бұл  міндет   дәл және  анық  түсіндірілген:

 

«Қазақстан   инвестициялар  үшін өңірлік  магнит болуы тиіс.  Біздің  еліміз    инвестициялар үшін және технологиялар трансферті  үшін  Еуразиядағы ең тартымды орын  болуы тиіс.  Бұл өте маңызды.  Біз инвесторларға өз қолымыздаеы  басымдықтардлы көрсете алуымыз керек».

 

«Біз  Қазақстанда  мобильді Интернетті дамытудың  мол әлеуетін  көріп отырмыз.   Қазақстанда  осы саладағы қызметтерге   сұраныс өсіп келеді.   Осыған орай біз     халыққа  жоғары сапалы және  жедел   мобильді  Интернет  қызметін көрсету  мақсатында  жаңа буын  инфрақұрылымдарын   өрістетуді қолға алып отырмыз», - деп атап көрсетеді TeliaSonera компаниясының Президенті және  Бас атқарушы директоры Ларс Ниберг  Ernst & Young  компаниясының есебінде.

 

«Алдағы  уақытта   диверсификация,    өнеркәсіптік  және инновациялық  өндірістер және ең алдымен   шағын және орта кәсіпкерлікті  тұрақты қолдау  процестері өсудің  негізгі факторлары   болады.    Халықтың    жеке тұтыным деңгейі   тез  өсіп келеді — соңғы бес жылда  өсу қарқыны 10% асты.   Міне, осы факторлардың бәрі бізге болашаққа сеніммен  қарауға мүмкіндік береді», дейді METRO Cash & Carry  компаниясының  Бас директоры   Ян Жак Ernst & Young  компаниясының есебінде.

 

Қазақстандық  телекоммуникация нарығы мен   бөлшек-көтерме сауда   нарығында   бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  инвесторлардың   бұл  екі көзқарасы   –  еліміздің   өсуіне  және инвестициялық  салымдарды арттыруға әлеуеті   зор  екенін,   инвестиция    тартуға   тартымды   салалар тізімінің кең екенін көрсетіп отыр.


Информация о работе Жаңа инвестициялық саясат: шикізатты технологияға айырбастау