Құқық қорғау органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:07, реферат

Описание работы

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Работа содержит 1 файл

азамат қогғау.docx

— 33.18 Кб (Скачать)

Байтанат Ж  БРК-10-04

Құқық қорғау органдары


Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

  • — Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
  • — Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
  • — Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
  • — заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
  • — Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
  • — Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.

Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.

Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы


Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.

Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.

Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

  • — Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
  • — Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.

Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.

Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Қазақстан Республикасының  әділет органдары мен мекемелері


Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.

Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:

  • Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
  • заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
  • заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
  • қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қауіпсіздік органдары


Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

  • жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;
  • Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;
  • Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;
  • мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік  комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасыарқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.

 

 

 

Құқық қорғау органдары.  
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.  
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.  
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.  
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.  
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.  
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.  
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.  
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.  
Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.  
Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.  
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;  
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;  
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;  
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;  
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.  
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.  
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.  
сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

 

Азаматтық құқықтарды қорғау – бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.

Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.


Информация о работе Құқық қорғау органдары