Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 22:20, реферат
Әлемде өркениеттің дамуы жылдарында шаруашылық жүйелерін реформалаудың мол тәжірибесі жинақталды. Батыс экономистері Э.Уилс, Д.Гордон және басқаларының пікірінше, оның себебі халықаралық іскерлік белсенділігі циклының төмендеу сатысына енуінде жатыр. Мұның өзі халықаралық коңюктураның өзгеруіне барабар қарекет жасауды талап етеді.
Қазақстанда индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыру үшін ұлттық инновациялық жүйені әзірлеу керек. Біз жоғарыда сөз еткен ұлттық даму институттарымен қатар технологиялық парктер жүйесі дамуда. Бұлардың кейбіреулерінің жалпы ұлттық сипаты бар. Алматы маңындағы Алатау поселкесінде бұрынғы Қазақстан Ғылым академиясы институттарының негізінде “Ақпараттық технологиялар паркі” құрылса, бірегей лабораториялық, зерттеу және технологиялық желілері сақталған бұрынғы әскери-өнеркәсіп кешені негізінде Степногорск қаласында сондай парк құрылды. Курчатов қаласының ұлттық технопарк мәртебесі бар. Онда атомды бейбіт жағдайда қолданудың технологиялары әзірленіп, таратылады. Салалық технопарктер мен аймақтық технопарктердің арнайы институттары құрылады.
Алайда, технопарктер де, кластерлер де экономиканың дербес модельдері болып табылады, олар – оның құрамды, айталық, шаруашылық дамуын неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін өзгертуші тетіктері, құралдары іспетті.
Біз
нарықтық экономикаға өтудің әртүрлі
кезеңдерінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың
басшылығымен жүргізілген Қазақстандағы
экономикалық өзгерістердің оң нәтижелеріне
сипаттама бердік. Президент елдегі реформаларды
ретті жүргізу арқылы әлемдегі ең мықты
50 елдің қатарына кіргізу міндетін алға
қойды. Мұндай үлкен реформаторлық қадам
қашанда реттілікті қалайды. Тарихи жауапкершілік
пен уақыт талаптары тұрғысынан алып қарасақ,
Қазақстандағы экономикалық реформалар
қажеттілік және халық игілігіне бағытталған
қадам болып, өзін-өзі ақтап қана қойған
жоқ, елді қарқынды даму жолына алып шықты.
Информация о работе Өтпелі экономика үрдісінің мәні мен кезеңдерін