Табыс және оны нарықтық экономикада бөлу

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе
1-Бөлім ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1. Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2. Инвестицияның қызметі мен операциялары
1.3. Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
2-Бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
2.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары
2.3. 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау

Работа содержит 1 файл

Моя курсовая.docx

— 81.54 Кб (Скачать)

Қазақстанның  тағы бір ерекшелігі – географиялық құрылымдық жағдайы мұхиттармен  шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат  пен өнеркәсіп тауарларын шетке  шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір  шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық  келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда  зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ  құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар  қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір  өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды заңсыз жолмен бұрып та алады  екен.. Әдейі жарып жіберетіндері  де табылады. Халықаралық келісім  бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен шектеспейтін болғандықтан халықаралық  ұйым   біздің елге өтемақы төлейді. Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай мемлекеттедің әртүрлі  тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы  төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде  мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды.

«Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық  корпарациясын бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы   аты   « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы    атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады.  FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша,  Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Румыниядағы болат қорытатын зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Лакшами Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет иесі.  «Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд. доллар құраса, демек оның 10%  3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде. Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда тұратын және шетелде тұратьш қалталы қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан ақшаларын супер-маркет пен козинолар, базарлар, сауна салудан әрі бармайды. Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без». [14;15]

Инвестицияларды кейде капиталды  салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:

  • инновациялық,
  • капиталды құрылыс,
  • қаржы капиталын әр түрлі формада колдануға іске асады.

Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын  капитал құнын сақтау мен оны  өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша  айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете  алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне  салынса, оны инвестиция ретінде  қарастыруға болады. Өйткені осы  салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс  пен әлеуметтік қажеттіліктерді  алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының  объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану  құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.

Инвестицияның экономикалық мағынасындағы  анықтамасында оны "тірі және затталған  еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде  тірі еңбек тұтынуына қарағанда  косымша құнды өндіруге бағытталған  салымдар үрдісі". М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа  салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу  мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.

Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы  кезендегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі  құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

2005 жылы Қазақстан Республикасындағы  инвесгициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған  1307,2 млрд. теңге инвестицияны шеру  болды, мұның 1100 млрд теңге  инвестициясы негізгі капиталға  жұмсалған. Қаржы емес активтерге  жұмсалған инвестициялардың жалпы  көлеміндегі негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың үлесі  84,2 % қүрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар  көлемі  2003 жылғымен салыстырғанда   10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % ,  2006 жылы 33,0%) өсті.

2003 жылдың  деңгейіне қарағанда негізгі   капиталға жұмсалған инвестициялардың  өсуі республикадағы 14 облыстың  онында және Алматы, Астана қалаларында  байқалды. Көлемнің едәуір өсуі  Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе)  облыстарында және Алматы қаласында  (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде  өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды,  Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың  батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының  үлесі басым.[Қосымша В]

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындардың  үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың  үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге  салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке  төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған басқа  шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлемінің жартысынан астамын меншіктін  жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік  кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке  өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді  нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын  Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын  іске асырумен байланысты.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда  аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен  табиғи газ өндіруге және осы салаларға  қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).

Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне  ғана негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік  және байланыста негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік  операцияларымен, жалға берумен  және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен  іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың  үлесіне тиеді.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі  әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі  үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың жалпы  көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі  жөндеуге кеткен шығындардың жалпы  көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға  кеткен шығындар - 47,7% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды  қаржыландыру көздерінің құрылымында  меншікті және сырттан тартылған  қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде  кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі  үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің  мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін  және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған  инвестицияларды қаржыландырудың  бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір  өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа  түсті металл кеңдерін өндіру бойынша  кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға  жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 %  өскені байқалды.[Қосымша Г]

Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды  қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы  көлеміндегі сырттан тартылған  қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық  барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару  ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім  өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен  бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.

2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялар көп  жағынан шетелдік қаржыландыру  көздерін тарту есебінен қаржыландырылып  келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан  бастап инвестициялық мақсаттарға  жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік  салымдардан басым түскенін айта  кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары  негізгі капиталға жұмсалған  ішкі инвестициялардың үлесі  тиісінше 55 және 56 % құрады.

Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар  құрылымындағы өндірілмеген материалдық  және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда  тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға  кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы  экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының  негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялар көлемінің  өсумен сипатталатын экономикалық өсу  үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік  инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей  отандық және шетелдік инвестициялар  түсімін ынталандыруға бағытталған  Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19] 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы  инвестициялық саясат, лизингтік  келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

Менің бұл  курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап  және оларды қалай басқарудың амалдарын  саралап және де Қазақстан Республикасындағы  банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын  жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

Информация о работе Табыс және оны нарықтық экономикада бөлу