Сұраныс түсінігі.Сұраныс заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:02, реферат

Описание работы

Қазіргі таңдағы нарыққа байланысты, Елеулі мәселелердің бірі тұтынушылардың сұранысымен ұсынысын қанағаттандыру. Нарықтық экономика – Мұндай қарым - қатынас нұсқасын жасап шығару бұл сұраныс пен ұсынымның шексіз өзара қарым - қатынасы . экономика Сұраныс пен ұсынымның қарапайым нұсқасында ғылымының тарихында тұтас дәуірді қамтиды . 200 жылдан астам өтсе деп казіргі нарықтық мен теориялық жағынан танысу дәл содан басталады. экономикасы

Содержание

Кіріспе

Сұраныс түсінігі.Сұраныс заңы.
Сұраныс функциясы, қисығы.
Икемділік. Сұраныстың бағалық икемділігі. Түрлері.
Сұраныстың табыстық икемділігі.

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

СҰРАНЫС.docx

— 150.63 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

 

  1. Сұраныс түсінігі.Сұраныс заңы.
  2. Сұраныс функциясы, қисығы.
  3. Икемділік. Сұраныстың бағалық икемділігі. Түрлері.
  4. Сұраныстың табыстық икемділігі.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Қазіргі таңдағы нарыққа  байланысты, Елеулі мәселелердің бірі тұтынушылардың сұранысымен ұсынысын қанағаттандыру. Нарықтық экономика – Мұндай қарым - қатынас нұсқасын жасап шығару бұл сұраныс пен ұсынымның шексіз өзара қарым - қатынасы . экономика Сұраныс пен ұсынымның қарапайым нұсқасында ғылымының тарихында тұтас дәуірді қамтиды . 200 жылдан астам өтсе деп казіргі нарықтық мен теориялық жағынан танысу дәл содан басталады. экономикасы

Сұраныс пен ұсыным - нарықтың қарапайым элементтері ( Сөз бұл  жерде еркін сұраныс және еркін  ұсыным жөнінде болып отыр ). Ал , нарықтық экономикада кез - келген экономикалық процес " Нарықтық " болып табылатындықтан, өзіндік кез - келгені мамыры " нарық " екі сона болып әрекет өтетіндіктен барлық процестер мен қызмет салалары арқылы сипатталып категориясы,- сұраным мен " ұсынымның " өзара қарым - қатынасы ретінде көрсетіле алады .

Нарықтық экономиканың барлық мәні арзанға өндіру ( сатып алу )- себептерден сона қымбатқа сатуда жатыр . деп экономикалық теорияның негізіне сатып алушылар мен сатушылардың ( сұраныс пен ұсынымның ) қарым - қатынасы иә алынған .

Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады.

Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарыктың  кызмет істеу механизмін талдауға арналған.

Сатылатын тауар біртектес  стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға)  нарықтағы сатушылар мен сатып  алушылардың  өзара  бәсекеге  түсуі   нәтижесінде  тағайындалады. Бәсеке жағдайында    бағаның    қалыптасу    механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз.

Бұл талдау кезінде сатылатын  және сатып алынатын тауарлардын  көлемі мен бағаларынын арасындағы  байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен қөлеміне басқа да факторлардың қалай  әсер ететінін қарастырамыз.

Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген «Халық байлықтарының табиғаты мен  себептерін зерттеу» кітабында «Көрінбейтін қол» атты категориялық ұғымы ретінде  қарастырып зерттеген.

Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар  болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан «Саяси экономия принциптері» жұмысында принципті негіздегі  шешімін тапты.

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша —баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс  ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды.

Сандық жағынан әр түрлі  қағидалар бар, соның біреуі сұраныс  көлемі максималды қажеттілікті белгілі  бір жағдайда берілген уақытта сатып  алумен анықталынады. Бұл анықтамада екі түсініктеме берілуі керек. Сатып алу кезіндегі жағдайлар да сұраныс көлемі әсер етеді, өйткені ол тұтынушының қандай ортада тұрып шешім қабылдағанын анықтайды. Бұл ортада тұтынушы таңдауына келесі факторлар ісер етеді:

  • Берілген тауар бағасы;
  • Берілген тауарды орын басушы немесе субститут – тауарлар бағасы;
  • Берілген тауарды толықтырушы немесе комплиментарлы игіліктер бағасы;
  • Берілген тауарды сатып алуға бөлінген тұтынушы табысы;
  • Тұтынушы талғамы мен таңдауы;
  • Жалпы, сыртқы тұтыну жағдайлары;
  • Тұтынушы күтімі.

Факторлар жиынтығының сұраныс  көлеміне әсер етуін, жоғарыда келтірлген белгілеулерді қолдана отырып талдауға өте аламыз. Сұранс функциясы деп  сұраныс көлемінің берілген факторлар  шамасына тәуелділігін айтамыз.

Сұраныс заңы – тауар  бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға  баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл  сұраныс  заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа  бағадан басқа да бағасыз факторлар  әсерін тигізеді:

Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.

Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар  саны молайған сайын  сұраныс та өседі.

Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)

Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.

Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

Сұраныстың бағалық  икемділігі.

Икемділік – бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне  жауап ретінде

сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын 

көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеруқатынастарымен анықталады.

Бұл жердегі бағалық икемділік  коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% —  ке өзгерсе, онда сол затқа деген  сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін  көрсетеді.

Бұл көрсеткіш сұраныс  көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне  сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа  әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:

1)    икемді;

2)    икемсіз;

3)    икемділігі бірге тең;

4)    өте икемді;

5)    өте икемсіз.

Егер сұраныс көлемінің  өсу проценті  бағаның өсу процентінен көп болса және тауардағы бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.

Сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бағаның проценттік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі  тауарларды сатудан түскен түсімді  көбейтіп отыр.

Түсім дегеніміз – тауарлардың  бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің  көбейтіндісі:     TR = P*Q,

Мұнда,  TR – түсім, m;

P – тауардың бағасы, m;

Q – сатылған тауардың  көлемі, дана.

Көбінесе, ауыстырушы (субститут) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс  икемді болады. Мысалы, «Сұлтан» макаронына деген  сұраныс  икемді болады, себебі оны ауыстыратын  басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыз, телевизор, қысқа толқынды  пеш  сияқты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған  тауарлардың бағасы  жоғарыласа, тұтынушылардың  оларға  деген  сұранысы  өте азайып кетеді.

Егер бағаның өсу проценті сұраныс көлемінің  өсу процентінен көп  болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын  болса, онда сұраныс икемсіз  болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыратын  тауарлары аз болатын тауарларға сұраныс  икемсіз  болады

Егер бағаның 1 проценттік өзгеруі, сұраныс көлемін  бағасы  шамаға өзгертетін  болса және  баға  өзгеруіне  байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең  болады.

Сұраныстың бағалық икемділігінің  төмендегідей  екі  ерекше  түрі бар.

Сұраныстың бағалық икемділігін  (СБИ)  қарастырған уақытта оларды нүктелік және  доғалық икемділік деп  бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс  көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық – орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.

Сұраныстың бағалық икемділік  коэффициентін (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулаларды қолданамыз.

Ep(D)= - нүктелік икемділік.

Ep(D)= - доғалық немесе сызықтық икемділік.

Q1Q2 – 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;

P1P2 – 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.

Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен , (1<|Ep|<) аралығында болса, онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні  (0<|Ep|<1)|Ep|=1) болса, онда сұраныс икемсіз  деп аталады. Егер |Ep|=1 бұл жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады.

Егер Ep(D) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады

СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға болады.

 

СБИ

Жалпы түсім (шығындар өзгеруі)

Баға төмендегенде

Баға жоғарыланғанда

Икемді сұраныс  (Ep>1)

көбейеді

азаяды

Икемсіз сұраныс (Ep<1)

Азаяды

көбейеді

Икемділігі бірге тең сұраныс  (Ep=1)

өзгермейді

өзгермейді


Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:

қарастырып отырған тауарды  ауыстырушы (субститут) тауарлар көп  болса, онда бұл тауарларға деген  сұраныс икемдігі болады, ал ауыстыратын  тауарлар аз болса немесе  жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;

тұтынушылардың баға өзгеруіне  бейімделуі;

баға өзгеруін күтуі.

Сұраныстың табыстық икемділігі.

Сұраныстың табыстық икемділігі  (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Е1 – оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен  уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда E1 >0. Бұндай тауарларды  кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні  E1 >0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының  табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың табыстық икемділігі төмендегідей формулалармен анықталады.

EI(D)- 1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті.

dQ/dI – сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы;

І – тұтынушы табысы;

Q – сұраныс көлемі.

Егер табыс пен сұраныс  көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:

Мұнда, Q1,Q2 – 1 және 2 кезеңге  сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі.Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:   
Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарларнормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:  
           1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<e1<1;  
 
          2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффицинті:E1 =1

Информация о работе Сұраныс түсінігі.Сұраныс заңы