Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 23:27, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Сонымен қатар, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесінің дамымауы ҚРҰБ-ң 2002-2004 жылдар аралығындағы өзінің дамуында приоритет ретінде анықталған инфляциялық реттеу саясатына өту кезінде қиыншылықтар тудыруда. Соның әсерінен ақша-несиелік трансмиссияның адекватты механизмі жоқ болуда.
Өнеркәсіптің қайта өңдеу салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда қайта қаржыландыру қаражаттарының ерекше тапшылығы байқалуда. Бұл ҚРҰБ-де осындай кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және несиелік қабілеттілігі туралы ақпараттардың жоқтылығымен байланысты.
Біздің
көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру
жүйесінің жақсы дамуының кепілі
Орталық банк жүйесінде экономиканың
нақты секторындағы
Орталық банктің есептік ставкаларының өзгеруі ақша нарығындағы жағдайларды ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар құнды қағаздар нарығына да әсер етеді. Орталық банктің есептік ставкасының өсуі ақша нарығындағы несиелер мен депозиттер бойынша ставкалардың жоғарылауына негізделеді.
Бұл құнды қағаздарға деген сұранысты азайтады және олардың ұсынысын көбгайтеді. Құнды қағаздарға деген сұраныс банктер жағынан да азаяды, себебі олар үшін депөзиттер неғұрлым тиімді болып саналады.
Сөйтіп,
Орталық банктің есептік және қайта
қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды
қағаздардың нарықтық құнын төмендетеді.
Ал Орталық банктің есептік ставкаларының
төмендеуі, керісінше, несиелер мен депөзиттер
құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын
қарастырылған жағдайларға кері процестерді
тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс әседі,
ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың
нарықтық құны жоғарлайды.
3.2
Қазақстандағы пайыздық саясатты жетілдіру
жолдары
Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ереқше танымал болды, себебі ҚРҰБ-нын, резервтері сыртқы факторларға қарсы түру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал
қазіргі кезде ақша-несие
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларда жанами реттеу банктік резервтер келеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан макроэкономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
5)
мемлекеттiк және басқа да
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
Инфляцияға
қарсы саясаттың басты элементі
- қаржыны сауықтыру мен халық шаруашылығы
экономикасын тұрақтандыру, залалды және
шамалы рентабелді шаруашылық субъектілерін
қысқарту болып табылады. Бұған халық
тұтынатын тауарлаға бағаны көтеру жолымен
емес, интенсификация негізінде және өндірістің
тиімділігін көтеру арқасында қол жеткізіледі.
Шетел несиелерін солай пайдаланған маңызды,
оларды тезірек иесіне қайтарып, сөйтіп
аса мол пайда табу. Шетел ғалымдарының
пайымдауынша, Қазақстандағы аса пайдалы
салаларға — түсті металлургия, ауыл шаруашылығы,
мұнай өндеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп
және туризм жатады. Сондықтанда осы салалар
басымдылықлен дамуы қажет. Сырткы саудамен
айналысатын кәсіпорындарға толық валюталық
өзін-өзі өтейтін жолға көшіру керек. Бір
сөзбен айтар болсақ, тұрғындардың өмір
денгейіне әсер ететін инфляцияның келеңсіздігін
төмендету үшін шаралар жүйесін іске қосқан
жөн.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды.
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Осы
бөлімде Қазақстан
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді.
Яғни,
Қазақстан Республикасының
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттердің негізінде маңызды мәліметтерге көптеген сілтемелер жасалынды.
Енді,
курстық жұмыстың тақырыбын ашуда
қарастырылған сұрақтардың
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ