Шағын бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:21, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1-бөлім ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы..........................5
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі.............................10
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі.......................14
2-бөлім ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау......................................19
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін
Талдау..................................................................................................................22
ҚОСЫМША.......................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................33

Работа содержит 1 файл

КР Шагын Бизнес.doc

— 194.00 Кб (Скачать)

- тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар ,түрлі нормативтік құқықтық нормалар, түрлі нормативтік құқықтық келісімдерде қарастырылған және осы мәселе бойынша бірегей заң актісін қабылдау;

-заң  актілерінде (Кеден, салық, әкімшілік кодекстері) кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа шағын және кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей көзқараспен қарау;

-тексеру,  бақылау және қадағалау мәселелері  бойынша рәсімдерді нақты бірыңғай  суреттеу әдістерін белгілеуді  ұйымдастыру. Түрлі мемлекеттік  органдар тексерулердің түрлі  жіктемесін қолданады;

-шағын  кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік  органдардың тиімділігін бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын айыппұлдарды нақты анықтау.

-кәсіпкерлік  субьектісі қызметінде төтенше  жағдай және тағы басқа туындаған  ретте осы обьектіде тексеру. 

Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді немесе одан азырақ пара беріп құтылып кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік тосқауылдар ауыртпалығы болып табылады:

-кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдауда қолданылмайтын  заңға бағынышты келісімдердің  саны едәуір;

-мемлекеттік  органдар уәкілеттік еткен және  мемлекеттік функциялар берілген  көптеген мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жұмыс істеуде;

-керексіз  статистикалық және салық есебін  жүргізу; -кейбір мемлекеттік органдардың  бақылау, қадағалау, рұқсат беру  және келісу функциялары мен  өкіметтерін қысқартуға дайын  еместігі.

-көптеген  елдерде шағын  кәсіпкерлік субьектілеріне олардың қызметін қолдау үшін « жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Франциядағы сияқты Қазақстанда да тіркеу процесі жиырма төрт сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар он күннің ішінде « бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі, бұл жүйені бизнес қауымдастық та қолдауда. Кәсіпорындар Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуы да жұмыс істейді. Мемлекет кәсіпорындары олардың дербестігінің сипатына қарай үш топқа бөлінеді:

-бюджеттік; 

-қоғамдық;

-аралас акционерлік  қоғамдар.

         Қазақстан Республикасында мемлекеттік  кәсіпорындарға мына кәсіпорындар  жатады:

-Мемлекеттік  шаруашылық жүргізуге құқығы  бар, толық шаруашылық есепке  негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі- дәрмек дайындау т.б.

-Қазыналық,  жедел басқаруға құқығы бар,  толық емес шаруашылық есепке  негізделген. Мемлекеттік кәсіпкерлік  қызметі ұлттық экономиканың  барлық және мемлекеттің әлеуетінің  дамуына әсер етеді. Мемлекеттік  бюджетті айтарлықтай толықтыруға өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласында таралады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША 

1-кесте    Шағын бизнес  кәсіпорындарының  саны

2009 жылдың 1 қазанына

  тіркелгені жұмыс істеп тұрғандары
 
 
  бірлік
қорытын

дысына 

  % - бен 

барлығы олардан белсенділері
 
бірлік
қорытын

дысына    % - бен

 
бірлік
Қорытындысына      % - бен
Қазақстан Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солүстік  Қазақстан

Оңтүстік  Қазақстан

Астана  қаласы

Алматы  қаласы

140921 

4579

5532

6083

3588

9276

4136

2981

8963

5457

2699

3830

6839

3247

12900

11458

49553

100,0 

3,2

3,8

4,3

2,5

6,6

2,9

2,1

6,4

3,9

1,9

2,7

4,9

2,3

9,2

8,1

35,2

99993 

3337

4218

4451

3148

6650

2904

2555

6430

4252

2265

3149

5262

2669

8658

9428

30617

     3,3 

100,0

4,2

4,5

3,1

6,7

2,9

2,6

6,4

4,3

2,3

3,1

5,3

2,7

8,7

9,4

30,5

49635 

2447

1890

3226

1331

3663

1116

1377

3002

2218

1424

1387

2675

1402

3898

4476

14103

100,0 

4,9

3,8

6,5

2,7

7,4

2,2

2,8

6,0

4,5

2,9

2,8

6,4

2,8

7,9

9,0

28,4

 

         Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің  даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде  қабылданған көрсеткіші болып  табылады. Шағын бизнестің жұмыс  істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының  өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген. 
 

2-кесте     Өңірлер бойынша  шағын бизнес кәсіпорындары  мен шаруа      қожалықтарының 1000 тұрғынға  шаққандағы саны

2009 жылдың 1 сәуіріне

  жұмыс істеп тұрғандары олардан белсенділері тіркелгені олардан жұмыс істеп тұрғандары
Қазақстан Республикасы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағады

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік  Қазақстан

Астана  қаласы

Алматы  қаласы

6,3

4,7

5,8

2,7

6,5

4,4

2,8

4,1

5,0

4,5

3,6

8,6

8,6

3,7

3,7

16,5

24,0

3,2

2,6

2,4

2,0

2,9

2,5

1,2

2,2

2,3

2,4

2,2

3,7

3,7

1,9

1,4

8,0

12,1

25,6

11,2

15,4

35,6

7,6

22,3

20,5

10,9

25,3

18,7

7,3

8,6

13,5

14,2

46,6

0,0

0,0

20,7

7,0

10,8

28,8

4,6

21,2

15,8

8,1

21,0

9,9

2,9

4,1

8,8

10,9

41,0

0,0

0,0

  

            Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі  Алматы (1000 тұрғынға шаққанда 24 кәсіпорын)  және Астана  (16,5 кәсіпорын) қалаларында,  сондай-ақ Маңғыстау (8,6 кәсіпорын) және Павлодар  (6,9 кәсіпорын) облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда 46,6 шаруа қожалығы), Алматы  (35,6) және Қарағанды (25,3) облыстары көзге түседі.

          2009 жылдың 1 сәуіріне есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2008 жылдың 1 сәуіріне қарағанда 4 %-ға өсіп,  481,9 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %-дан астамы - сауда, автокөліктерді, тұрмыстық бұйымдарды  және  жеке  адамдар  пайдаланатын   заттарды   жөндеу   саласына қатысты   шағын   бизнес  кәсіпорындарында, 15,3 %-ы өнеркәсіпте, 14,9 %- ы - құрылыста болып табылады.

           Осы  көрсеткіштерді  негізге  ала отырып, республиканың шағын бизнес субъектілерінің  экономикада  қандай  орын  алатынын  айқын  көруге болады. Сондай-ақ, экономиканың күннен - күнге өркендеп дамып келе жатқанын да мемлекеттің жасап отырған қызметтерінен көруге болады.

             Сонымен бірге қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті несиелендірудің жаңаша шарттары жасалып, олар бойынша көптеген мақсатты бағыттыр жүзеге асырылуда деп айтуға болады.  
 
 

3-кесте      2009 жылғы  қаңтар-қыркүйекте  өңірлерді өнім  өткізуден түскен  табыс бойынша  бөлу 

Өңірлер Облыстар, қалалар Жалпы табыстағы үлес салмағы,%-бен
Қазақстан Республикасы

Орталық

Батыс 

Шығыс 

Солтүстік 

Оңтүстік 

Астана  қаласы

Алматы  қаласы

 
Ақмола,Қарағанды

Ақтөбе,Атырау,Батыс  Қазақстан,Маңғыстау

Алматы,Шығыс  Қазақстан 

Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан

Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан

Астана  қаласы

Алматы  қаласы

100,0

8,2 

11,7

13,9 
 

13,3 

6,9

8,8

37,2

                 

   2009 жылғы қаңтар - қыркүйекте шағын бизнес кәсіпорындарының дайын өнімін (тауардың, қызметтің) өткізуден түскен табыс 447 615,7 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде жалпы табыстағы аса қомақты үлестік салмақ Алматы қаласының (37,2 %), Шығыс   (13,9 %) және Солтүстік (13,3 %)  өңірлердің шағын бизнес кәсіпорындары еншісінде. 

 
 

  

ҚОРЫТЫНДЫ 

Курстық жұмысты аяқтай келіп ,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындардың керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындардың керектігі банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары: бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді; айрықша қажеттіліктерді(пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.

          Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.     Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Информация о работе Шағын бизнес