Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:05, реферат
Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.
Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, сауықтыру және юасқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді еңбек қызметі үдерісіндегі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және басқа да нормалар, ережелер, процедуралар мен критериилер бекітеді.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен тәртібімен, сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен жүзеге асырылады.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша нұсқаманы жасау және бекіту еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекіткен тәртібімен жұмыс беруші арылы жүзеге асырылады.
Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар:
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына жауап бермейтін өндіріс ғимараттарын, жобалау, салу және жөндеу, машина, механизм, жабдықтарды дайындауда құрастыру мен дайындау,технологияны жасау және пайдалануға жол берілмейді.
Жаңа немесе жөнделген өндіріс нысандары, өндіріс құралдары немесе басқа да өнім түрлері еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сай келмесе пайдалануға берілмейді.
Өндірістік нысандар еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша еңбек жағдайына байланысты міндетті мерзімді аттестациядан өтуі тиіс.
Өндіріске тиісті нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен қабылдау комиссиясында жасалады.
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары:
Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптары мен олардың қызметтік міндетіне сәйкес орналастырылуы тиіс.
Жұмыс құрылғылары сол жабдық түріне бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі керек, ескерту белгісі болуы қажет және жұмыс орнында жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құрылғыларымен жабдықталған болуы тиіс.
Жұмысшылардың апаттан шығатын жолдары мен шығу есіктері кез келген уақытта ашық болуы керек және ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа жеткізуі қажет.
Қауіпті аймақтар анық белгімен көрсетілуі қажет. Егер жұмыс орындар жұмысшыға қауіп төндіретін, құлайтын заттар орналасқан қауіпті аймақта болса, мұндай орындар бөгде адамдардың кіруіне кедергі келтіретіндей шектеулермен белгіленуі тиіс. Ұйым территориясы бойынша жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайда болуы тиіс.
Жұмысшылардың қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істеу үшін жеке қорғаныс құралдары болуы керек, соның ішінде биікте, жерасты жағдайында, ашық кеңістікте, теңіз қайраңы мен ішкі су қоймаларында.
Жұмыс орны орналасқан жерде жұмыс уақытында температура, жасанды және табиғи жарықтығы, сонымен қатар кеңістіктің желдеуі еңбек қауіпсіздігіне сәйкес келуі тиіс.
Жұмысшылар қауіпті еңбекке (шаң, газ және басқа да факторлар) тек қауіпсіз еңбек жағдайы жұмыс берушімен жасалғанда ғана кірісе алады.
24-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
мониторингi
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мониторингiн ұйымдастырады.
25-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы мемлекеттiк бақылау
Осы Заң мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. P010983
25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау туралы заңнамасын сақтау
жөнiндегi тексерулер, олардың түрлерi мен
нысандары
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) жоспарлы - мемлекеттiк орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ өтiнiштерге жедел назар аударуды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
2. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.
3. Жоспардан тыс тексерудi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалардың, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың өтiнiшi болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргiзiледi.
Анонимдiк өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiз болмайды.
4. Тексерудiң ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемi елеулi болғанда мемлекеттiк органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
26-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторы қызметiнiң кепiлi
Мемлекеттiк еңбек инспекторының өз құзыретiне сәйкес қызмет мiндеттерiн орындауына тексеру жүргiзуге жiбермеу, жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрiнде кедергi жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
27-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында кәсiпорындарға кедергiсiз баруға;
2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
3) жұмыс берушiлерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсiнiктемелер алуға;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кiнәлi заңды, лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5) қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);
6) жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiм мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға; V970321
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi, нормалар мен нұсқаулықтарды бiлуiн тексеруден, медициналық (алғашқы немесе мерзiмдi) куәландырудан өтпеген, тиiстi арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiмдi пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге; V950060 18-тармақ
8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактiлерi бойынша ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиiстi құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
28-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы
мiндеттерi
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; V940001
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезiнде және сапалы тексерулер жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштерiн жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтiрудi және талдауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;
7) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органды және басқа да мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;
8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы, соның iшiнде жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған (тыйым салынған) кезде материалдар әзiрлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жiберуге;
9) азаматтардың, ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi арыздарын, өтiнiштерi мен ұсыныстарын дер кезiнде қарауға;
10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiлiктiлiк талаптарына сәйкес қажеттi әзiрлiгi болуға;
11) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде алған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге мiндеттi.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары, мемлекеттiк еңбек инспекторларының осы бапта тiзiп көрсетiлген мiндеттерiнен басқа:
1) уәкiлеттi органды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;
2) уәкiлеттi орган белгiлеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты жүргiзуге және тоқсан сайын уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.
29-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды
қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарын бұзушылықтың белгiлi болуына қарай, мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары мынадай актiлер шығарады:
1) нұсқама:
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы;
еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлерге аттестаттау жүргiзу туралы;
өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде профилактикалық жұмыстар жүргiзу туралы;
жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды және тұтастай ұйымдарды қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата түру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
2. Актiлердiң нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Информация о работе Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері мен қызметтері