Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 08:42, реферат
Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтынқатынастармен сипатталады. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық.
Өндіріс түрі байланыс
түрімен, яғни шаруашылық
Натуралды шаруашылық дегеніміз - патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды. Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды.Натуралдық өндірістегі еңбек өнімдерімен алмасу тікелей натуралдық, заттай өлшем бірлігі бойынша қауым мүшелерінің тірлік етуіне, қажеттілігіне қарай жасалады.Мұнда бөліс теңдестіру сипатында жүреді, ал топтар арасындағы өнім алмасу болмады. Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі дегенді білмеді, ал өнімді өздері тұтынды. Әрі қарай, натуралдық өндіріс заңдылықтары өз-өзінше қайшы келді де, тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды.
Тауарлы өндірісті өмірге алып келген себеп біріншіден, жекеменшіктен туындаған өндірісшілердің (шаруашылықтардың) экономикалық оқшаулылығы. Екіншіден, қоғамдық еңбек бөлісуінің бұл жердегі маңызы, ол ақшалы- тауарлы айырбас қатынастарының орын алуына қажетті жағдайларды жасайды. Тауарлы қарым-қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан жеке тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығына қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға жақындады. Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас эквиваленттілігімен сипатталады. Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді. Және бұл жаңа тауарлық қатынастың әлпетін айқындайтын тауар – жұмыс күші алмасуы негізінде пайда болады. Өндіріс саласындағы өзгерістерге
байланысты айналым, бөліс, тұтыну саласында да өзгерістер жүріп жатады. Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие. Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. А.Смит еңбек бөлісуінің ролін былай деп түсіндірген: жұмысшылардың мамандығы мен шеберлігінің өсуі, машиналарды ойлап табу еңбекті жеңілдетіп, қысқартады, бір адамға бірнеше адамға жүктелетін жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Әрбір жұмысшы өзінің қажеттіліктерінен асып түсетіндей өнім өндіруі мүмкін; басқа жұмыскерлер де дәл осындай болатындықтан, ол өзі өндірген өнімнің үлкен бөлігін басқалар өндірген өнімнің үлкен бөлігіне айырбастай алады
Натуралды шаруашылық |
Тауарлы шаруашылық |
Натуралды шаруашылықтарда (құл иеленушілік, феодализм) тұтыну өндірістің тікелей мақсаты. Натуралды шаруашылық еңбек өнімдері рынокқа түсетін айырбас үшін емес, ең алдымен өндірушілердің өз қажеттерін өтеу үшін ұйымдасатын шаруашылық. Мұнда еңбек өнімі тұтынушының қолына тікелей бөлу жолымен тиеді. Натуралды шаруашылық әрі тұйық, әрі тұрақты, әрі өсуі де баяу. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. |
Тауарлық, рыноктық шаруашылық жүйесінде өндірістің тікелей мақсаты пайда табу. Жекелей өндірушілердің бір- Тауар өндірісінің алғы шарты тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуге ерікті болуы қажет. Тауар өндірісі жұмыс уақытын үнемдеу
мен еңбек өнімділігін Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады |
Қорытынды: Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:
Мүлтіксіз сақталынуы
Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі. Міне, натуралды және тауарлы шаруашылықтардың өзіндік жаңалығы болып табылатын дүниесі бүгінгі таңда оның дамыған, түрленген формасына ауысып кәдемізге жарап отыр.Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің жеке ерекшелігін сақтап, дамыта отырып, бірте бірте қоғамдық сипатқа ие бола бастайды. Қоғамдық дамудың бүкіл тарихы көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында, әсіресе ғылыми-техникалық процестің қарқындылығымен байланысты болып табылады. Жоғарыда көрсетілгендей қоғамдық өндірістің формаларын, яғни натуралдық және тауарлық шаруашылығын талдай, салыстыра отырып, адамзат қоғамының дамуымен бірге өндірістер арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктері анық көре аламыз. Қоғамдық өндірістің адам өміріндегі орны мен рөлі зор. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға ие болып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: