Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 16:53, реферат

Описание работы

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі – кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді:
Қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі / негізгі өндірістік қорлардың
орташа жылдық қалдық құны ) – негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін сипаттайды.
· Қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық
қалдық құны / жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі қорлары пайдаланылғанын сипаттайды.

Работа содержит 1 файл

21.docx

— 77.36 Кб (Скачать)

Негізгі қорларды пайдалану  тиімділігін талдау 

 

 

         Негізгі құралдарды  пайдалану тиімділігі – кәсіпорын  қызметінің нәтижелілігін анықтаушы  негізгі факторлардың бірі. Негізгі  құралдарды пайдалану тиімділігіне  баға беру үшін келесідей көрсеткіштер  жүйесі есептелінеді:

  • Қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі / негізгі өндірістік қорлардың

орташа жылдық қалдық құны ) – негізгі  өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін  сипаттайды.

·        Қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық

қалдық құны / жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі қорлары пайдаланылғанын  сипаттайды.        

 Қор қайтарымы (Н) мен қор  сыйымдылығы (С) бір-біріне кері  көрсеткіш болғандықтан, олардың  арасында келесідей байланыс  бар: 

 

Н =    немесе  С = 

·        Қорлардың рентабельділігі  (таза табыс / негізгі өндірістік

қорлардың орташа жылдық қалдық құны) – негізгі құралдардың 1 теңгесіне  неше теңге пайда алынғанын сипаттайды.

·        Негізгі қорлардың салыстырмалы үнемі  не артықшылығы: 

 

+-Эн.ө.қ. = Ф– Ф*Iж.ө. 

 

 

     Мұндағы: Ф– негізгі өндірістік қорлардың базисті (жоспарлы)

және есепті кезеңдегі орташа жылдық құны; Iж.ө. – жалпы өнім көлемінің индексі.        

 Осы көрсеткіштердің динамикасы 1- кестеде келтірілген. 

 

1-Кесте. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Қор сыйымдылығы, тг

0,406

0,402

-0,004

-1,0

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х


 

         

 Кесте мәліметтері бойынша  қор қайтарымы өсіп отыр, ол  негізгі қорларды пайдалану тиімділігі  артқанын сипаттайды. Сонымен бірге,  қор қайтарымының өсуі жалпы өнім көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі. Оны сипаттау үшін жалпы өнім көлемін келесідей үлгімен бейнелеуге болады:

Q = Ф* Н 

 

Мұндағы: Ф  – негізі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны; Н –қор қайтарымы.

10.3 –кесте  мәліметтері бойынша жалпы өнім  құны 4945 мың теңгеге кеміп отыр, оның ішінде:

а) Негізгі  қорлар құнының жоспарлы деңгейден 2890 мың теңгеге кемуінен жалпы  өнім құны 7114   теңгеге кеміді:

– Ф0) * Н= (77600-80490)*2,4616 = - 7114 мың тг.

б) Қор қайтарымының  0,027 теңгеге жоғарылауынан  жалпы өнім құны 2169 мың   теңгеге өсті:

– Н0) * Ф= (2,4896– 2,4616)* 77600 = +2169  мың тг.

Яғни, сапалық  фактордың  артуы  әсерінен болған жалпы өнім көлемінің өсімі сандық фактордың  кемуі әсерінен болған жалпы өнімнің кемуінен аз, сол себепті жалпы өнім көлемі кеміп отыр. 

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш – қорлардың рентабельділігі. Талданып отырған кәсіпорында қор қайтарымы өсіп, өнімнің қор сыйымдылығы кемігенімен, қорлардың рентабельділігі төмендеп отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (RФ) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабельділігінен (RӨ) тәуелді: 

 

RФ = Н * RӨ 

 

Жоғарыдағы  екі фактордың қорлардың рентабельділігіне әсері 2-кестеде келтірілген. 

 

10.4-Кесте. Қорлардың рентабельділігінің  өзгерісіне  факторлардың әсері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Өнімнің рентабельділігі, %

18,94

15,33

-3,61

х

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х

Қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне факторлардың әсері, %:

- қор қайтарымының өзгерісі

- өнім рентабельділігінің  өзгерісі

 

 

 

х

х

 

 

 

х

х

 

 

 

+0,51

-8,99

 

 

 

х

х


 

      

10.4 –кесте мәліметтері бойынша қорлардың рентабельділігінің

нақты деңгейі жоспарлы деңгейден 8,48 пайыздық пунктке төмен, яғни қорлардың 100 теңгесіне шаққанда 8,48 теңге табыс  кем алынған. Оның өзгерісіне қор  қайтарымы мен өнімнің рентабельділігі  қалайша әсер еткендігін анықтау  үшін абсолютті айырмашылықтар әдісін қолдануға болады.        

 Қор қайтарымының 0,027 теңгеге  жоғарылауынан қорлардың рентабельділігі  0,51 пайыздық пунктке жоғарылады: 

 

(2,489 – 2,462) * 18,94 = +0,51 %. 

 

 

         Өнімнің рентабельділігінің 3,61 пайыздық пунктке төмендеуінен  қорлардың рентабельділігі  8,99 пайыздық пунктке төмендеді:

(15,33 – 18,94) * 2,489 = - 8,99 %.

 

Кәсіпорынның  негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау. Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі – олардың өндірістік негізгі қорлармен қажетті көлемде қамтамасыз етілуі және оларды неғұрлым тиімді пайдалану. Сол себепті талдау барысында келесі міндеттер шешілуі керек:

·        кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі мен оларды пайдалану тиімділігін талдау;

·        негізгі қорларды пайдалану деңгейіне факторлардың әсерін анықтау;

·        негізгі қорларды пайдалану деңгейінің өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау;

·        негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

Негізгі құралдарды пайдалануды талдау негізгі құралдардың

құрамы мен құрылымын талдаудан  басталады (10.1-кесте). 

 

10.1-Кесте . Негізгі құралдардың  құрамы мен құрылымы, жыл соңына  бастапқы құнмен 

 

Негізгі құралдар түрлері

Құны,

мың тг.

Құрылымы,

Өзгеріс, +-

жоспар

нақты

жоспар

нақты

мың тг

%

пункт

Ғимараттар мен құрылыстар

29797

38776

21,2

24,2

+8979

+30,1

+3,0

Беріліс құралдары

19396

26278

13,8

16,4

+6882

+35,5

+2,6

Көлік құралдары

21926

29803

15,6

18,6

+7877

+35,9

+3,0

Машиналар мен жабдықтар

34575

43582

24,6

27,2

+9007

+26,1

+2,6

Басқа да

34856

31791

24,8

13,6

-3065

-8,8

-11,6

Барлығы:

- өндірістік

- өндірістік емес

140550

120310

20240

160230

131246

28984

100,0

85,6

14,4

100,0

81,9

18,1

+19680

+10936

+8744

+14,0

+9,1

+43,2

х

-3,7

+3,7


 

         

 Негізгі құралдарды пайдалануды  талдауда олардың қозғалысы мен  жағдайын талдау үлкен мәнге  ие. Оларды талдау үшін келесідей  көрсеткіштер есептеледі: 

 

1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (КЖ) – негізгі құралдардың жыл соңындағы құнындағы осы жылы келіп түскен қорлардың үлесін сипаттайды: 

 

 

                   

 

 

 

2. Қорлардың жаңару мерзімі (Жм) :

        

        

 

3. Шығу коэффициенті (Кш) – негізгі құралдардың жыл басындағы құнының қай бөлігі жыл ішінде   есептен шығарылғанын сипатайды: 

 

 

 

 

 

4. Қорлар құнының арту қарқыны (+-%) – негізгі қорлар құны жыл ішінде неше пайызға өзгергендігін сипаттайды: 

 

 

 

5. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті (КТ) – негізгі құралдардың бастапқы құнының қанша бөлігі өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар түрінде ауысқандығын сипаттайды: 

 

 

            

 

 

6. Негізгі құралдардың  жарамдылық коэффициенті (Кжар.):  

 

 

       

         

 Қорлардың қызмет мерзімі  мен моральдық тозу деңгейіне  баға беру үшін қорлар қызмет  ету мерзімі бойынша топтастырылып  (5 жылға дейін, 5-10 жыл, 10-20 жыл, т.б.), құралдардың орташа қызмет ету  мерзімі анықталады.        

 Кәсіпорынның құрал-жабдықтардың, механизмдердің, көлік құралдарының  жеке түрлерімен қамтамасыз етілуі  олардың нақты қолда барын  жоспарлы қажеттілікпен салыстыру  арқылы анықталады. Ал кәсіпорынның  негізгі өндірістік қорлармен  қамтамасыз етілуінің жалпылаушы  көрсеткіштері – еңбектің қормен қарулануы мен  еңбектің техникалық қарулануы.        

 Еңбектің қормен  қарулануы өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер  санына бөлу арқылы анықталады, яғни 1 жұмыскерге келетін негізгі өндірістік қорлар құны.         

Еңбектің техникалық қарулануы өндірістік құрал-жабдықтардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер  санына бөлу арқылы анықталады.        

 Жұмыскерлерді қорлармен қамтамасыз  етудің нәтижесіне баға беру  үшін еңбектің қормен қарулануының  арту қарқыны еңбек өнімділігінің  өсуімен салыстырылады. Еңбек  өнімділігінің өсуі қормен қаруландырудың  өсу қарқынынан алда болғаны  дұрыс. 

 

10.2 –Кесте. Негізгі қорлардың қозғалысы  мен жағдайының көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

+,-

Негізгі қорлардың жыл басындағы  құны, мың тг

145610

140550

-5060

Келіп түскен қорлар құны, мың тг

8340

30800

+22460

Есептен шыққан қорлар құны, мың тг

13400

11120

-2280

Негізгі қорлардың жыл соңындағы  құны, мың тг

140550

160230

+19680

Жинақталған тозу сомасы, мың тг:

-жыл басы

-жыл соңы

 

56740

68440

 

68440

77140

 

+11700

+8700

Негізгі қорлардың қалдық құны, мың  тг:

- жыл басы

- жыл соңы

 

88870

72110

 

72110

83090

 

-16760

+10980

Жаңару коэффициенті, %

5,9

19,2

+13,3

Жаңару мерзімі, жыл

17,4

4,6

-12,8

Шығу коэффициенті, %

9,2

7,9

-1,3

Арту қарқыны, %

-3,5

+14,0

+17,5

Жарамдылық коэффициенті, %:

- жыл басы

- жыл соңы

 

61,0

51,3

 

51,3

51,9

 

-9,7

+0,6

Тозу коэффициенті, %:

- жыл басы

-жыл соңы

 

39,0

48,7

 

48,7

48,1

 

+9,7

-0,6


 

         

10.2-кесте мәліметтері бойынша  негізгі құралдардың нақты құнының  19,2 пайызы осы жылы өндіріске  енгізілген, егер негізгі қорлар  осы қарқынмен ауыстырылса, онда  толықтай 4,6 жылда бір рет  жаңарып шығады. Жыл басымен салыстырғанда қорлар құны 14 % ға артқан, сонымен бірге  негізгі қорлар құнының жартысына жуығы өнімнің өзіндік құнына ауысып үлгерген, демек қорларды техникалық тозған деп айтуға болады. 

Информация о работе Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау