Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:12, реферат

Описание работы

Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екенін кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су тағы да басқа игіліктер туралы сөз болу керек.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.
Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі.
1) Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
2) Еңбек нарығы
3) Жер нарығы
4) Капитал нарығы
5) Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

эконом теория срс.docx

— 42.33 Кб (Скачать)

                                            Жоспар

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

 

Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.

Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі.

 

1) Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

2) Еңбек нарығы

3) Жер нарығы

4) Капитал нарығы

5) Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі

 

 III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

Кіріспе

     Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екенін кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал  және жер. Мұнда еңбек белгілі пайдалыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су тағы да басқа игіліктер туралы сөз болу керек.

     Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шыңдығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шыңайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарай даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыда ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терен тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралды шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасап жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болды – өнім қауым мүшелері, құл иеленуші, феодал, олардың отбасымен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.

Экономикалық ресурстар  және өндіріс факторлары

 

    Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

     Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

    Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

    Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

    Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

    Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

    Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

    Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

    Ресурстар төрт  түрлі болады:

1. «Табиғи» — өндірісте  қолдану үшін  әлеуметтік, пайдалы  табиғи күштер мен заттар, олар  «таусылатын», «қалпына келтіретін»  немесе «қалпына келтірмейтін»  болып ажыратылады.

2. «Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық,  кәсіптік-біліктілік және мәдени  білім беру» параметрлері бойынша  бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» — қоғам  өндірісті ұйымдастыру үшін  ақша  қаражаттарын бөлуі болып табылады.

    Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды  құрайды.

    Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.

    Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да соғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да  ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығы

 

         Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

    Еңбек нарығына тән қасиеттер:

  • жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
  • әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
  • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;
  • жұмыс жалақының мөлшерімен бағалануы.

    Қазіргі теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады.

 Кең  мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді.

Тар мағынада, жалақы – пайдаланған  еңбек бірлігінің бағасы.

    Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.

    Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

    Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.       Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

  1. Номиналды жалақыға.
  2. Еңбеккердің тұтыну және әл- ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

    Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

    Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

    П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

  • Халықтың жалпы саны;
  • Жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
  • Белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);
  • Халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

    Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

    Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

    Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

    Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

  • мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;
  • келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Капитал нарығы

    Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

    Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

  • Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
  • Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

    Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

    Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

    Капитал нарығы орташа және ұзақ мерзімді қорлардың (ақша, бағалы қағаздар) қозғалысын жүзеге асырады. Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру үшін капитал нарығының негізгі құралдарына тоқталайық

    1. Корпорациялардың акциялары – бұл бірнеше жеке тұлға мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын жинастыра отырып акциялық қоғам ашып, сол қоғамға иелік ету. өз үлесін қосқан акционар түскен табыстан өз үлесін алуға және акционерлік қоғамды басқаруға, шешім қабылдауға құқылы болады.

    2. Корпарациялық облигациялар – бұл корпарацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін растайтын құнды қағаздардың бір түрі.

     3. Мемлекеттің ұзақ мерзімді құнды қағаздары – бұл мемлекет тарапынан шығын әртүрлі құнды қағаздаар. Ол мемлекеттің қарыздарын облигацияла, векселдер сияқты құнды қағаздар.

     4. Жергілікті әкімшіліктердің құнды қағаздары – бұл обылыс, ауданн, район бойынша жергіліктімекелердің республиа және заңды тұлғалар арасындағы жүретін құнды қағаздар.

Информация о работе Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі