Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 14:19, доклад
Большая часть страны располагается на Восточно-африканском плоскогорье. Территория Танзании захватывает часть крупнейших озёр Африки — озеро Виктория на севере, озеро Танганьика (которое часто называют двойником Байкала) на западе, и озеро Ньяса — на юге Танзании. Самые высокие горы Африки Килиманджаро (5895 м). Общая протяжённость границ составляет 3 402 км, из них с Бурунди — 451 км, с Кенией — 769 км, Малави — 475 км, с Мозамбиком — 756 км, с Руандой — 217 км, с Угандой — 396 км и с Замбией — 338 км, с Демократической Республикой Конго 473 км
Абай Құнанбаев |
Абай (Ибраһим Құнанбаев) (1845- 1904) - ұлы ақын, философ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының рухани көсемі дәрежесіне көтерілген кемеңгер адам. Туып-өскен жері — Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Философиялық пайым деңгейінің жоғарылығы - А. шығармашылығы даралықтарының бірі. А. ұлы ақын ретінде, философ ретінде әлемдік деңгейде мойындалып, танылған тұлға.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Адамгершілік туралы Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек Адамгершілік туралы
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық, Қатты керек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпей талмай талап ізденеді, Осыдан кеп шығады адамшылық. Адамгершілік туралы Ақыл - жан қуаты. Ақыл-ой туралы Пайда менен залалды - ақыл айырады. Ақыл-ой туралы Ақылмен ойлап білген сөз, Бойға жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырда қуалар. Ақыл-ой турлы Ақыл, сезім болмаса, Тіршіліктің несі сән. Ақыл-ой туралы Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда, Көбінің сырты - бүтін, іші - түтін. Ақыл-ой туралы Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Ақыл-ой туралы Ақылсыз би болмас, Сәулесіз үй болмас. Ақыл-ой туралы Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Ақыл-ой туралы Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да, қуғанға Ақыл-ой туралы Зерек ақыл - суық мұз. Ақыл-ой туралы Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес. Ой артынан ой қуар, Желге мінсең жеткізбе Ақыл-ой туралы Ақыл - тапқыр ой, түбі - жүрек. Ақыл-ой туралы Нысап пен ұят әділеттен шығады. Ар-намыс, ұят туралы Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар. Ар-намыс, ұят туралы Арсыз болмай - атақ жоқ. Ар-намыс,ұят туралы Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын. Ар-намыс, ұят туралы Арыңды сатып тапқан мал - харам. Ар-намыс, ұят туралы Пайда ойлама - ар ойла. Ар-намыс, ұят туралы Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Ар-намыс, ұят туралы Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді. Байлық-кедейлік туралы Пейілі кедей байдан сақта. Байлық-кедейлік туралы Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылық. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым - алланың бір сипаты. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Ғылым-білім, өнер туралы Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз. Ғылым-білім, өнер туралы Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық. Ғылым-білім, өнер туралы
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың. Достық туралы Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас. Достық туралы Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай? Достық туралы Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату, Тілеуі, жақындығы - бәрі сату. Достық туралы Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең - істің бәрі бос. Достық туралы Жас күнде кімді көрсең - бәрі. Достық туралы Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас. Достық туралы Жау қожандап бұртиып, Дос құбылып әуре етер Достық туралы Жауға - мылтық, досқа - ынтық. Достық туралы Досқа - жаз, жауға - аяз. Достық туралы Әйел адам - гүлмен тең. Әйел, ана туралы Жақсы әйел - ері ұялар іс қылмайды. Әйел, ана туралы Баланың мал табары болады, мал шашары болады. Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын. Еңбек туралы Өзің үшін еңбек қылсаң - өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң - алланың сүйген құлының бірі боласың. Еңбек туралы Биік мансап - биік жартас: ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Еңбек туралы Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбек қылсаң қара жер де құр тастамайды. Еңбек туралы Қолдан келмес іске ұмтыл - азат басың болсын құл. Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін. Еңбек туралы Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. Еңбек туралы Адамзатқа тірлік - дәулет. Еңбек туралы Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл. Еңбек туралы Еңбек ет, өзіңді, отбасыңды асыра, бала-шағаңның қамын ойла - өзіңе де жақсы, үкіметке де жақсы. Еңбек туралы Жаманмен салысып жақсы болмайсың. Еңбек туралы Жақсылық - ұзақ тұрмайды, Жамандық - әркез тозбайды. Жақсы мен жаман туралы Жақсы - жаны еріп тыңдайды. Жақсы мен жаман туралы Жақсының - жолы ашық. Жақсы мен жаман туралы Жақсылық- ұмыт,жаңылыс- кек. Жақсы мен жаман туралы Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел. Қоғам, мемлекет, заман туралы Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек. Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек. Қоғам, мемлекет, заман туралы Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?! Иман - парыз. Дін, иман туралы Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. Дін, иман туралы Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта! Дін, иман туралы Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес. Дін, иман туралы Адамды сүй, алланың хикметін сүй. Дін, иман туралы Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас. Дін, иман туралы Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды. Дін, иман туралы Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім, Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай. Дін, иман туралы Адалды арамға сатқанды құдай құп көрмейді. Дін, иман туралы Сен асыққан екен деп - алла өмірін өзгертпес. Дін, иман туралы О да - құдай пендесі, Түспей кетер деймісің, Тәңірінің құрған тезіне! Дін, иман туралы Алла асыраған пенде аш болмайды. Дін, иман туралы Жастықта бір күлгенің - бір қаралық. Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй. Махаббат туралы Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол. Махаббат туралы Махаббат - өмір көркі. Махаббат туралы Махаббатсыз дүние бос - Хайуанға оны қосыңдар. Махаббат туралы Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті. Махаббат туралы Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. Махаббат туралы Бұл өмірдің қызығы махаббатпен. Махаббат туралы Махаббат кетті, дос кетті - Жете алмайсың, тоқтайсың. Махаббат туралы Сүйсінбесең - сүйме. Махаббат туралы Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық. Мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі. Мінез-құлық туралы Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады. Мінез-құлық туралы Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Мінез-құлық туралы Ашулы адамның сөзі аз болса - ыза қуаты артында болғаны. Мінез-құлық туралы Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл. Мінез-құлық туралы Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық. Мінез-құлық туралы Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Мінез-құлық туралы Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық. Мінез-құлық туралы Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Қайратсыз, қорқақ кісі - мақтаншақ келеді. Жинақылықтың түбі - кеніш. Уайым - қайғының ішіне кіріп алып, шығар есін таба алмай қамалып қалу - антұрғандық. Мінез-құлық туралы Бірлік малға сатылса - антұрғандықтың басы осы. Мінез-құлық туралы Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ - Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс көнсеңіз. Мінез-құлық туралы Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды - Әдеті надан адамның. Мінез-құлық туралы Кекшіл болма - көпшіл бол. Мінез-құлық туралы Дұшпаныңа әділ бол. Мінез-құлық туралы Асығыс түбі - өкініш. Мінез-құлық туралы Түзде - мырзаң, үйде - сырдаң. Мінез-құлық туралы Момыннан жаман қорқақ жоқ. Мінез-құлық туралы Тұрлаусыздың қолынан түк келмейді. Мінез-құлық туралы Өзінде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Мінез-құлық туралы Күндестік шырық бұзады. Мінез-құлық туралы Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын. Мінез-құлық туралы Қулық пен құбылудан жалығудың өзі - жақсылық Мінез-құлық туралы Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар- құдай қарғағандар. Мінез-құлық туралы Өсек тасып құмардан шығатындар болады. Мінез-құлық туралы Құмарлық - нәпсі құлы. Мінез-құлық туралы Қулық та - бір дерт. Мінез-құлық туралы Ішсем, жесем, ұйықтасам - тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен - жан құмары. Мінез-құлық туралы Бақастық күншілдікті зорайтып, адамшылықты азайтады. Мінез-құлық туралы Көрсеқызар, күнде асық - дуаналық. Мінез-құлық туралы Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық. Мінез-құлық туралы Жеңсікқойлық - тез тозар. Мінез-құлық туралы Ынсапсыз істің ақ-қарасына қарамайды. Мінез-құлық туралы Өсекші - ел тыныш болса азады. Мінез-құлық туралы Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады. Мінез-құлық туралы Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас. Мінез-құлық туралы Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу. Мінез-құлық туралы Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт себеп бар: бірінші - көкірегі байлаулы беріктік, екінші - ғибратлану, тұщынып, ынтамен ұғу, үшінші бірнеше қайтара ойланып, көңілге бекіту, төртінші - ойдың кеселді нәрселерден қашық болуы керек. Мінез-құлық туралы Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы. Өлең туралы Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың. Өлең туралы Тіл өнері дертпен тең. Тіл туралы Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді. Тіл туралы Татулықтан артық жолдас жоқ. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы Малға достың - мұңы жоқ малдан басқа. Төрт түлік мал туралы Жетім қозы тасбауыр, Түңілер де отығар. Төрт түлік мал туралы Мал өмірді жалғамайды. Төрт түлік мал туралы
|