Нарықтық баға құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 15:01, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І-Тарау. Баға құрылымы
1.1. Бағаның қалыптасуындағы теориялар..................................................4-7
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.............................................7-9
ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу................................................................10-11
2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс.............................................................. 11-12

ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға жүйесі
3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері..................12-15

Қорытынды.............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................17
Қосымшалар..........................................................................

Работа содержит 1 файл

бага курылуы курсовой.doc

— 108.00 Кб (Скачать)

   Қазақстан Республикасының халықаралық  экономикалық қатынастарын дамытуда  орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекет аралық реттеу объектісі  болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде. 

  2.2. Баға, сұраныс және ұсыныс 

    Бағаны  тұрақтандыруда   бағаға  әсер  ететін  сұраныс   пен ұсыныс   ұғымдарына  мән берілуі қажет. Әр   түрлі тауарлардың бір бірінен   сұраныс   пен   ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру  деңгейімен  ерекшеленеді. 

   Бұл  жерде  көңіл  аударатын   негізгі  мәселе   сатып   алушылардың  сатушыларға  төлейтін  ақшасының  жалпы  сомасы  болып   табылады.  Сатушының  жалпы  саудадан   түсіргені    барлық  уақытта  бағаны  сатылған    тауардың  санына  көбейткенге    Р х О тең. 

      Нарықтағы   сұраныс  көлемінің   баға  төмендегенде   қандай  мөлшерде  өсетіндігі  немесе  баға  өскенде  кемитіндігі   бағаға  байланысты   сұраныстың  икемділігінің  дәрежесін   сипаттайды.

       Сұраныс   икемділігінің  бағаға  байланысты  коэффициенті  Еd  былайша  анықталады:

ΔQ     ΔР   

Еd=            :               ;      

Q           Р

        Сұраныстың  икемділігі  туралы  пайымдаулар   жалпы  бағаның   ұсынысқа  әсерін   талдағанда  да  қолдануға   болады.  Ұсыныстың   икемділігі   ол  нарыққа шығарылған    тауарлардың санының бәсекелік бағаның   салыстырмалы  өзгеруіне сәйкес   салыстырмалы  өзгеруінің  көрсеткіші.  Ұсыныстың икемділік коэффициенті   Еs:

ΔQ     ΔР   

Еs=            :               ;      

Q           Р

   Немесе  жоғарыда  айтылған   ойларды  арнайы  математикалық   модельдеу  үлгісінде   жанама  сызықтармен   сипаттауға  да   болады.  Бұл  әдістер   бағаны   тұрақтандырудың  сенімді   әрі  алдын  ала   бірнеше  мерзімге  дейінгі  уақыттарды   қамтиды.  Енді  джәл   сондай  математикалық   модельдеудің  үлгісінің  алгоритмі  ұсынылады: f(x)=0  түріндегі өрнек x = j(x) түріне  ауыстырылады .  

   Мысалы:                      

                                          

   Алғашқы  жанасу  есебінде x0  мына  аралықтағы [a; b] кез келген   нүкте алынады. Бұдан әрі процесс мынадай сұлбада іске  асырылады: x1 = j(x0)

                                                  x1 = j(x0)

                                                  x2 = j(x1)

                                                  x3 = j(x2) 

   Жоғарыдағы  теңдіктерді  ескере  отырып,  мынадай  жалпы  өрнек  құрастыруға  болады:

                                                xn+1 = j(xn)

   Шешілетін   өрнек  мынадай   шартқа  негізделген: 

                                                

   Бұл  әдісті  қолдану  үшін   математикалық   модельдеу  үлгісінің  мынадай  реттілігі   орындалады:                .

Алгоритмнің  блок – сызбасы:

Басталуы

x0, e

x = f(x0)

Да

x0 = x

x, F0

соңы.

      Экономикалық теорияда баға  тұрақтандырудың монетаристік бағыты ақшаның сандық жағына ерекше назар аударады да, өндірісті ұлғайту, еңбек өнімділігі, тауар құны деген категориялар жайына қалады.

     Монетарлық теориялардың бірнешеуіне тоқталайық: мысалы ағылшын экономистері А.Маршалл және тағы басқалары мынадай теңдік ұсынады: Ms - kPY, мұндағы Ms - ақшаның номиналды саны, k - табыс пен қажетті ақша пропорциясы (тұрақты деп есептеледі); Р - бағаның абсолютті деңгейі; У - нақты табыс. Егер К мен У тұрақты болса ақша ұсыныстың саны ( Ms ) бағаның (Р) өсуіне әкеледі. Ақша туралы неоклассикалық теорияда ақшаға сұраныс  (МВ-КРУ) жоғарыдағы формулаға жақын анықталады. Бірақ бұл теорияны жақтаушылар нарық жағдайындағы тепе-теңдікті білдіретін формуланы ұсынады:  Ms -МД - яғни нарықта ақшаны ұсыну ( Ms ) оған деген сұраныспен тең болатынына сенеді. Үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарындағы капиталистік елдерді түгел қамтыған "ұлы дағдарыстан" шығарған Дж.Кейнс ақшаны жинап, сақтаудың үш психологиялық көзіне көңіл аударады: іскерлік үшін, алыпсатарлық және сақтық, болашақ үшін ақша. Сөйтіп ақшаға сұранысты Кейнс былай көрсетеді: 

      МД-МД1+МД2=L1(У)+L2(r-r)  

мұндағы:

       МД1 - іске қалдырылған ақшаға сұраныс;

       МД2 - алыпсатарлық сұраныс;

       r - нарықтық ставка проценті,

       r - күтілген процент нормасы.

Монетарлық  теорияны тереңдетіп, ақшаның қызметін күшейтіп, оның беделін көтеруге көп  үлес қосқан экономист - М.Фридмен. Ол ақшаға сұраныстың таза теориясын ұсынды.   

       МД=РF (rb, re, p, h, y, и). 

       Мұндағы әріптердің мәні:

       МД - номиналды ақша қалдықтарына жоспарлы сұраныс.

       Р - бағаның абсолютті деңгейі.

       rb - облигацияның проценттік нормасы.

       re - акция табысының нарықтық курсы.

       р - баға өзгерістерінің қарқыны.

      һ - ұлттық байлықтың заттай құрылымдары.

       у - тұрақты бағадағы ұлттық табыс.

      и - ақшаға сұраныстың басқа факторлары.

       Көріп отырғанымыздай, монетарлық  теорияда ақшаны ұсыну мен  оған сұраныстың қарапайым жай  түрінен күрделі жағдайларына  дейін дамып отырған. Ең бастысы  мұнда ақшаның М1, М2, М3 деген түрлеріне, акциядан, облигациядан түсетін табыстың процент нормаларына ерекше назар аударылған. Айталық, М1 ақшалары кәсіпкерлер мен іскер адамдарға, сауда мен өндіріс саласына қажетті ақшалар. Ал М2, М3 ақшалары - М2 және банктегі ақшаларды, акция, облигациядан түсетін проценттерді қосып алады. Егер Қазақстанда 22-00-дей әр түрлі банктер: мемлекеттік, халықтық, коммерциялық және жеке банктер бар екенін ескерсек, айналысқа қажетті ақшаны компьютер машинасының өздері де есептеп шығаруы қиын, ал үкіметтің ақша станоктері күндіз-түні істеп, ақша жасап үлгере алмай келеді. Айналысқа ақшаны көп шығару инфляцияны күшейтетінін елдің бәрі біледі. Нарыққа көшкенге дейін айналысқа керекті ақшаны  К.Маркс өзінің ұсынған қарапайым формуласымен анықталды: ол тауар бағаларының барлық сомасын айналыс санына бөлгенге тең. Әрине ақша айналысына, айналысқа қажет ақшаға несиеге берілген тауарлар және басқа факторлар да әсер етеді. Қалай болса да нарыққа көшкенге дейін мемлекеттік банк ақша айналысына әсер етіп отырды. Шет елдерде, әсіресе, АҚШ-та жалпы ақша айналысын реттеп, қаржы-несие саясатын жүргізетін орталық банк, федералдық резервтік жүйе бар. Ол - банктердің банкісі. Басқа банктер оның қас-қабағына қарап әрекет етеді. Федералдық резервтік жүйе макроэкономикалық деңгейде қызмет атқарады. ең бастысы, банктік резервтерге бақылау жасап, осы арқылы ақша мен несиені ұсынуды реттеп отырады.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының  баға жүйесі

         3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері              

         Нарық    экономикасына    өту    жағдайында    және     экономикалық    дағдарысты     жоюда,      макроэкономикалық     тұрақтылыққа     қол     жеткізуде    ҚР    бағаны   тұрақтандыру      маңызды    роль    атқарады.

          Қазіргі     уақытта    қалыптасқан    екі    деңгейлі     банктік     жүйенің     қызмет     етуіне     байланысты     жасалған     талдауда,     олардың     көрсетіп     отырғанындай,    кемшіліктердің    басым    бөлігі    банктер    қызметін    реттейтін     нормативтік     базаны     жасаудағы   артта    қалушылық       және    оның    іске    асырылуына     іс    жүзінде    бақылау     жасау      механизмдеріндегі     кемшіліктермен     сипатталады.

     Қазақстан   өз  тәжірибесінде   көптеген   баға   тұрақтандыру  мәселелеріне  байланысты  басты   сұрақтардың  шешімін   тиімді  етіп   шешіп   келеді  және  шешу  үстінде. Осы   тұрғыда  мемлекет   баға   тұрақтандыру    шараларын   қалыптастырып   үлгерді. 

  • Банкноталарды    монополиялы     түрде    эмиссиялау;
  • ақша-несиелік     қатынастарды    реттеу;
  • сыртқы    экономикалық    қатынастарды   жүргізу;
  • банктердің  қызметін   жүйелеу;
  • үкімет    тарапынан  бағаны  қадағалау  және  т.б..

         Ақша-несиелік     саясат    жүргізу    үшін    мемлекет    заңды    бекітілген     құралдары    мен    операциялар арқылы   жұмыс   жасауда,    олар:   қайта    қаржыландырудың    ресми    мөлшерлемелері,    банкілерге    қойылатын    резервтік     талаптар    нормативі,     қысқа    мерзімді     ноталардың     шығарылымы,    ашық    нарық     операциясын     жүргізу,   кредиттік    және    депозиттік    операциялар,    вексельдерді    қайта   есепке   алу   және   т.б.

           Оларды    пайдаланудың    тиімділігін    республикада   2001-2004 жж.   қалыптасқан      инфляция    деңгейімен     (6,4-6,8%)    шамалауға    болады.   

           Сонымен    қатар     болашақта    артық    өтімділікті    «депозиттерге   тарту»      Ұлттық    банктің    басты    құралы    болатын     жоспары    бар.   Алайда    инфляциялық     қысым     көзі     сырттан  (сыртқы    валюталық    түсімдер)      болса,    артық    өтімділікті    шексіз    азайту    бұл    операцияның    тиімділігін    төмендетуі    мүмкін.   Мұндай    жағдайда    сыртқы    түсімдерді    реттеу    бағытында    шаралар    қолдану    қажет.

          Институционалдық    жағынан    қарасақ    несие    жүйесі    валюта   қаржы    мекемелерінің   кешені,    оны    мемлекет    экономиканы    реттеп    атқару    үшін     белсенді    пайдаланады.   Ақша-несие    жүйесі    қоғамдық    ұдайы    өндірістің    барлық    механизмін    қамтып,    өндірістің    шоғырлануы   мен    капиталдың    орталықтануын    күшейтіп,    бос    ақша   қаржыларын    елдің    экономикасына    қолдануға    септігін    тигізеді.

          Қазіргі    нарықтық    экономикада    зейнеткерлер    қоры,     сақтандыру     компаниялары,      өзара      қорлар,     инвестициялық     банктер,    ипотекалық     банктер,     қарыз    сақтау   ассоциациялары     және    т.б.        осы       сияқты     арнаулы    қаржы    несие    институттары    ерекше     орын    алады.    Көп    көлемде     ақша    ресурстарын    шоғырландырған    бұл    институттар     капиталды    тиімді    орналастыру    және    қорлану    процесіне    белсене     қатысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Мемлекет  өзінің  ішкі  экономикасын  біршама тұрақтылықта  дамытуда. Бағаны   тұрақтандыру  әр қашаан  алдын ала өз  жоспарлары  арқылы  есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды  қадамдарымен  қамтамасыз  етіледі.  Осы  орайда  баға  мен  елдегі  инфлиясия  шараларының  арасындағы  байланыстарды  жүйелі  түрде  шешу  мен  мемлекеттің  игілігіне  қызмет  жасауын  қадағалау  негізгі  бағыттардың  біріне  саналады.

     Халықаралық ақшалай талаптар  мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық

елдің  төлем қабілетін сипаттайтын  - халықаралық өтімділік валюталық  жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің  құрылымына  шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.      Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Информация о работе Нарықтық баға құрылымы