Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 15:05, доклад
«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы орг
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Бәсеке
Қызметтер рыногында басымдылық жағдайды анықтау мысалы.
Монополиялық кірісті реттеу ережесі.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.
2) монополиялы төмен бағаны:
доминанттың нарықтан бәсекелестерді жою арқылы өткізу көлемін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша табысы ретінде;
үстем жағдайға ие нарық субъектісінің сатып алушы ретінде нақты немесе бағдарлы бәсеке бағасы бойынша тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шығындары мен монополиялы төмен бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде қалыптасқан шығындар арасындағы айырмашылық ретінде белгілеген кезде;
3) доминанттың нақты кіріс пен бекітілген баға белгілеу тәртібіне сәйкес есептелген баға бойынша айқындалған кіріс арасындағы айырмашылық ретінде баға белгілеу тәртібін бұзған кезде айқындалады.
6. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), монополияға қарсы іс-әрекеттері нәтижесінде алынған нарық субъектісінің монополиялық кірісі аталған іс-әрекеттерден алынған барлық кіріс ретінде айқындалады.
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу тәртібін белгілеу мақсатында, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі бекітілсін.
2. «Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 427-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 29 сәуірдегі
№ 9379 қаулысымен
Бекітілген
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық
субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне)
тіркелген баға белгілеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережені әзірлеудегі мақсат тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің (бұдан әрі - нарық субъектілері) тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға енгізу туралы шешім қабылдау тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Ереже тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі бір түрі нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілеріне қолданылады.
Тіркелген бағаны енгізу тәртібі
4. Мынадай:
1) нарық субъектілері монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеуде көрініс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланған;
2) нарық субъектілерімен бірдей келісімдерге әр түрлі баға қолданған;
3) нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзған;
4) келісілген бағалар белгілеуге (ұстап тұруға) қатысты бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) жасаған;
5) басқа субъектілермен бірдей шарттарға кемсітетін бағаларды қолданған жағдайларда, тіркелген баға енгізіледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, тіркелген бағаны енгізу қолданылады.
6. Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама жібереді.
7. Алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама алған нарық субъектісі он күн мерзімде монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
1) бағалар жобасы;
2) бухгалтерлік теңгерім;
3) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
4) еңбек және еңбекақы жөніндегі есеп;
5) өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп;
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы есеп;
7) бағалар жобасын есептеу үшін шығындарды баптар бойынша толық жазылған жиынтық деректер (тарифтік смета);
8) еңбекке ақы төлеудің қолданылатын жүйесі туралы мәлімет;
9) шикізаттар мен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы мәлімет;
10) бастапқы және қалдық құнын, негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін, пайдалануға енгізу күнін көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
11) нарық субъектісінің мүмкіндіктерін ескере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірудің (жеткізудің) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар, жобалық қуаты мен оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер.
8. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген және монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша қосымша ұсынылған құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
1) әрбір параққа нарық субъектісінің басшысы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер бұрыштама соғады және мөрмен растайды;
2) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсан ішінде, және өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынылады;
3) жылға (жарты жылға) арналған есептегі деректер, мұндай есептеу салық есебі тұрғысынан болатын орынсыз жағдайларды қоспағанда, негізге алынады;
4) бағалардың жобалары тіркелген бағаны енгізер алдындағы төрт тоқсандағы және өткен күнтізбелік жылдағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) іс жүзінде өндірілген (жеткізілген) көлемдерін негізге алу жолымен жасалады;
5) өндіру (жеткізу) көлемін азайту кезінде азайтуды негіздейтін және оны растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
9. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу кезінде:
1) нарық субъектісі қызметінің монополиялық түріне жататын және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес келетін шығындарды, (шығыстарды);
2) өнімдердің (қызметтердің) бір бірлігін шығаруға жұмсалатын шикізаттар, материалдар, отын, энергия нормаларынан көріне отырып айқындалатын материалдық шығындарды (шығыстарды);
3) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, техникалық қайта жарақтандыруға және негізгі өндірістік қорларды жарамды күйінде ұстауға жұмсалатын шығындарды (шығыстарды) (осы іс-шараларды жүргізу қажеттілігі құжаттамалық растау болған кезде);
4) қызметкерлердің (әкімшілік-басқару және өндірістік персоналдың) іс жүзіндегі санын есепке ала отырып, еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды);
5) баға белгілеу алдындағы кезең (жыл, жарты жылдық) ішінде іс жүзінде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу шығыстары негізге алына, тиісті кезеңдегі инфляция индексі ескеріліп, статистикалық деректер бойынша есептеле отырып, қызметкерлерге еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды). Бұл ретте еңбекке ақы төлеу шығыстары (шығындары) мыналарды қамтиды:
ұйымда қабылданған еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйелеріне сәйкес кесімді бағалауға, тарифтік ставкаларға және лауазымдық жалақыларға сүйене отырып есептелген орындалған жұмыс үшін еңбекақы төлеу жөніндегі төлемдер;
ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар (заттай сыйақының құнын қоса алғанда), кәсіби шеберлігі, еңбектегі жоғарғы жетістіктері үшін тарифтік ставкалары мен жалақыларына үстемеақылар және ұйымда қабылданған материалдық көтермелеудің басқа да нысандары;
жұмыс режиміне және еңбек жағдайына байланысты төлемдер, сондай-ақ ұйымдарды қайта ұйымдастыруға, қызметкерлер санын қысқартуға байланысты өтемақы - төлемдері;
6) бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаға сәйкес есептелген негізгі құралдардың тозу сомасы. Бұл ретте монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері осы Ереженің 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығындарға (шығыстарға) негізгі құралдардың тозу сомасын енгізуге құқылы;
7) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұрақты және үздіксіз өндіруді (жеткізуді) қамтамасыз ету үшін тартылған банкілердің кредиттері үшін пайыздарды; Бұл ретте банктің ұзақ мерзімді кредиттерінің пайыздары нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасы шегінде ескеріледі;
8) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсандағы нақты шығындар деңгейінде алдыңғы төрт тоқсан ішіндегі инфляция индексін ескере отырып, әкімшілік мақсаттағы шығыстарды (шығындарды) ескереді.
10. Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері қызметтің сондай немесе соған ұқсас түрімен айналысатын нарық субъектілерінің тиісті шығындарын салыстыра талдау нәтижесінде не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемі едәуір төмендеген кезде бағаға енгізілетін әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомаларын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
11. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген бағаларды қалыптастыру кезінде нарық субъектілерінің мынадай:
1) нормативтен жоғары техникалық және коммерциялық ысырап, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлардың запастары, басқа да өндірістік емес шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әртүрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
2) ластағыш заттардың нормативтен жоғары шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
3) үмітсіз қарыздар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімінің аяқталуы бойынша дебиторлық берешек);
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық төлемдері мен жазалардың басқа түрлері;
5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрлықтардан келген зияндар;
7) ақаудан болған ысыраптар;
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау жөніндегі (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызмет көрсету құнын төлеу және т.б.);
9) денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, оқу орындарының, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелердің объектілерін ұстау;
10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
11) ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін (пайызсызды қоса алғанда) өтеу;
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
13) демеушілік және қайырымдылық көмектер көрсету;
14) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісіне (жеткізуге) тікелей қатысы жоқ және бағаны өсіруге алып келетін шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстар ескерілмейді.
12. Монополиялық түрде өндірілетін (жеткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген баға қалыптастыру кезінде пайда (кіріс) деңгейі алдыңғы есепті кезең ішінде (статистикалық есеп беру деректері бойынша) қалыптасқан орташа салалық мөлшерден аспайтындай етіп есептеледі.
13. Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектісі ұсынған негіздеуші құжаттарды талдау жолымен тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобаларына сараптама жүргізеді, оны жүргізу кезінде монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері:
1) нарық субъектісі соңғы тиісті сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынатын қосымша құжаттарды сұратады;
2) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобасын монополияға қарсы органның жанындағы сараптама кеңесінің қарауына береді.
14. Нарық субъектісінің монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген немесе осы Ереженің 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салынған құжаттарды ұсынбауы тіркелген баға белгілеу үшін кедергі болып табылмайды.
15. Шығындар жөнінде растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері тіркелген бағаны белгілеу кезінде осы шығындарды есепке алмайды.
16. Шығындарды жеке есепке алу болмаған және нарық субъектісі өнімдер түрлері бойынша шығындардың жеке есебін ұсынбаған жағдайда, монополияға қарсы орган сатылатын тауарлардың түрлері (өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған кірістер, көлемдер, шығындар) бойынша доминанттың шығындарын бөледі.