Меншік және оның формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:34, реферат

Описание работы

Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
меншік ұғымы және мәнiн қарап шығу;
мемлекеттiк форманы, атап айтқанда: мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншік түрлерін қарастыру;

Работа содержит 1 файл

«Меншік және оның формалары»..docx

— 38.18 Кб (Скачать)

 

  Ендеше, жалғыз үй меншігіне  билік таласын тудырмас үшін  әке мен шеше екі баласының  жеке меншігіне екі үй сатып  шерсе, бастапқы бір үй меншігіне бағытталган үш билік, үш үйге бөлінеді. Сонда бастапқы бір үй меншігіне бағытталған үш билік бір-бірімен бейбіт қарым-қатынасқа көшеді.

 

  Ал  биліктің меншікті  үнемі өз құзырында ұстап отырмай  заңды негізде ұлгайтуға ұмггылыс жасауының өзі бейбіт биліктік саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымың кепілдігін білдіреді.

 

  Сондықтан билік пен  меншіктің негізіне келсек, алғашқы  қауымдык қоғамның қалыптасу  кезеңінде адам  баласы өмір сүретін пана тапқанына қуанды. Адам өмір сүру барысында паналаган жеріне үйреніп, сол жердің төңірегін өз панасына қосып ұлғайту арқылы, қосылған жер аумағына өз меншігі ретіндегі билігін нығайтуды, тіршіліктің жемісті жемісі деп санады.

 

  Меншік  пен билікті әскери басқыншылықпен ұлғайту тәсіліне келсек, атақты француз императоры Наполеон Боанапарт әскеріне «Еуропа жерін басып алыңдар, қалай заңдастыру тәсілін мен өзім табамын», — деп айтыпты деген сөздеріне тірелеміз. Ендеше, сол кезеңдегі Франция мемлекеттік билігінің өзі басқа елдердің меншігі мен билігіндегі жерін басып алу соғыстары арқылы өз билігін ұлғайту тәсілін заңдастыру ниетін байқатады.

 

  Болмаса, билік бейбіт  өмір сүруге бейім, меншікті өз құзырында ұстауға құштар саяси күш ретінде ұйымдасатын болса, біртүтас билікті заңдастырып алады.

 

  Ендеше, әлеуметтік - экономикалық  айналымға меншікті заңды түрде  қорғай алмай, оның даму өрісін тарылтқан биліктің (салық және басқа да жеңілдіктер жағынан) заңмен қорғалып, дамыған биліктегі меншікке тәуелділігі артады.

 

  Сондықтан да кейбір мемлекеттер әлеумепік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін, меншіктің дамуына салық жеңілдігін беретін еркін-экономикалық аймақтар құруға тырысады. Кәсіпкерліктің көзін жақсы меңгерген ірі меншік иелері біз капиталдарын салық ауыртпалығы түскен аймақтан салық женілдігі бар меншігін дамытатын еркін-экономикалық аймақтарға аустырып отырады.

 

  Ендеше, меншіктің қадір-қасиетін терең түсінбейтін адамнан, биліктің не екенін сұраудың өзі қисынсыз.

 

  Он  бес республиканың  басын біріктіріп, 70 жылдан астам өмір сүрген ірі мемлекет — Кеңес Одағының күйреуіне алып келген де осы меншіктің қадір-қасиетін білмейтін билік болып табылады. Жетпіс жыл өмір сүрген КСРО мемлекеттік билігін халық атынан туыскандық көмекпен коммунистік жүйедегі елдерге қаншама меншікті мүлкін, қаржысын таратқаны белгісіз. Бірақ меншіктің қадір-қасиетін білмегендіктен осы мемлекеттік биліктің өзінен-өзі ыдырауға алып келгені ақиқат.

 

  Сондықтан, меншікке  қатысты билікті ұлғайтудың басты  тәсілі — меншікті тізімдеп; есепке  алып, оның айналымынан туындайтын  табысын жаңа меншік объектілерін дамытуға ұтымды пайдалана білуде болып табылады. Мысалы, мемлекетгік билік атынан қандай тұлга қандай мөлшерде қаржылай қарыз алды. Оны қайтару тәсілдері сол тұлғаның есебінен мұрагерлікке ауысуы заңдастырылуы тиіс. Биліктің өз меншігін тізімдеп, оның құнын анықтап, әлемдік өзгеріске сөйкес бағалап отыруы, оол билігінің құндылығын анықтайды.

 

  Сонымен қатар, меншік  пен билік үйлесімді басқарылмаса, сол орта кедейленіп, бір жақты байыған адамдардың өміріне, билігі мен меншігіне қауіп төнеді. Ендеше, кедейленіп, жұмыссыз жүрген адамның аш көзіне меншігі мол, бай адам түсетіні жоқшылықтан туындайды. Мұндай ортада меншіктің түр-түрімен байыған адам меншікке қарсы бағытталған қылмыстық топтық объектісіне, тіршілік тілімен айтқанда, нысанасына айналады.

 

  Жұмыссыздықтан  туындайтын  топ - қулар бай адамдардың  билік пен меншікке монополиялық  үстемдікті бір-бірмен келісіп жүргізе алмауынан шығады. Сондықтан мемлекет — билік басқару элементі, басқару күшінің көзі ретінде биліктің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі — деген заңдылықты басшылыққа алып, бай адамдардың билік пен меншікке мополиялық үстемдігін реттеп отыруы тиіс. Себебі, қандай да болмасын биліктің меншігін ұлғайтатың ең ңымбат қазына — дені сау адам. Онын арқауы — жақсы ас пен тағам жеткілікті болса ғана өзіне және билік меншігіндегі қазынаға пайда келтіретін қызметкер мен жұмысшы қалыптасады. Осыны ескерген билік қана саяси-экономикалық тұрақтылықта  дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2    МЕМЛЕКЕТТІК  МЕНШІК 

 

  Мемлекеттердiң  пайда болуы мемлекеттiк меншiктiң  пайда болуына мүмкiндiк туғызды. Соған орай меншік формаларының түрлері  жеке (дербес), отбасылық, рулық, мемлекеттік  болып қалыптасты.

 

  XX ғасырдың  экономикасында  мемлекеттік меншіктің  мәні  біраз артқан болатын. Мемлекеттік меншікті құрайтын объектілер, қоғам мүдделерін қанағаттандыру үшін арналған.

 

  Мемлекеттік меншік  бұл экономикалық қатынас, акционерлік  формалармен қатар қоғамдық меншіктің  бір түрі болып келеді. Бұл меншіктің формасында өндірістік өнімдер толығымен мемлекет иелігінде болады. Мемлекеттік меншік КСРО-да өте жоғары дамыған, өйткені ол командалық-әкімшілік экономиканың маңызды бөлігі болды.

 

  Егер дербес сектор  барлық қоғамдық қажеттiктердi  қанағаттандыра алса, мемлекеттiк  өндiру тәсiлдерiнде мұқтаждық  болмас еді. Бірақ,  дербес капитал  тек  жеткілікті пайда әкелетін  қызмет пен өндірісті  алады. Оның мүддесі ғылым мен  мәдениетке, әлеуметтік-тұрмыстық объекттерінің  өндірісіне таралмайды. Сондықтан қазіргі  дамыған мемлекеттер олардың  дамуын өз жауапкершілігіне алады. Мемлекеттік  меншікті орнату  қажетті қорларда жасалу процесстерін және ең маңызды  игіліктердің үлестірілуін біртүтас орталықтандырылған реттеумен қамтамасыз етеді.

 

  Мемлекеттік меншік  объектілеріне жылжымалы мүліктің  түрлері, соның ішінде жер телімдер, кәсіпорындар және басқа да  мүліктік кешендер,  тұрғын-үй қоры мен тұрғылықты емес бөлмелер, сонымен қатар жылжымалы мүліктің түрлері, соның ішінде құралдар, көлік, тұрмыстық және тұтынушылық сипаттағы заттар,  бағалы қағаздар, банктерде немесе нбасқа несиелік мекемелердегі үлестер, шетелдік валюта мен валюталық құндылық;  тарихи және мәдени ескерткіштер (жылжымалы және жылжымайтын).

 

  Қалалық тұрғын-үйлердің едәуір бөлігі мемлекеттің  басқаруымен салынады және мемлекеттік  меншік болып қалады. Ауруханалар  тура осылай мемлекеттік кәсіпорын  болып қалады, ал дәрігерлер мен  қалған қызмет көрсетушілер мемлекет қызметкерлері болып саналады.

  ҰЖЫМДЫҚ МЕНШІК 

 

 

  Ұжымдық меншік формасы – ортақтықтағы барлық мүшелерінің иемденуге және пайдалануға құқығы тең болатын меншіктің түрі.  Бұл меншіктің субъектісі болып серіктестіктің мүддесін баяндайтын уәкілі ретінде  топ немесе жеке тұлға шыға алады. Бірақ, көп жағдайда заңға сүйене отырып  біртұтас заңды тұлға немесе мемлекеттік орган, қоғамдық ұйым ретінде қарастырылады. Мұндай ұйымдардың мүшелерi нақтылы мақсаттардың табысы үшiн өз жұмысын және өз құралдарын бiрлестiредi.

 

  Бұл топтың әрбiр мүшесi өндiрiс және шығарылған өнiмнiң меншiк иесi болып табылады.

 

  Әдеттегідей, ұжымдық  меншік капиталдың акционерлік  формасында жұмыс істейді, дегенмен  акция осы кәсіпорынның тек қызметкерлері арасында ғана жіктеле алады. Бұл еңбек ұжымының бөлінбейтін ортақ меншігі, кәсіпорынның басшыларынан бастап квалификациясыз жұмыскерлеріне дейін.

 

  Егер қызметкер жұмыстан  шығар болса, зейнетке шыкса  немесе өліп қалса, оның акциясы кәсіпорынның қарамағында қалады. Ол жаңадан келген жұмысшыға сатылады (тапсырылады, беріледі) немесе ұжымда жұмыс істейтін мүшелеріне бөлініп беріледі.

 

  Меншiктiң осы формасы Батыста таралған. Мысалы, АҚШ-та мұндай кәсіпорындардың саны 10 000-нан асады. Олар мемлекеттен қолдау алып, несие және салық жеңілдіктеріне ие болады.

 

  Ұжымдық меншiктiң кең таралған формалары кооперативтiк, әрiптестiк және акционерлiк меншiктер болып табылады.

 

  Кооперативтік меншік - бiрлескен қызмет жүргiзуi үшiн  өз құралдарын бірлестіріп, топтасқан тұлғалар меншiктерi.  Коперативтік меншік әлемнің біраз елдерінде кең таралған. Кооперативтердің негізгі жұмысы ауылшаруашылық өнімін өңдеу және өткізу болып табылады. 

 

  Әріптестік меншік – меншік құқығы екі немесе бірнеше тұлғалардың иемдігінде болады. Ол әріптестікке қатысушылардың ерікті жинаулары (ақшалай немесе басқа түрде) негізінде құрастырылады.

 

  Акционерлік меншік  – акциялардың іске асырылуы  нәтижесінде құрастырылады. Акциялар  фирмадағы пайданы дивиденд түрінде бір бөлігін алуға, сонымен бірге акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге мүмкіндік береді.

 

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК

 

         

 

         3.1 Қазақстан Республикасындда меншіктің  әр-түрлі формаларының қалыптасуы.

 

  Әдетте, эканомикалық  теория меншіктің екі  базалық  формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.

 

  1) Меншіктің жеке меншік  формасы (шаруа қожалықтары, жеке  қосалқы шаруашылықтар)

 

  2) Меншіктің ұжымдық  формасы (кооперативтер, шаруашылық  серіктестіктер, олардың ассоциациялары  т.б.) Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған  жемістерге, өнімге, табысқа меншік құқығы осы Кодекстің 123 бабына сәйкес алынады.

 

  2) Меншік иесі бар  мүлікке меншікке құқығына басқа  адам сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті  иеліктен айыру туралы өзге  мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.

 

  Азамат  қайтыс болған  ретте оған тиесілі  мүлікке  меншік құқығы өсиетке немесе  заңға сәйкес мұрагерлік бойынша   басқа адамдарға көшеді.

 

  Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшеді. (осы Кодекстік 46-бабы)

 

  Меншік  иесінің мүлкін  меншік иесінің еркінен  тыс  басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көздергеннен басқа реттерде жол берілмейді.

 

  3) Осы Кодексте көзделген  реттер мен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алуы мүмкін.

 

  4) Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж неме өзге) кооперативтінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооперати осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзіің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.

 

 

                                      Қорытынды. 

 

    Сонымен, мен  меншік категориясының экономикалық  мазмұнын, оның эволюциялық өзгеруін, меншік қатынастары мен құқықтары,  оның субъектілері мен объектілері   арасындағы байланыстық қатынастарын, әр түрлі формаларын жинақтадым. Нарықтық экономика әрбір қарапайым азаматтардың нарық жағдайына бейім болуын, қазіргі қоғамның объективті заңдарын, рыноктың қыры мен сырын, ерекшеліктерін жалпылама орташа деңгейде болса да білгенін қолдайды. Олардың нарық жағдайындағы өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсініп, бүгінде аласапыран өзгеріп отырған өмірден өз еншілерін алып, өз тұрмыс қажеттілігіне пайдалана алатындай дәрежеде сауатты (нарыққа байланысты) өмір сүруіне өте қолайлы.

 

    Меншіктің құқықтық  негіздері Қ.Р.-сы конституциясына   ендірілген, сондай-қа ол құқық жекешелендіру  туралы заңдармен бекітілген. Басқа  да қосымша заңдар, дәлдеп айтқанда, кәсіпорынға, мүліктік аманатқа, жалға  беруге, банкротқа ұшырауға байланысты заңдар қабылданды.

 

    Әдетте, эканомикалық  теория меншіктің екі  базалық  формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.

 

    1) Меншіктің жеке  меншік формасы (шаруа қожалықтары,  жеке қосалқы шаруашылықтар)

 

    2) Меншіктің ұжымдық  формасы (кооперативтер, шаруашылық  серіктестіктер, олардың ассоциациялары  т.б.)

 

    Меншік  нысандарын  зерттеу барысында жеке және  қоғамдық меншік категориялары   айналасында күрделі пікірталастар  туады. Көптеген авторлар жалпы халықтық, қоғамдық, мемлекеттік ұжымдық меншік түсініктерін бірдей деп қарап, олардың  атауларын тек синонимдер деп  түсіндіреді.Осы сияқты жеке меншік категориясын да әр түрлі атпен атай береді. Олай болса, алдымен меншік формасы дегенімізне?

 

    Осыны бір жүйелеп түсініп алу керек сияқты. Сонымен, меншік формасы – меншік субъектісінің нышандарыбойынша сипатталатын өлшем немесе белгі (критерий). Ол әр түрлі меншік объектілерінің бірыңғай табиғат субъектеріне жататын (қатарында болуын) анықтайды. Оны анықтайтын өлшемдер мен белгілер бірнешеу болуы мүмкін: иемдену формасы бойынша, меншік құқығы бойынша, субъект бойынша.

 

 

 

  Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................3

МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ  РЕТІНДЕ 

 Меншік экономикалық  категория ретінде..................................4

Меншік қатынастары: объектілері  мен субъектілері....................6

1.3 Меншiк түрлері және олардың экономикалық қызметтері........10

МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ

2.1 Меншіктің формалары,  даму диалектикасы................................15

2.2 Мемлекеттік меншік....................................................................18

2.3 Ұжымдық меншік .......................................................................19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК

3.1 ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20

3.2 ҚР-ғы меншік туралы заң............................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ............................................................26

 

 

 


Информация о работе Меншік және оның формалары