Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:47, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Кіріспе.
Инвестиция басты макроэкономикалық категория ретінде
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестиция және инвестицияның түрлері
1.3 Инвестициялық сфераны реттеудің қағидалары мен негізгі бағыттары
Қазіргі кездегі инвестициялық саясат жобаларының жүзеге асуы
2.1 Мемлекттің инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері
2.3 Қазақстандағы инвестивестициялық саясат жобалары мен олардың жүзеге асырылу жағдайлары мен бағыттары
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер
Мұндай саясатты қалыптастыру
қалдықсыз технологияларыд
Жоғарыда, мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
Осы бағыттар ішінен басымдысын
таңдап алу және халық шаруашылығының
барынша тиімді амақтық-салалық
құрылымын қолдау мақсатнда олардың
үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің
инвестициялық саяатының
Іс жүзінде,
белгілі мақсатқа қол
Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалы, нарықтық қатынастар саласы дамыан елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады
Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет
шараларының өзара
Жоғарыда өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады. Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық-математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде, бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруа болады.
Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып салалық және аймақтық деңгейлерге жасалан матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау – халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды. Осы тұрыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизімдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады. Өз тәжірибемізді өзге елдердің экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжірибесін талдау, мұндай жағдайда механизмдер құрамы мен басымдығы көбінесе құрылымдық өзгерістер бағыттарының бастапқы жағдайына тәуелді екенін байқатады. Егерде бұл бағыттар мақсатты міндеттерге сәйкес болып, құрылымдық өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру үшін «бағытты» шамалы ғана өзгертуді талап ететін болса жақсы. Мұндай жағдайда халық шаруашылығының төменгі бөлімшелерінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру механизмі басымды болар еді.
Ал егер, ел экономикасында құрылымдық дағдарыс орын алып, құрылымдық өзгерістердің тиімсіз бағытталуы қалыптасатын болса – бұл мүлдем басқа жағдай. Қазақстанда бүгін екі түрлі жағдай да орын алып отыр.
Осылайшы, қазіргі кезеңде республика экономикасындағы құрылымдық дағдарысты жою үшін тұтастай мемлекеттің инвестициялық саясатының бағытын айтарлықтай өзгерту қажет және оны ауыл шаруашылығы мен аграрлық өнеркәсіптік инфрақұрылымының әлеуметтік-экономикалық рөлін қалпына келтіруге бағыттау керек. Құрылыс кешеніне де осындай көзқарас қажет. Осыдан келіп экономикадағы құрылымдық өзгерістерді реттеудің мехаизімдері арасында бюджеттік қаржыландыру, несие бөлу және салық салу басымды болып табылады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясатты біздің ойымызша келесідей мәселерді қамтуы тиіс:
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей негізгі тұжырым жасауға болады: мемлекеттің инветициялық саясатын алдын ала ғылыми негіздемейінше және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизімдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес. Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашан да бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін түпкілікті ұғыну қажет. Ал, олардың шешімі – тұтастай алғанда мемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты. Енді осы саясатты іске асырудың негізгі механизімдері қандай? – деген сауалға жауап беріп көрейік.
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі – басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары. Онда әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құқықтық сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Бағдарламалық көрсеткіштер басымды салалар мен аймақтардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жадайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысын да қамтиды. Бұл жерде мәселе ең алдымен қаржы ресурстары туралы болып отыр, өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі резервтері ескеріледі.
Инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі – басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу – бұл жоғарыда аталған резервтерді артыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындардың пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), содай-ақ инновациялық қызметке, әсіресе жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.
Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық несие бөлу арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымды салалар бойынша таңдап алынған инвестициялық жобаларға жеңілдікаен несие бөлінсе ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты, қарастырылған инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса – бұл аса маңызды шара болар еді.
Егер отандық және шетелдік инвесторлар басымды салалар объектілеріне көңіл бөлсе ғана салықтық жеңілдіктер жасалуы керек. Бірінші кезекте ішкі несие қорларын қолдануға көңіл бөлу қажет, өйткені шетелдік несиелер, жоғарыда атап өтілгендей, нәтижесінде мемлекетке 2-3 есе қымбатқа түседі. Ерекше атап өтетін тағы да бір мәселе, жеңілдікпен салық салу – қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға негізделген инвестициялық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін инвесторларға қолданылуы тиіс.
Егер кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды шикізатпен, техникамен, құрал-жабдықтармен және т.б. импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген болса, онда басымды салардың барынша қарқынды дамуы үшін жеңілдікпен кедендік алымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар. Алайда импортты алмастыратын отандық өнім өндірісі көп жағдайда өте тиімді екенін тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер жүйесінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек.
Қорыта келе, айтарымыз, жоғарыда аталған механизмдер ұзақ мерзімге бағытталған тиісті заңды-құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу инвестициялық процестің баяулауына және құрылымды ұүрайтын салалар инвестициялық жобалардың іске аспауына алып келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл, әсіресе, әріптестерімен шаруашылық мәселелерін шешу кезінде өте сақтықпен қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға қатысты. Заңдардың тұрақсыздығы – күрделі, құрылымды құрауш өндірістер туралы шешім қабылдауға отандық инвесторларды да алшақтатады. Өйткені бұл жерде үлкен тәуеклге баруға тура келеді. [6; 136-145]
Президент Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан Республикасына Жолдауында
өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы
республиканың бет бейнесі
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық стратегиясының маңызды элементі және оның мақсаттарымен анықталады. Шетел капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық қайтақұрылуына максималды түрде көмек көрсету, инвесторлардың инвестициялық белсенділігін маңызды көлемде көтеруге қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі таңда республикада негізінен, шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан. 2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел инвестициялары туралы” Заң қабылданған. “Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже” сияқты Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты - маңызды өндіріс пен қызмет саласын селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу, инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар ағымына қолайлы жағдай жасау.
Шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың жалпы стратегиясы келесі мәселелердің шешу жолдарын қамтамасыз ететін инвесторлар қызметіне байланысты:
Бұл мақсаттардың жүзеге асырылуы инвестициялық жобалардың басым бағыты мен аймақтың бөлінуін, көлемі мен жүзеге асыру мерзімін қалыптастыруды талап етеді. [8; 34-39]
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері
Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізігі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельдік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін қажет? өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі, және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі:
Sd=mt/(1+α)n;
Бұл жерде: Sd – дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;
mt – ақшаның келешектегі құны;
α – пайданың талапты нормасы немесе ақшаның уақытша құны;
n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар саны.
Осындай есептеулердің
нәтижесінде инвестициялық
Сонымен, мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс-әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің жалпы қабылддаған моделінің логикасын макроэкономикалық деңгейде де қолдануға болады. Түптеп келгенде, бұл модель төмендегідей:
Стратегиялық жоспарлау | ||||
Идеяны іздестіру |
Жобаларды анықтау және алғашқы таңдау |
Қаржылық талдау және шешім қабылдау |
Жобаны жүзеге асыру |
Мониторинг және инвестициялық бақылау |
Бақылау | ||||
Еңбек ресурстары |