Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:41, реферат
Экономика өміріне мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады
Экономика өміріне
мемлекеттің қатысу себептері, формалары
мен тәсілдері актуалды мәселелер
қатарына жатады және дәстүрлі түрде
ғылыми зерттеу пәні болып табылады.
Нарықтық экономиканы мемлекеттік
реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық
дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап
тұруының маңызды шарты болып
саналады. Қазіргі заманғы мемлекет
экономикалық өмірді енжар бақылаушы
болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне
белсенді түрде қатынасады және де
керек кезінде елдің
Жақсы үкімет - бұл байлық емес, өмірге
керекті жағдай дегенмен келіспеуге болмайды.
Тиімді мемлекетсіз тұрақты әлеуметтік-экономикалық
даму мүмкін емес. Экономикада болып жатқан
өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы
базалық сұрақтарына оралуда ғана емес,
сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе
тұрғысынан да оны өзекті етуге мәжбүрлейді.
Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы
орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек
қана жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік
кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес,
сонымен қатар экономикадағы дағдарысты
жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің
реттеуші шараларының мәнінің де өсуі
куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы
компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудың
уақытты кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі
елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің
ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Срндықтан
кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне
деген сұранысты туындатады, өйткені ол
ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне
немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел
мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары
мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың
әсерінен болады, олардың ішінде ерекше
орынды қаржылық жахандану, инновациялық
дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси
факторлар алады. Сол себепті мемлекетте
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің
қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа
мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс
елдері көп көңіл бөлуде.
Мемлекеттің экономикалық ролі туралы
сұрақты мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту»
терминінде шешуге бел буу мемлекеттік
институттарының сапасы туарлы маңызды
сұрақты екінші жоспарға қоюға әкеледі.
Тиімді экономиканы құруға бағытталған
бюджеттік саясат мемлекеттің ықпалын
қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін.
Шаруашылық жағдайын реттеу саясатын
инновациялық процестер мен глобализациялауды
есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің
бюджет саясатында алғы орынды алады.
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін
көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе
отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің
жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі
туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет
өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі
мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда
азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің
реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені
мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге
бағытталған сапалы қызметі туралы сөз
болады.
Бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеу
нақты шешімдерді қабылдау кезінде кемшіліктерге
жол бермеу арқылы жүзеге асыру керек
екендігін ешкім де жоққа шығармайды.
Осы мәселе экономика ғылымындағы ең күрделі
сұрақтардың қатарына жатады және көп
жағдайларда оның шеңберінен шығып та
кетеді.
Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері
нақты тарихи жағдайларға байланысты
өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық
жүйедегі негізін қалаушы қызметтері
өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы
экономиканың дамуы мүмкін болмайтын,
нарықтық жүйенің керекті конструктивті
элементтері болып саналады.
Дж. Тобин экономиканы мемлекеттік реттеудің
қажеттілігін төмендегіше негіздеді:
« «Көрінбейтін қол» теоремасы жеке және
қоғамдық мүдделер қайшылықтарға тірелетін
экстерналийлер мен қоғамдық игіліктердің
бар болуын есепке ала отырып жетілдірілуі
керек. Осыдан ұжымдық мүддеге негізделген
мемлекеттік қызметтің қажеттілігі туады...
Смиттің жүйесі эгоистік энергияны конструктивті
бағытқа бағыттайтын институттар болған
жағдайда ғана жұмыс істей алады» .
Экономикалық тиімділікті көтеру мен
инновациялық белсенділікті ынталандырудағы
бәсекелес нарықтардың артықшылығы жалпы
мойындалған және мемлекет өзінің дамуында,
ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу, экономикалық
өсуді қамтамасыз етуді қанағаттандыру
үшін оларға сүйенеді. Сонымен қатар олардың
жеңісті қызмет етулері үшін дұрыс инфрақұрылымдар
мен институттар қажет. Нарықтарға тиімді
қызмет етуге мүмкіндік беретін жағдайды
жасау мемлекеттің құзырындағы іс әрекет.
Осы жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің
анық құқықтарын айту керек, ал ол дәйекті
жасалынған заң процедуралары негізінде
қызмет ететін сот билігінің болуын қарастырады.
Тәжірибе көрсеткендей нарық экономикалық
субъектілердің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайды. Қазіргі заманғы
нарықтық экономикада мемлекетке артылған
базалық қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге «нарықтың жетіспеушілігін»
түзету мақсатында араласумен байланысты.
Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық
игіліктер өндірісі, монополияға қарсы
мемлекеттік реттеу, «сыртқы әсерлерді»
реттеу және анық ақпараттарға тең қол
жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Сондықтан
мемлекеттік бюджет жүйесінің қызметінің
нәтижесі ең алдымен мемлекеттің нарықтық
«жетіспеушілігін» қаншалықты тиімді
түзететіндігінен көрінеді.
Қайсібір қоғамдық игіліктерді өндіруді
жеке сектор атқара алмайды немесе атқарған
күнде де бұл қызмет оларға пайда әкелмейді,
ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет
оларға пайда әкелмейтін болсама, онда
кәсіпкерліктің заңы бұзылады. Осындай
игіліктердің классикалық моделі меншік
құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты
жүргізу, елдегі тәртіпті сақтау болып
табылады. Осы сияқты игіліктерге деген
қажеттіліктерді қанағаттандыру тұтас
қоғамның қызметінің нәтижесі болуы керек.
Осындай қоғамдық мүдденің өкілі мемлекет
болып саналады. Сондықтан да мемлекет
тұрғындарды ұжымдық және қоғамдық игіліктермен
қамтамасыз етуге жауапкершілікті болады.
Ерекше экономикалық категория ретіндегі
қоғамдық игіліктердің негізгі мінездемелерін
төмендегіше сипаттауға болады:
1. Жеке тұлғалардың қоғамдық игіліктерді
тұтына отырып өзара бәсекелестікке түспейтінін
сипаттайтын, тұтынудағы бәсекелестіктің
болмауы. Қосымша индивидтің ұжымдық иглікті
тұтынуының шекті шығындары нольге тең,
осылайша қоғамдық игіліктерді тұтынуға
қосымша индивидттердің қосылуы оның
басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен
айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер
бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге
бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді
қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді
басқалардың тұтынуын толығымен жоққа
шығарады.
2. Қоғамдық игіліктер тұтынудан шығармау
қасиетіне ие, өйткені қосымша тұтынушыға
қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат
бермеу мүмкін емес немесе белгілі субъектінің
олардың қоғамдық игіліктерді тұтыну
үлесін төмендету мүмкін емес. Мысалы,
индивидтің тұтынуынан мемлекеттің қорғаныс
қабілеті немесе тәртіпті сақтау сияқты
игіліктерді пайдалануын шығарып тастау
мүмкін емес.
Келтірілген мінездемелердің талдауы
классикалық қоғамдық игіліктердің санының
шекті екендігін сипаттайды. Сонымен қатар
жеке және қоғамдық игліктер арасына нақты,
анық шек қою өте күрделі. Таза ұжымдық
игіліктерге шарттылықтың белгілі үлесінде
меншік құқығын қорғауды, мемлекеттің
қорғаныс қабілетін, көшелерді игеруді
және т.б. жатқызуға болады.
Классикалық қоғамдық игіліктер мен жеке
игіліктердің арасында көптеген игліктер
бар, оларды «толығымен қоғамдық емес»
және «толығымен жеке емес» деп сипаттауға
болады. Осындай игіліктер «аралас» деген
атауға ие және мемлекет арқылы да, жеке
сектор арқылы да өндірілуі мүмкін, мысалы,
жол құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау,
фундаментальды ғылыми зерттеулер.
Қоғамдық игіліктерді ұсыну мемлекеттің
экономикаға қаржы және бюджет саясаттарын
жүргізу арқылы араласуының объективті
алғы шарты болып табылады. Қоғамда болып
жатқан экономикалық және әлеуметтік
процестерге мемлекеттің араласуы өте
үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер ету шеңберіндегі
негізгі мәселе осы жағдай үшін дұрыс
болып саналатын нарық пен мемлекеттің
рольдерінің қатынасын табу болып есептелінеді.
П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер
экономикалық субъектілер өзінің қызметімен
байланысты шығындарды басқаларға «таңғанда»
немесе олармен пайда арқылы қамтамасыз
етілетін жағдайда пайда болады деп атап
көрсетеді .
Басқа экономикалық субъектілерге әсер
ету нәтижесі бойынша экстерналииді оң
және теріс деп бөлуге болады: сыртқа әсерлер,
егер де олар сыртқы субъект үшін өнімділік
пен пайдалылықты ұлғайтса оң деп есептелінеді
және керісінше теріс сыртқы әсерлер оны
төмендетеді. Сыртқы әсерлердің болуы
сонымен қатар теріс сыртқы әсерлерді
төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді
ең жоғарғы дәрежеге жеткізетін, экономиканы
мемлекеттік реттеудің қажеттілігінің
негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда
теріс сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті
қорқыныш тударатын экология мәселелерімен
байланыстырылады. Мемлекеттік саясаттың
стратегиялық мақсаты ретіндегі ұлттық
экономиканың бәсекелестік қабілетін
ең жоғарғы дәрежеге жеткізу қажеттілігі
мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары
арасында қайшылықтар бар. Экономикалық
глобализациялаудың күшеюі жағдайында
оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда
да осы жағдайдың күшін бюджет-салық механизмдерін
белсенді қолдану арқылы азайтуға болады.
Қоршаған ортаны ластаумен байланысты
теріс экстерналиилерді ең төменгі дәрежеге
жеткізу Қазақстан үшін қазіргі таңда
өзекті мәселе, өйткені оның экономикасының
бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен,
мұнай өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты,
олар экология үшін өте қауіпті болып
саналады және қоршаған ортаны қорғауға
маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ
та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке
секторлардың да табиғатты қорғау шараларына
жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз
және олар мәселенің көлеміне сай келмейді.
Сыртқы әсерлерді интернализациялау бюджет
саясатының құралдарын икемді пайдалануды
қарастырады, оның ішінде:
• экологиялық жобаларға «мультипликациялық»
әсер беретін және қазақстандық экономиканың
бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер
етуге қабілетті тікелей мемлекеттік
инвестициялар;
• экологиялық жобаларды және осы сферада
алғы технологияларды жасауды қаржыландырудың
қайнар көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін
табиғат рентасының деңгейін көтеру.
Сонымен қатар экологиялық жобаларды
жанама мемлекеттік қолдау механизмі
болып ғылыми-техникалық ақпараттардың
осындай жобаларына қатысушыларына ұсынылатын
несиелерінің пайыздық ставкаларына жеңілдік
жасау, шетелдік инвесторларды іздеп тарту
және т.б. саналады.
Қазіргі заманда жеке экономикалық субъектілер
ғана емес, сонымен қатар мемлекетт те
оң және теріс сырқы әсерлерді өндіре
алады. Осының классикалық мысалы ретінде
ғылымды, білім мен медицинаны қолдауды
айтуға болады. Фундаментальды ғылыми
зерттеулерге мемлекеттік шығындарды
жұмсау пайдалы білімді тарату арқылы
басқа да субъектілерге оң сыртқы әсерлерді
өндіреді. Жаңа білімдерге деген жеке
құқықтарды ұзақ уақыт бойы қорғау мүмкін
емес және фундаментальды ғылыми зерттеулерге
салынған жеке қаражаттар мәні бойынша
қоғамдық игіліктерді құруға әкеледі,
нарықтық экономика жағдайында фундаментальды
білімдердің жеткіліксіз өндірісі салыстырмалы
түрде болуы мүмкін, ол біздің пікірімізше,
фундаментальды білімдерді бюджеттік
қаржыландырудың бірден бір себебі болып
саналады.
Білім беру үнемі оң сыртқы әсер әкелетін
қызмет ретінде қарастырылатындықтан,
мемлекет әлеуметтік пайданы үнемі ең
жоғарғы деңгейге жеткізуге және білім
берудің мүмкіндіктерін нарықтың жеке
оқу орындарына беретін жеңілдіктерімен
немесе тікелей мемлекеттік оқу орындарын
құрумен қатар кеңейтуге ұмтылады.
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау
саласын аржыландырудың мәні ор болып
табылады. Денсаулық сақтауды дамыту оң
экстерналииді екі бағытта құрады. Біріншіден,
денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау
жасау адам факторын экономикалық өсудің
маңызды факторы ретінде ұлғайтуды қамтамасыз
етеді. Екіншіден, денсаулық сақтау өнеркәсіптің
көптеген секторлары мен қызмет сфераларымен
байланысты күрделі жоғарғы технологиялық
кешен бола тұрып, көптеген жоғарғы технологиялық
салалар үшін оң экстерналииді құруға
қабілетті.
Мемлекет өндіретін сыртқы әсерлерді
талдаумен байланысты мәселелердің күрделілігі
сыртқы әсерлер мен қоғамдық игіліктер
түсінігінің өзара тығыз байланыста болуымен
түсіндіріледі.
Қоғамдық игліктерге деген қажеттіліктерді
нақты анықтау мүмкін емес. Мемлекет арқылы
қоғамдық игіліктерді өндіру оң, сонымен
қатар теріс экстерналиилерге де әкелуі
мүмкін.
Нақты экономикалық жағдайларда барлық
теріс әсерлерді интернализациялайтын
идеалды нарық және тек қана оң сыртқы
әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат
та болмайды. Экономиканы мемлекеттік
қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір
жағдайға нарықтық күштер мен мемлекеттік
әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып,
теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі деңгейге
және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге
жеткізу болып табылады.
Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада
мемлекеттік реттеу тікелей әрі жанама
тәсілдер арқылы жүргізіледі. Әсер етудің
тікелей тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық
реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық
тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің
қаржылық саясатын жүргізу үшін институциональды
фундамент ролін атқарады.
Мемлекет алдында нарықтық «кемшіліктерін»
реттейтін және осылайша экономикалық
дамуға ықпал ететін бюджеттік саясатты
жүргізу тапсырмасы тұрады. Сонымен қатар
мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге
жетуге әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің
«кемшіліктері» әсерінен болуы мүмкін,
ал ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі
бөлмеумен, саяси процестің жетілмеуінен,
бюрократияның әсерімен және уақытша
лагпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан
бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің
мониторингі мен мүмкін негативті жағдайларды
жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді
қарастырады.
Экономикасы дамыған елдерде 20 ғасырдың
екінші жартысында жүргізілген экономикалық
саясат мемлекет ролінің күшеюін объективті
де және субъективті де факторлармен шарттаған.
Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік
әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын оның
көңіл аудару сферасынан тыс қалған жаңа
мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі.
Экспортты мемлекеттік қолдаудың институттарын
құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек
ресурстарын қалыптастыру, экономикалық
субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу
мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз
ету - мемлекет қызметінің осы аспектілері
экономикалық субъектілер үшін күнен
күнге маңызды болуда. Келесі жағынан,
көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың
ұлғаюы бюрократия үшін «тегін» бюджеттік
қаражаттарды алу мүмкіндігімен байланысты,
ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың
үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге
маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының
ұлғаюына әкеледі.
Экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуы
көптеген жағдайларда өзін өзі реттеудің
нарықтық механизмінің әлсіреуімен және
шектен тыс бюрократиямен байланысты
негативті әсерлерге әкелді, бірақ та
экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
күман келтірмейді. Мемлекетті нығайту
және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін
көтеру мәселелері Қазақстан үшін де өте
өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық
институттарды қалыптастыру қажеттілігімен,
әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен,
жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі
болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін
жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік
бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды
қамтамсыз етумен байланысты.
Қазақстан экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан әлемдік экономикаға интеграцияланады,
одан мемлекет тек қана табыс қана алып
қоймайды, сонымен қатар осымен байланысты
қиыншылықтарды да сезінеді. Бұл мемлекеттің
экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан
әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана
қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу
механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы
глобальды экономика талаптарына сай
тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін
туындатады.
Мемлекетті нығайтудың тапсырмаларын
шешудің қажеттілігі Қазақстанда болып
жатқан жағдайлар арқылы анықталады:
• қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық
жүйеге интеграциялануының жеткіліксіздігі;
• жеке кәсіпкерліктің әлсіздігі, сонымен
қатар меншік иелерінің құқығын қорғаудың
сенімді механизмдерінің болмауы;
• экономиканың шектен тыс бюрократтылығы;
• нарықтық трансакцияға қатысушылар
арасындағы қатынастардың криминалдылығы.
Қазақстанда мемлекетті нығайту тапсырмасы
әр түрлі шаралар кешенін қарастырады.
Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы
құруға керекті институционалды қайта
құрылымдар реформалардың шешуші элементі
болып саналады. Қазақстанда нарықтық
құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші
ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру
мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды
қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық
экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін
қаржылық реттеудің институттарының сәйкес
келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет
саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің
мониторингі мен болуы мүмкін негативті
салдарларды дер кезінде жою шараларын
қарастырады.