Маржинализм мектебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 16:31, реферат

Описание работы

ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін алғы шарттар қалыптасады. Дамыған елдерде капитализм берік нығаяды. Саяси экономиканың жалпы принциптерін жасау экономикалық тәжірбиенің әр түрлі мәселелерін зерттеуімен ауыстырылады. Авторлар енді шектеулі ресурстарды оптикальды пайдалануға көңіл бөледі. Бұл үшін олар шекті шамалар теориясын, дифференциалыды және интегралдық есептерді кең қолданады.

Работа содержит 1 файл

Мусаева Мадина ф11 к3.doc

— 51.50 Кб (Скачать)
 
 

     Маржинализм мектебі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін алғы шарттар қалыптасады. Дамыған елдерде капитализм берік нығаяды. Саяси экономиканың жалпы принциптерін жасау экономикалық тәжірбиенің әр түрлі мәселелерін зерттеуімен ауыстырылады. Авторлар енді шектеулі ресурстарды оптикальды пайдалануға көңіл бөледі. Бұл үшін олар шекті шамалар теориясын, дифференциалыды және интегралдық есептерді кең қолданады. Экономикалық әдебиеттер әр түрлі нарықтық жағдайларды сипаттайтын математикалық формулалар мен графиктермен толығады. Сөйтіп экономикалық ғылымда жаңа бағыт маржинализм пайда болады.

     Маржинализмнің (француз тілінде marginal – шекті, шектеулі) марксизмнен айырмашылығы – қанауға  негізделген өндіріс әдісі ретінде копитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол ХХ ғ. 70 – жылдары пайда болды. Оның өкілдері: Австрияда К.Менгер, Англияда У. Джевонс, Швердцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономиканың міндетін радциоиналды шаруашылық пен шекпеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді тәсілдерін іздеуден көрді.

     Өздерінің зерттеулерінің әлеуметтік бейтараптығына көңіл аудару үшін олар «экономикстің» пайдасына «саяси экономия» терминінен де бас тартты. Мұны ең алғаш У.Джифонс, оған кейін «экономиканың принцптері» кітабын шығарған А.Маршалл (1842 – 1924 жж.) жасады.

     Марксизмге  қарағанда маржинализм оған жаңа саналы ойлар мен тәсілдерді қабылдауға мәжбүрлеген идеялар бәсекесінің  қыспағында болды. Осылай оның жақтаушылары өздерінің зерттеулерінде бірінші болып мадельдерді қолдана бастады, ал ХІХ ғ да 90 жылдары А.Маршалл саяси экономияның класигі Рикардоның теориясының элементтерін маржинализм концепциясына енгізді. Нәтижесінде ол нокласикалық жүйе деп атала бастады. Оның өкілдері Д.Кларк (американдық мектеп), А.Маршалл және А.Пигу (Кемпридж мектебі) және т.б.

     Неоклассиктер көңіл аударған басты мәселе –  адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Экономикалық ғылымның мақсаттарын  айқындай отырып, олар әр түрлі факторлардың экономикалық хал-ахуалға ықпалы жөнінде айтты. Ең бірінші игіліктердің (тауарлар мен қызметтердің) тұтыну құны (пайдалылығы) және тұтынушылар тарапынан осы игіліктерге сұраныс мәселесі тұрды. Неоклассик өқілдері экономикалық заңдар кез келген қоғам үшін бірдей дегенді алға тартты.

     А.Маршаллдың басты идеясы нарықтағы процестерді  анықтаушы күш ретінде сұраныс  пен ұсыныстың қалай қалыптасатының, қалай өзара әрекет ететіндігі талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе – теңдік база түсінігін  қолданды. Пайдалылықтарды (тұтыну құндарын ) өлшеу мен салыстыру жолымен тұтынушылардың талғамын анықтау мәселесін австриялық мектеп экономистері Қара Меңгер мен Евгений Бем-Баверк және т.б. қойды. Мұндай жақындау микроэкономика деген атқа ие болды.

     Кейінен маржинализм Д.М.Кейнстің нарықтық реттеу экономикасын тұрақсыз етеді, сол үшін мемлекеттік араласу қажет деген теориясын өзінің бойына сіңірді.

     Д.М.кейнс (1883 – 1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен қатар әлемнің үш ұлы экономистердің бірі болып табылады. Экономикалық теорияда болған нағыз ревалюция 1936 жылы жарияланған Кейнстің «Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1883 – 1946) атты еңбегемен жасалды. Оның есімімен макроталдау мәселесіне аса көңіл аударған батыстық экономикалық ойдың жаңа бағыты – кейнсиандықтың пайда болуымен байланысты. Кейнс кейбір неоклассикалық ілімнің негізгі тұжырымдарынан, атап айтқанда, нарықты өзін-өзі реттеуші механизм ретінде қарастырудан бас тартады. Нарық Кейнс тұрғысынан тиімді сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да оны мемлекет ақша – несие және бюджет саясаты арқылы ынталандыруы тиіс. Бұл саясат ұлттық табыстың тез өсімін қамтамасыз ететіндей және меншік инвеститциялар мен тұтыну шығындарының өсімін ынталандыру тиіс. Кейнс теориясының тәжірбиелік бағыттары соғыстан кейінгі жылдары үлкен қолдауға ие болып, оның ұсыныстары Англия, АҚШ және батыстың басқа да елдерінде қолданылады.

     Маржинализмді бүтіндей бағалай отырып, оның жақсы  жағы ретінде сәйкес концепцияларда қалыптасқан жаңа идеялардан бойын  аулақ ұстамауын атап кетуге болады. Мұнда өзгеріссіз оның басты постулаты шектеулі шамаларды, шектеуліпайдалылықты, шектеулі табысты, шектеулі шығындарды т.б зерттеу болып қалды. Алайда, маржинализмнің болымсыз қасиеті де бар: ол артығымен математикаланған абстрактілі пікірлерге толып кеткен, графиктер мен формулалармен жүктеліп кеткен. Ал ең бастысы әлеуметтік мәселелерге көңір аудармауы болды.

     Маржинализмнің  әлеуметтік мәселелерді шешуге қаблнтсіздігінің реакциясы ретінде институционалды - әлеуметтік бағыт пайда болады. Оның өкілдері: Т.Выблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гельбрейт, Г.Мюрдаль және т.б.

     Шеткі пайдалылық. Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық қажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандайда бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туындайды. Оған рынок деп жауап береді. Шеткі пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.

     Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын.  Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани  иігіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалақ іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шеткі пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шеткі пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шеткі пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шеткі пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы , оның шеткі пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде олда шеткі пайдалылықпен анықталады.

     Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын  экономисі А.Маршалл болып табылады. Шеткі пайдалылық теориясының біржақтылығын  ол бағалықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А.Машалл шекті пайдалылық теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырады. 

     Сұраныс пен ұсныс.Сұраныс пен ұсынысты талқылыай тұрып, алдымен нарық деген ұғымды түсініп алуымыз қажет. Өйткені, бұл ұғымды түсініп алғаннан кейін ғана біз оның басты элементі - сұраныс пен ұсыныстың толық мәнін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

           Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы; 2) өзара  айналым сферасын сипаттайтын тауар  – ақша қатынастары; 3) сатушылар  мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік; 4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

     5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы  өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

     Сұраныс әрқашанда сатып алушылар (тұтынушылар, үй шаруашылықтары) тарапынан болады. Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі  бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады. Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады. 

     Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен  артық көруiне сүйену және өзiнiң  табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы  жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң  қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.

     Бiрақ  шын мәнiнде тұтынушылардың табысына байлаынсты олардың бюджеттiк шектеу қисығы орын алып, тұтынушылардың таңдау деңгейi әр түрлi болып және ол ылғи да өзгерiп отырады. Яғни нарықта  көптеген тұтынушылардың таңдауы әр түрлi болып келедi. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының немесе сатып алушының бiр тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемi арасындағы тәуелдiлiк.

     Енді  біз ұсынысты талдауға көшсек, нарықта ұсыныс әрқашанда сатушылар (фирмалар, тауарлар мен қызметтерді өндірушілер) тарапынан орын алады. Ұсыныс дегеніміз сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді.

     Бұл тақырыптарды қорыта кетсем, Экономиканың дамуы біраз уақытты қажет етті. Экономика дамуы 3 мектептен тұрады. Соның ішіндегі Маржинализмге тоқталатын болсақ, ол мектептің экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. нарықтық реттеу экономикасын тұрақсыз етеді. Сұраныс пен ұсыныста, Тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын сұраныс көлемі соғұрлым төмендей береді және тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын сұраныс көлемі соғұрлым жоғарылай береді, ал  ұсыныста тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, ұсыныс көлемі де соғұрлым жоғары болады, және керісінше, тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, ұсыныс көлемі де соғұрлым төмен болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

www.shpora07.narod.ru

Информация о работе Маржинализм мектебі