Макроэкономикалық тепе-теңдік.Ұлттық табыс деңгейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 05:33, лекция

Описание работы

Макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен зардаптары бір уақытта зерттеледі.Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды(инфляция,экономикалық өсу,жұмыссыздық) зерттейді.
Макроэкономикаға қатысты заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Содержание

1.Макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
2.Ұлттық табыс
3.Инвестиция және қолда ұстаудың тепе-теңдігі
4.Мультипликатор

Работа содержит 1 файл

Макроэкономикалық тепе.doc

— 49.00 Кб (Скачать)

Макроэкономикалық тепе-теңдік.Ұлттық табыс деңгейі.

Жоспар:

1.Макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы

2.Ұлттық табыс

3.Инвестиция және қолда ұстаудың тепе-теңдігі

4.Мультипликатор

 

   І.Макроэкономикада ұлттық шаруашылықтың барлық қатысушыларының бірлескен экономикалық қызметінің нәтижелері мен  зардаптары бір уақытта зерттеледі.Макроэкономика экономикаға тән жалпы құбылыстарды(инфляция,экономикалық өсу,жұмыссыздық) зерттейді.

   Макроэкономикаға қатысты  заңдар  үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

   Экономикалық  ілімді макро және микроэкономика деп бөлу  ХХ ғасырдың 30-жылдары Д.М.Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды.Өткен барлық көрнекті экономистер:меркантилистер,физиократтар,классикалық саяси экономияның өкілдері-ұлттық өндірістің көлемі,жұмыспен қамту деңгейі,инфляция және басқалар сияқты экономикалық мәселелелрге көңіл қойған.

   Жалпы экономикалық тепе-теңдік деп ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі  қамтамасыз етілген жағдайда айтады.

    Нақты өмірде тепе-теңдік сирек жететін,тез өтетін құбылыс болып табылады.

    Қоғамдық ұдайы өндірісте тепе-теңдікке барлық  тауарлар сатылған,бірақ өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарылған жағдайда ғана жетуге мүмкін.

   Алғаш  рет  осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың негізін салушы физиократ Франсуа Кенэ,кейін қоғамдық өндіріс деңгейіндегі  тепе-теңдік мәселесімен айналысқан  К.Маркс болды.Ол  қоғамдық өнімнің барлық бөлігі құн және табиғи формада қайтарылса тепе-теңдікке жетуге болады деп есептеді.

   Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы,фирмалар,үкімет болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады.

   Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай нысанда ,сонымен қатар табиғи-заттай жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Экономикалық айналым моделі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             ҰЛТТЫҚ ТАБЫС

 

     Макроэкономикалық теңдікті табу үшін,міндетті түрде жинақталған сұраныс пен жинақталған ұсыныстың категориясын қарастырамыз.Жинақталған сұраныс-бұл ұлттық өнірістің нақтыкөлемі,тұтынушылардың,кәсіпорынның,мемлекеттің кез келген баға деңгейінде сатып алуы.АД-тауар нарығында ұсынылған соңғы тауарға және қызметке барлық сұраныс қосындысын көрсетеді: АД=С+І+ДР+Х

С-үй шаруашылығының жиынтық сұраныс,І-капитал құралдарына сұраныс,ДР-мемлекет тарапынан тауарға және қызметке сұраныс,Х-таза экспорт,шетелдік,отандық  тауарға сұранысы мен отанның шетелдік тауарына сұранысы арасындағы айырма.

    Экономиканы жүргізу қабілеттілігі ол немесе  басқа тауар мен қызмет  көрсету көлемі қолданып отырған  өндіріс факторының  саны мен сапасына ықпал етеді(жер,еңбек,капитал).Өндіріс факторының санының  өсуі немесе сапасының  көтерілуі өндіріс қуаттылығының өсуіне әкеледі.

   Жинақталған ұсыныс баға деңгейіне тәуелді.Өте жоғары баға өндіріс тауарын және оған ұсынысты ынталандырады.Ал өте төмен баға керісінше өндірісті және тауарға ұсынысты қысқартады.

1.Жинақталған сұраныс  жинақталған ұсыныстан  көп делік АД>АS.Тепе-теңдікке шығу үшін екі вариантты болуы мүмкін.

-Өндіріс көлемін өзгертпей бағаны көтеру.

-Шығарылған өнімді кеңейту.

Егер фирма екінші жолды таңдаса,онда шығарылатын  өнім көбейеді,не өндіріс жиынтық шығыны өсуіне әкеледі.Сондықтан,жаңа нүктеде теңестіру өндіріс көлемінде үлкен мағынада сәйкестенеді

Қорытынды:ұлттық табыс өседі.

2.Жинақталған сұраныс ұсыныстан төмен болса,АД<АS.Мұнда да екі вариантты болуы мүмкін.

-Өндірісті қысқарту

-Өндіруді өзгеріссіз қалдырып,бірақ бағаны азайту жолы.

Кәсіпкердің бірінші әрекеті:өндіріс көлемін қысқартып тауарды тиімді бағамен  қоймадан сатады.Егер мақсатқа мұнымен жетпесе,онда дереу бағаны азайту керек.

Қорытынды:ұлттық табыс төмендейді.

   Ұлттық табысқа әсері белгісіз,өнім көлемі мен баға әр түрлі бағытта болады.Егер жинақталған сұраныс(АД) төмендесе,онда өнім шығару және баға түседі.Баға деңгейі азаюы қарқындап жұмысшыларды босатуға дейін алып келеді.Бұл  ұлттық табыстың төмендеуіне әкеледі.

 

 

 

 

 

 

 

                 Инвестиция және қолда ұстаудың тепе-теңдігі

 

Нарықтың тұтынудан кейінгі компоненті-инвестиция.Инвестиция-бұл табыс алу мақсатындағы елдің ішіндегі жеке салаларға  және шетке ұзақ мерзімді мемлекеттік және капитал салымдары.

Инвестиция төмендегідей салаларға бағытталады:

-жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;

-Жаңа техника және технология,жаңа жабдықтар сатып алуға;

-Шикізат пен материалдарды қосымша алуға;

-Әлеуметтік нысананы және пәтер құрылысына.

Осы бағыттарға байланысты:

-Негізгі капитал инвестициясы.

-Тауарлы материалдық қорлар инвестициясы;

-Адам капиталы инвестициясы болып бөлінеді.Бұдан басқа жалпы және таза  инвестициялар болады.

   Жалпы инвестициялар-ескі жабдықтың орнын басуға кеткен шығындар(амортизация)+өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.

   Таза инвестиция –негізгі капитал мен амортизация  қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция.Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болсаэкономика өседі.Егер таза инвестиция нөлдік мөлшерді құраса(жалпы шығын мен амортизация тең болса),онда экономика статика (тұрақты қалып) шамасында болады.Егер таза инвестиция теріс мөлшерді құраса(жалпы шығын амортизациядан төмен),онда іскерлік белсенділіктің қажеттілігін көрсетеді.

   Инвестициялық сұраныс факторына жатады:

-табыс мөлшерінің күтімі;

-Банкілік мөлшердің пайыздық мөлшерлемесі.

Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болған сайын,инвестиция өседі.

Пайыздық мөлшерлеме-бұл фирманың қарызға ақша алғанда  төленетін бағасы.

   Табыс пен инвестицияның тәуелділігі мультипликаторда көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Мультипликатор.

 

Мультипликатор(латын тілінен-көбейтемін)-бұл инвестиция мен табыс мөлшері арасындағы өзгерісті көрсететін коэффициент.Инвестиция өскенде,ЖҰӨ-де  көп мөлшерде өседі.Бұл өсудің көбейткіш әсерлі мөлшері мультипликаторлық әсер деп аталады.

    Мультипликатор инвестиция көлемі көбейгендегі ЖҰӨ мөлшері көбеюін көрсететін сандық коэффициент.Айталық инвестиция артуы 10 млрд.теңгені құрайды,ал ЖҰӨ 20 млрд.теңгеге өсті.Сәйкес мультипликатор-2.

    Қорыта келгенде:

І.Халықтың тұтыну шығындары қаншалықты  қосымша  көп болса,онда мультипликатор шамасы да көп болады,сәйкесінше жетілдірілген ЖҰӨ жетілдірілген инвестиция көлемімен берілген.

ІІ.Халықтың қосымша қор жинауы көп болса,онда мультипликатор мөлшері аз,жетілдірілген инвестиция көлемімен берілген.Табыс өсуінің инвестиция өсуіне әсерін белгілеуге акселератор ұғымы қолданылады.

     Акселератор(латын тілінен-тездеткіш)-ағымдағы жылғы инвестицияның өсуінің,өткен жылғы ұлттық табыс өсуіне  сандық қатынасын  көрсететін коэффициент.

 

 

Информация о работе Макроэкономикалық тепе-теңдік.Ұлттық табыс деңгейі