Лекции по "Экономической теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:17, курс лекций

Описание работы

МОДУЛЬ 1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯҒА КІРІСПЕ.
МОДУЛЬ 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
МОДУЛЬ 3. ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС: МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Работа содержит 1 файл

Лекция.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

5. Тұтынушының күтуі.

Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.

Ұсыныстың икемділік  коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.

 

Ed=∆Q/∆P

 

Бәсекелі рыноктағы  тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс  пен ұсыныстың ерекшеліктеріне  байланысты.

 Қорыта айтқанда, уақыт  мерзімі өскен сайын ұсыныстың  икемділігі жоғарылайды, ал бұл  тиімді бағалардың қалыптасауына  мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне  байланысты ұсыныстың бейімделу  жылдамдығы экономикалық ресурстардың  мобилділігіне тәуелді.

 

МОДУЛЬ 3. ЖЕКЕ-ДАРА ҰДАЙЫ ӨНДІРІС: МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Тақырып 9.Кәсіпкерлік  қызмет,оның негізгі түрлері мен  бағыттар

   Лекция жоспары:(1 сағат, 7 апта)

     1.  Кәсіпкерліктің  әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық       белгілері.

     2.  Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.

3. Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпкерлік: қалыптасу және даму  проблемалары.

       Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі-кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

        Кәсіпкерлік дегеніміз-адамдар мен  олар құрған бірлестіктердің  белсенді, дербес шаруашылық қызметі.  Оның көмегімен адамдар тәуекелге  бел буып, мүліктік жауапкершілікті  сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада,ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық процеске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілген концультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

ҚР кәсіпкерлік қызметтің  субъектісі мыналар:

1. Қазақстан Республикасының  және басқа да елдердің азаматтары (қызметкері заң талабына сай  болса ғана);

2.Заңды түрдегі шетел  азаматтары мен өкілеттілігі  шектеулі тұлғалар;

3. Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің мәртебесі заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерліктің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР заңдарымен реттелетіндер:

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүлік сатып алу;
  • барлық субъектілерінің рыноктағы материалдық еңбек, ақпарат және табыс ресурстарға қол жеткізудің құқығы; 
  • меншік түрлеріне және ұйымдастыру формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
  • кәсіпорынның мүліктерін заңсыз айырудан қорғау;
  • нарықтық монополия жағдайында кәсіпорындар мен тауар өндірісінің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.

2-сұрақ. Кәсіпкерлік  қызмет:

- өндірістік;

- коммерциялық;

- қаржылық;

- кеңестер беру болып  бөлінеді.

Бұлардың өздеріне тәне ерекшеліктері бар.

Өндірістік кәсіпкерлікке  қатысты негізгі қызметтер:

*өнім өндіруге бағытталған  жұмыстар мен қызмет көрсетуді  атқару;

*ақпараттарды өңдеу  және жинау;

*рухани құндылықтарды  игеру;

*тұтынуға жататын  басқа да өткізілімдер.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары  мен сауда-айырбас операцияларынан  тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар  мен қызмет көрсетуді қайта сататын  орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік  қызметтен айырмашылғы-мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлар мен қамтамасыз ету қажет болмайды. Мұндағы еңбасты мәселелер: «нені сатып алу керек», «нені сату керек», «қайда сату керек»-деген сұрақтарға жауап іздеу. Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес жоспар) жасайды.

Қаржылық кәсіпкерлікке  сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда  сату жатады.

Кеңес беру қызметіне:

*жалпы басқару;

*әкімшіліктік басқару;

*қаржылық қолдау;

*маркетинг;

*ақпаратты технология;

*арнайы қызметтер  жатады.

       Кәсіпкерліктің  құқықтары:

  • келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
  • интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
  • өндірістік бағдарламалар жасау;
  • өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
  • ҚР-ның заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
  • сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
  • кәсіпорында басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;
  • кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Кәсіпкер тұтынушының  ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл  тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсіну қажет.

      Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамды табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.

Қазіргі таңда өкілеттілік  пен ресурстарды тиімді пайдаланып, жоғарғы сапалы әрі ең соңғы ғылым жетістіктеріне сай техника мен технологияларды қолдана отырып экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті- шағын инновациялық кәсіпорындар болып табылады.

Алдымен, инновация терминінің түсінігін айтатын болсақ, инновация (жаңартпалар) дегеніміз- тауар мен қызметтердегі технология мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өнімдер.

Ал, кәсіпкер дегеніміз- пайда табу мақсатпен жаңа технологиялар  және қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз етудің жаңа әдістерін іздеумен байланысты экономикалық процестің белсенді мүшесі. Көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге қабілетті болғандықтан шағын инновациялық кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы зор.

Себебі, өнімнің жаңа сапасы мен түрлеріне жаңашылдық енгізу арқылы инновациялық кәсіпорындар өз бәсекелестеріне қарағанда іскер топтың біріне айналып, екпінді оқшауланады.

Кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Бізде оның ішінде шағын кәсіпкерліктің үлесі 90 пайызға  дейін жетеді. 2000 жылғы 1-қаңтардағы мәлімет бойынша Республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның ішінде жұмыс істейтіндері 329 мыңы жұмыс істейді.

      Шағын  кәсіпкерлік кез-келген мемлекет  экономикасының негізгі саласының  бірі. Шағын және орта кәсіпкерлікке кез-келген нарықтық экономикасы дамыған елдерде 10 кәсіпорынның 9-ы кіріп отырады. Егер Еуропа елдерінде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 шағын кәсіпорын болса, онда АҚШ-та ол көрсеткіш 75 кәсіпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсіпорын ғана құрайды екен.

 

2 тақырып. Жеке-дара  ұдайы өндіріс теориясының негіздері.

Лекция  жоспары:

1. Өндірістік қызмет. Факторлардың тиімділік көрсеткіштері.

2. Шекті өнімділіктің  кему заңы.

    Өндіріс –  бұл адамдардың табиғи заттарға  әсер ете отырып материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Ал игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттар.

     Өндіргіш  күштер – бұл қоғамдық өндірістің  жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс  құрал-жабдықтары) факторларының өзара  әрекеті. Адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементі.

     Өндіріс   бұл  қоғамдық  процесс.  Өйткені   бұнда  адамдар  бір- бірімен   бірлесе, яғни  бір- бірінсіз  жұмыс  істей  алмайды.

Өндіріс  процессінде  көбіне  4 стадия  болады.

 

 

 

   


 

 


  


 


 

 


 

Бөлу- өндірілген өнімдердегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір  өнімнің басқа өнімге айырбасталу  процесі.

Тұтыну – адамның  қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы.

Өндірістің  үздіксіз  қайталанып  отыруы – ұдайы  өндіріс  деп  аталады.

Оның  өзі  екіге  бөлінеді:

 

 

Ұдайы  өндіріс



 

Жәй

Өндірістің  бірқалыпта,

өзгеріссіз қайталануы                           




Ұлғаймалы

Ұдайы  өндірістің ұлғайып,

өсіп қайталанып отыруы




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Ұлғаймалы  ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Жай ұдайы өндіріс - өндіріс  процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы.   

     Ұдайы өндіріс  процессі кезінде капитал тоқтаусыз  қозғалыста болады, және мына  схема бойынша айналыс жасайды:       өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу.  Бұл айналыс қайта-қайта  қайталанып капитал айналысын құрайды.   

 

Өндірістің мынадай  формалары болады:

    • Индустриалдыққа дейінгі өндіріс, мұнда, ауыл шаруашылығы және қол еңбегі үстемдік етеді;
    • Индустриалдық өндіріс, мұнда, ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік етеді;
    • Постиндустриалдық (индустриалдықтан кейінгі) өндіріс, мұнда, қызметтер, ғылым, білім және басқа да сфералар үстемдік етеді;

Өндірістік  функция-бұл өндіріс факторларының шығындарының жиынтығы мен максималды өнім шығару арасындағы өзара байланысты көрсететін техникалық арақатынасты айтамыз.

        К.Маркс қоғамдық өндірісті- алғашқы қоғамдық, қол иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік деп бөледі. Маркстік тұжырымдама бойынша, капиталистік өндірістің мақсаты- экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды, бағаны тұрақтандыру, табыстарды әділетті бөлуді және т.с.с қамтамасыз ету болып табылады.

Маркстік теорияда өндіріс  факторларына- жұмыс күшін, еңбек  заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі топ құрады: 1) өндірістің жеке факторы- жұмыс күші және 2) өндірістің заттық факторы- еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді.

Ал, маржиналистік теорияда өндіріс факторларын төрт топқа  бөледі: жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қызмет.

    1. Жер-табиғи фактор деп қаралады, бірақ, ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды, оған өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы қазбалар жатады.
    2. Капитал-өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдалынатын мүліктердің жиынтығы жатады. Оған: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары, т.б.
    3. Еңбек-игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады.
    4. Кәсіпкерлік қызмет- бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті пайдалануды талап етеді.

Өндіріс факторларын  топтастырудың келесідей айырмашылықтары бар:

Біріншіден, Маркстік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Ал, маржиналистер, өндірістік факторларды- өндірістің жүруіне қажет тек жалпы техникалық-экономикалық элементтер деп қарайды.

Екіншіден, маржиналистер капитал деп- еңбек құралдары мен заттары деп түсіндіреді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер болса табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді.

Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.

 

Тақырып 10, 11. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорын капиталының айналымы және шеңберлі айналымы.

Лекция жоспары:( 1 сағат, 8 апта)

  1. Өндіріс факторларындағы сұраныс сипаты.
  2. Өндірістік функция.Шекті өнімділіктің кему заңы.

3.   Кәсіпорын капиталының  айналымы және шеңберлі айналымы.

  1. Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

       Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені  ол барлық заттық факторлар қосымша  құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.

Информация о работе Лекции по "Экономической теории"