Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 12:07, курсовая работа

Описание работы

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................5

1 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІПНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.........................................7
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері .....................7
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері.....13
1.3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар......................19

2 «МАВИД» ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ.....................28
2.1 «Мавид» ЖШС-нің сипаттамасы және өндірістік–шаруашылық қызметін талдау..........................................................................................................................28
2.2 Өнім ассортиментін және өндіріс ырғақтылығын талдау...............................32
2.3 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.......................................................35
2.4 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігін талдау..........................................................................................................................37
2.5 Өзіндік құн, табыс және рентабельділікті талдау............................................39
2.6 «Мавид» ЖШС-нің бәсекелік ұстанымын бағалау..........................................43

3 НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................48
3.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту..48
3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру..58
3.3Ұсынылған шаралар тиімділігінің жинақ есебі.................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................65

Работа содержит 1 файл

onimnin_bsekelestik_kabilettiligin_arttyru_zholdary.doc

— 592.50 Кб (Скачать)

Нормативті  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы есептелінеді:

 

Інп = Qһіn i=1                                                     (4)

 

Мұндағы, Інп - нормативтік  параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің  топтық көрсеткіші;

Qһі - і-нші нормативтік  параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке көрсеткіші;

n - бағалауға қатысатын  нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

Егер де жеке көрсеткіштердің  бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да болмасын параметрлер бойынша  керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.

Техникалық параметрлер  бойынша топтық көрсеткіш мына формула  арқылы есептелінеді:

 

Ітп = Qi* Аіn і=1,                                                   (5)

 

Мұндағы, Ітп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің  топтық көрсеткіші;

Аі - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер  ішінен і-нші параметрдің салмағы;

n - бағалауға  қатысатын нормативті параметрлердің саны.

Нәтижелерді талдау:

а)   Ітп  топтық көрсеткіші берілген өнімнің  техникалық параметрлер бойынша  кажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі  толығырак қанағаттандырылады.

б)     Әрбір техникалык параметрдің салмақтығын  анықтау үшін үлгі, семинар, тұтынушының  сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген  эксперттік бағалау негіз болады.

в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын  қиындық жағдайда, сонымен қатар  техникалық параметрлерден бағдарлық бағалауды өткізу және есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ немесе комплексті параметрлер — одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.

Экономикалық  параметрлер бойынша топтық көрсеткіш  өнімді сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық шығындарын анықтау негізінде есептелінеді:   

 

3 = Зс + Сі т і=і                                                      (6)

 

Мұндағы, 3 - өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін тұтынушының толык шығындары;

Зс - өнімді сатып  алуға кеткен бір жолғы шығындар;

Сі - і-нші жүмыс  істеген жылына қатысты өнімнің  эксплуатациясына кеткен орташа жиынтық  шығындары;

Т - жүмыс уақыты;

і - рет бойынша  жыл.

Мұнда,

Сі = Scj n j=1                                                                   (7)

 

Сj – j -нші бап бойынша  эксплуатациялық шығын;

n - эксплуатациялық шығындардың  баптардың саны.

Егер өнім эксплуатациядан  кейін сатылатын болса, онда толық  шығындар ол үшін табыс шамасына азаюы  керек (берілген бап үшін көрсеткіш формулаға минус таңбасымен еңгізіледі).

Экономикалық параметрлер  бойынша топтық көрсеткіш мына формула  арқылы есептеледі:

 

Іип = 3/Зо                                                   (8)

 

Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; 3, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық шығындары.

Бәсекеге қабілеттіліктің  интегралды көрсеткішінің формуласы:

 

К = Інп * Ітп / Іэп                                                 (9)

 

К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.

Нәтижелерді талдау:

К - өнімді сатып алу мен  тұтынуға кеткен тұтынушының бірлік шығынына шакқандағы тұтынушылық тиімділігіндегі  салыстырылатын өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К<1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда төмен; ал егер К>1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда жоғары; егер екі тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.

Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған  аналогтар бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде  есептелінеді:

 

Кср = Зкі * Rі i=1                                       (10)

 

Мұндағы, Кср - үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі - і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Rі - аналогтар  тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;

n - аналогтар  саны.

Бағалаудың  аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті әдістің қосындысы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге қабілеттілігі; кэсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-техникалығы өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін косады:өндірістің техникалық деңгейін (Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылык деңгейін (Кұд).

Олар жекелік  көрсеткіштердің функциясы ретінде  анықталады

(xi ..., xn

 

Кұд,Ктд = f1(хi ...,хn),                                         (11)

 

Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:

 

Хі = Пфі/Пні                                                  (12)

Мұндағы Пфі - і-нші  факторының деректік мәні, өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі  жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;

Пні - қағидалық  немесе жоспарлықта дәл солай.

Жалпыландыру  көрсеткішін келесі формулалар бойынша  табамыз:

 

Кұд, Ктд = аі * хi + ... + аn * хn                            (13)

 

Мұндағы Атд  жэне Аұд - өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің салмақтандыру коэффициенттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше  әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі  тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының  бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі теориясында негізделген әдіс.

Матрицалық  әдіс негізінде координаттар жүйесінің  қағидасы бойынша жасалынған матрица  талдауы жатыр. Мұндай әдістерге  келесі матрицалар: ВСG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың  өрісі жатады.

Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.

Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның каржылык жағдайының көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады.

Тауар сапасының  теориялық мәні — тұтынушылардың тауарға деген сұранысын қанағаттандырудың  түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.

Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін пайдаланылады.

Егер салыстыру  үшін базаны анықтау мүмкін болмаса  үлгі арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының  жарнама әдісі қолданыла алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті модельдейді және оның параметрлерін бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру аркылы бағаланады. Салыстырылатын параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық жэне экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.

1.3 Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

 

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп көрсетуге болады:

• Өнім және қызмет сапасы;

• Өнім және қызмет бағасы;

• Персоналдың квалификациялық  деңгейі;

• Өндірістің технологиялық деңгейі;

• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;

• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс  және ұсыныс. Енді бұл факторларды  ашып талдайық.

Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі бір сапаға ие болғаннан  кейін ғана аналогтар қатарында лайықты оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзак уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, бір рет қолда-натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс:

• Физикалық;

• Техникалық;

• Сенімділік;

• Эксплуатациялық;

• Эстетикалық;

• Қауіпсіздік;

• Экологиялык;

• Шығынды (эксплуатациямен  байланысты шығындар), т.б.

Өнімнің бөсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.

Өнімнің бағасы. Баға — өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып табылатын экономикалык категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:

1.өндіріс жалпы  шығыны;

2. қоғамдық еңбек  шығыны;

3. өнім саны;

4. өнім қызметі мен қасиеті;

5. персоналдың  квалификациясы;

6. өндірістің  технологиялық деңгейі; 

7. Мемлекеттің  салық туралы заңы;

8. Өнімді тасымалдау  және сақтаумен байланысты шығындар;

9. Өнімді өткізу  үшін ғимараттар арендасымен  байланысты шығындар;

10. Өнімнің орамы;

11. Фирманың  танымалдылығы; 

12. Сервистік  және кепілдік қызмет көрсетуінің  деңгейі; 

13. Фирманың  маркетингтік қызметі; 

14. Өнімге сұраныс  пен ұсыныс;

15. Фирманың  сФеникс нанық баға стратегиясы. 

Кәсіпорынның  баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады.


 

Сурет 3.  Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру

 

Баға қалыптасу  стратегиясын таңдағанда белгілі бір  өнім үшін қандай мақсат қойылатынын  анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар қойылады:

• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік кезінде;

• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;

• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;

• Өнім сапасының  көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір өнімнің имиджін  қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.

Бағаның өзгеруі  факторлар эсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш кезеңге бөлінеді:

• Баға қозғалысының ұзак мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялык саясаттың, табиғи құбылыстардың әсері  нәтижесінде тауардың және ақша құнының  өзгеруін көрсетеді;

• Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі нәтижесінде пайда болады;

• Қыска мерзімдік бағаның  өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер етеді.

Бағаның түрлері:

1.Көтерме баға  – кәсіпорын үлкен мөлшерде  басқа кәсіпорындарға, сауда ұйымдарына  өткізеді;

2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға;

3. Дайындау бағасы - ауылшаруашылық  өнімдерін сатып алу; 

4. Бөлшек сауда бағасы - тұрғындарға сату бағасы;

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары