Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 07:42, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти-
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала-
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан
көрінеді.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары.doc

— 120.50 Кб (Скачать)

              Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары 

         Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

        Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәти- 
желілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен 
пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың 
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік сала- 
дағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан 
көрінеді. 

      Кәсіпорын экономикасы - өндірістік жэне өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кэсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.

              Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда         

    -өндірісті қорлар мен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;

                    - өндірілген өнімнің саны мен сапасы;

                   - өткізу көлемі;

-өткізуден түскен кіріспен пайда. Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі жэне сыртқы жағдайлар айқындайды.

                Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:

                 1. Өндірісті цорлармен цамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:

                         - ғимарат, құрылыс,

                         - құрал-жабдық, аспаптар,

                         - жер,

                       - шикізат-материалдар,

                         - отын,

                       - жұмыс күші,

                      - ақпарат және т.б. жатады.

                        2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық 
               дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:

                      - ғылыми-техникалық прогресс;

                       - өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

                       - кадрлардың біліктілігін жетілдіру;

                        - инновация мен инвестиция.

        3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет- 
терінің коммерциялыц сапасын қалыптастыру фак- 
торлары:
тиімді коммерциялық және жабдықтау қызмет- 
тері.

              Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:

       1. Жер.  Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану 
мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдала- 
нылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны 
толмайтын" болып бөлінеді.

      2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қаты- 
сушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.

     3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты 
және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қыз- 
мет керсетіледі.

     4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.

       5.Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай  шектелген ақша қаражаты.

   Кәсіпкер— жеке тұлға, ол:

               - өндірістік-шаруашылық;

      - көтерме сауда

      - инновация;

                     - кеңестер беру;

                   - коммерциялық делдалдар;

     - бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

      Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға жэне сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:

     - зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін;

     - алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;

    - одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.

         Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері 

             Кәсіпкерлік субектісі

    1.Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана).

     2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.

   3.Азаматтық бірлестіктер.

            Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

    1. Меншік иесініц өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

     2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. 
     
Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.

              Бұл келісімде:

                    - мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;

                    - әр түрлі қызметті іске асыру;

      - материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;

    - келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалад ы.

        Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

                Кәсіпкердің құқықтары

      - келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржықаражат тарту;

      - интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

                     - өндірістік бағдарламалар жасау;

     - өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

     - Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

     - сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру; 
     -  кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;

     - кәсіпорын иесінін атынан кызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

        Кәсіпкер тұтынушынын ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.

               Мәселен, бұлар

              - ғимарат және құрал-жабдықтар;

               - үй-жай, мүлік;

                      - өндіріс және тұтыну тауарлары;

                      - ақпарат;

            интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент);

                      - ақша, валюта, құнды қағаздар;

                     - басқа да тауарлар, жұмыстар мен кызметтер болуы мүмкін. 

                Кәсіпкерлік қызмет:

                - өндірістік;

                        - коммерциялық; 

                        - қаржылық;

                       - кеңестер беру болып бөлінеді. 

                  Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.

                 Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

        - өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

                        - ақпараттарды өңдеу және жинау;

                        - рухани құндылықтарды игеру;

                        - тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

                Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

                       -өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

                      - коммерциялық сауда мекемелері;

                       - тауар-қор биржалары; 

                      - банктер мен халықтар.

        Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және қандай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген сұранымның тұрақтылығы, келешек даму теңденциясы, тауарларды сатуда ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар, өткізу көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.

        Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.

       Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

              Мұндағы ең басты мәселер:

                     - "нені сатып алу керек";

                     - "нені сату керек";

      - "қайда сату керек" деген сұрақтарға жауап іздеу. 
       Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.

      Міне, осылардың қорытындысында:

                       - сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;

      - тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп

         айырысулар;

            

                      - шығын мен ақырғы нәтижелер;

                      - жұмысшылардың саны;

                      - көлік жұмысының ауқымы;

                       - жарнама;

      - коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады.

               Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:

      - тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;

      - ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға       төлем жасау;

      - тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;

                       - тауарларды өткізу нысандары;

        - несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;

мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

      Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға етуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

Информация о работе Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары