Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:54, реферат
Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және нысандары.
6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері.
6.2. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары.
6.3. Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары.
Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және нысандары
Кәсіпкерлік
қызмет, оның негізгі түрлері және
нысандары. 6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні және белгілері. 6.2. Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары. 6.3. Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары. Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері. Кәсіпкерліктің белгілері: • шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі • экономикалық мүдделілігі • шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі • белсенді ізденуі • жаңалықтығы Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер. Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар. Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері: 1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді. 2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді. 3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді. 4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады. 6.2. Кәсіпкерліктің
экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
жағдайлары. |
1. Кәсіпкерлік
қызметтің теориясы және
ұйымдық нысандары.
1.1. Кәсіпкерлік
қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің
артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік
– адам қызметінің ерекше саласы және
ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып
тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі
Гарвард университетінің профессоры –
Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді.
Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер
болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші
жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік
жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз
экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай
деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік
шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық
әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес
ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі
кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар
болғанымен, оларды бір бірімен баламалап,
теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің
түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство)
– новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш.
Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар
ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік»
деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік
дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты
аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске
қатысатындардың барлығының қолынан келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып,
той-думан жасағанда, барлық күш қуатын
барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен,
мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен,
яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар
құра білу, бәсекелестеріне қарағанда
айналасына басқаша көз қараспен қарауда
оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен
мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар
жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес –
бұл табыс әкелетін адамның экономикалық
қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның
экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті
жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты
жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге
асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде
олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады.
Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын
болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині
қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің «Шаруашылық серіктестігі
жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»
Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық
серіктестігінің түріне қарай жеке және
ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық
жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған
салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің
толық мүлкімен және біреудің салынған
салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен
және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік
мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік
және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі,
шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе,
екіншісі – оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық
есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік
– толық шаруашылық есеп, қазыналық –
толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет
өндірістік звеносының негізі болып табылады.
Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын»
мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз.
Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы
бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған
бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс
енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты,
бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз.
Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар
жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік
қызметінде толық өз бетінше еркіндігін
алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен
техникалық, ұйымдық, экономикалық және
құқықтық тұрғыдан дараланған.
Шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерліктің дамуы облысымыздың ең маңызды бағытының бірі болып саналады және болашағы зор. 2011ж.01.04. облысымызда 5090 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген, оның 3099 (60,5%)- жұмыс істейтіндер, немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар.
Жұмыс істейтіндердің 1449 (46,8%) белсенділер болып саналады және өнімдер өндірумен айналысады немесе кәсіпорындарға және халыққа қызмет көрсетеді.
Облыста әртүрлі себептермен әрекетсіз шағын кәсіпкерлік субъекті саны 1991 (39,5%), 68 таратылу үстінде.
2011 жылдың наурыз айына 27 жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, ол қосымша 162 жаңа жұмыс орындарын ашуға себеп болды.
Шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің ішінде ұйымдық-құқықтық
нысаны бойынша басымдылығы
Облыстың аумақтық бөлігінде белсенді шағын бизнес субъектілердің ең үлкен үлес салмағы Т Рысқұлов ауданында 55,6 % және Сарысу ауданында 56,3%.
Іс-әрекетпен айналысып жатқан белсенді шағын кәсіпкерлік субъекті аз үлесі Жамбыл ауданында 44,8% және Байзақ ауданында 44,1%.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы облысымыздың ең маңызды бағытының бірі болып саналады және болашағы зор. 2011ж.01.04. облысымызда 5090 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген, оның 3099 (60,5%)- жұмыс істейтіндер, немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар.
Жұмыс істейтіндердің
1449 (46,8%) белсенділер болып саналады және
өнімдер өндірумен айналысады немесе
кәсіпорындарға және халыққа қызмет көрсетеді.
Облыста әртүрлі себептермен әрекетсіз
шағын кәсіпкерлік субъекті саны 1991 (39,5%),
68 таратылу үстінде.
2011 жылдың наурыз айына 27 жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, ол қосымша 162 жаңа жұмыс орындарын ашуға себеп болды.
Шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің ішінде ұйымдық-құқықтық
нысаны бойынша басымдылығы
Облыстың
аумақтық бөлігінде белсенді шағын
бизнес субъектілердің ең үлкен үлес
салмағы Т Рысқұлов ауданында 55,6
% және Сарысу ауданында 56,3%.
Іс-әрекетпен айналысып жатқан белсенді
шағын кәсіпкерлік субъекті аз үлесі Жамбыл
ауданында 44,8% және Байзақ ауданында 44,1%.
Шағын және орта кәсіпкерлердің белсенді субъектілер санының даму
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыспен қамтылғандар саны
Заңды тұлғалар
Облыста 8581 заңды тұлға және 1784 бөлімдері мен өкілдіктері тіркелді. Мемлекеттік меншік нысаны ретінде 1721 (20,1 %), жеке меншік –6789 (79,1 %) және шетелдік – 71 (0,8%) құқықтық бірлік тіркелді. 7864 (91,6%)шағын, 626 (7,3 %) орта, 91 (1,1%) ірі кәсіпорындар. Тіркелген заңды тұлғалардың 5830 немесе 67,9 % іс-әрекетпен айналысып жатқандар, олардың 3771 (64,7 %) белсенділер, яғни экономикалық қызметпен нақты шұғылданатындар.
Есеп беріп отырған уақытта 6139 заңды тұлғалар және олардың 837 бөлімдері жойылып, 103 заңды тұлға таратылу жағдайында тұр. Жұмыстарын белсенді атқарып жатқан кәсіпорындардың ең жоғары деңгейі Жуалы ауданында, жалпы тіркелкен кәсіпорындардың 80,1 % және Талас ауданында 75,5 % шоғырланған.
Тіркелген заңды тұлғалар серпіні
Тіркелген заңды тұлғалардың саны аудандар бойынша
Информация о работе Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері және нысандары