Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 12:56, реферат
Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік деген ұғымды білдіреді.
Капиталдың өсуі капиталистердің ақысыз иемденетін жалдамалы жұмыстарының еңбектерінен өндірілетін қосымша құн. Заттай және моральдық жағынан тозған, ескерген құрал-жабдықтарға кеткен шығындары амотизация жолы арқылы өтеліп отырады.
Ақша ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.
Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады.
Жұмыс күші тауар құнының төменшгі шекарасы болып жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек рыногында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі, міне осы қосымша құн болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржы қоры күнделікті
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтуға болады. Қандай да болмасын, бір капитал өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды.
Егер
ақшалардың құнды еселеу құралы ретінде
қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда
көп құн алу үшін болса, онда ақшалар капитал
бола алады.
Қолданылған әдебиеттер
1.Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары . Алматы, 2000
2.Сейткасымова Г. Деньги, кредит, банки. Алматы, 1999
3.Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие Алматы, 2004
4. Ақша. Несие. Банктер Алматы 2001
5. Жукова Е. Деньги, кредит, банки. ЮНИТИ 1999
6.Лексис В. Кредит и банки Перспектива, 1994