Экспорттық бақылау туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 07:41, реферат

Описание работы

МАЗМҰНЫ Осы Заң халықаралық және ұлтқ қауiпсiздiк мүддесiне орай қаружараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылымитехникалық ақпарат пен өрсетiлетiн қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.

Работа содержит 1 файл

Экспорттық бақылау туралы.docx

— 25.03 Кб (Скачать)

 

 

Экспорттық бақылау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 300 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  Жаршысы, 2007 ж., N 16, 132құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 8 тамыз N 235236

МАЗМҰНЫ Осы Заң халықаралық  және ұлтқ қауiпсiздiк мүддесiне орай қаружараққа, әскери техникаға, ядролық  және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылымитехникалық ақпарат  пен өрсетiлетiн қызметтерге экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау режимiн  нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн  белгiлейдi.

1бап. Осы Заңда пайдаланылатын  негiзгi ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар  пайдаланылады: 1) екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар  азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қаружарақ, әскери техника  мен қдәрiлер, оның iшiнде жаппай қырыпжоятын  қару мен жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдықтар, материалдар, шикiзат, технологиялар  мен ғылымитехникалық ақпарат;

2) жаппай қырыпжоятын қару химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық,  ядролық және уытты қару;

3) жеткiзу құралдары жаппай қырыпжоятын  қаруды жеткiзуге қабiлеттi зымырандар  мен ұшқышсыз ұшу аппараттары  (500 килограмнан кем емес пайдалы  жүктеменi 300 километрге және одан  да ұзақ қашықтыққа жеткiзуге  қабiлеттi);

4) зияткерлiк шығармашылық қызмет  нәтижелерiне құқықтар қаружарақпен, әскери техникамен, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай  қырыпжоятын қаруды жасауға арналған  технологиямен байланысты ғылыми  еңбектерге, электрондықесептеу машиналарына  арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар  мен үш деңгейлi шығармаларға  авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк  үлгiлерге, интегралдық микросхема  топологияларына құқықтар, ашылмаған  ақпаратқа, оның iшiнде "ноухау" өндiрiсiнiң құпияларына құқықтар;

5) импорт өнiмдi Қазақстан Республикасының  аумағына әкелу; 

6) импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi импорттаушының (түпкi пайдаланушының) өнiмдi мәлiмделген  мақсаттарға пайдалану туралы, оны  басқа тұлғаларға бермеу және  оны уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз  үшiншi елдерге керi экспорттауға  жол бермеу туралы жазбаша  сендiруi;

7) кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының  сертификаты) импортталатын өнiмдi мәлiмделген мақсаттарда пайдалану  және оны сатушы елдiң келiсiмiнсiз  үшiншi елдерге керi экспорттауға  жол бермеу туралы алушы елдiң  құзыреттi органы берген алушы  елдiң ресми сендiруi;

8) керi импорт Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес Қазақстан  Республикасының аумағынан бұрын  әкетiлген қазақстандық өнiмнiң  өзгерiссiз жағдайда қайта әкелiнуi;                                                                                                                                                                          9) керi экспорт Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндiрiлген, оның аумағына бұрын әкелiнген өнiмдi әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнiмдi басқа мемлекеттiң аумағынан үшiншi елдерге әкету;

10) Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк  органдары заңдарда белгiленген  құзыретi шегiнде экспорттық бақылауды  жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  орталық атқарушы органдары; 

11) өнiм экспорттық бақылауға  жататын тауарлар, технологиялар,  жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер,  ақпарат; 

12) өнiмдi Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңдеу  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық  тауарларды өңдеу және өнiмдi кейiннен  Қазақстан Республикасының аумағына  әкелу мақсатында оларды Қазақстан  Республикасының аумағынан тыс  жерге әкету және пайдалану; P080070

13) өнiмнiң номенклатурасы (тiзiмi) экспорттық  бақылауға жататын тауарлардың,  технологиялардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн  қызметтердiң және ақпараттың  тiзбесi;

14) сыртқы экономикалық қызметке  қатысушы (мәлiмдеушi) өнiмнiң экспортын,  керi экспортын, импортын, керi  импортын, транзитiн және Қазақстан  Республикасының аумағынан тыс  жерде өңделуiн жүзеге асырушы  жеке немесе заңды ұлға;

15) транзит өнiмге кедендiк бақылау  жасай отырып оны Қазақстан  Республикасының аумағы арқылы  өткiзу;

16) тұтастай қамтитын бақылау  өнiмнiң номенклатурасына (тiзiмiне) кiрмейтiн  өнiмдi бақылау; 

17) уәкiлеттi орган экспорттық бақылау  саласында мемлекеттiк реттеудi  жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; 

18) фирмаiшiлiк экспорттық бақылау  жүйесi экспорттық бақылау ережелерiн  сақтау мақсатында сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылар (мәлiмдеушiлер)  жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкiмшiлiк, ақпараттық және өзге  де сипаттағы iсшаралар кешенi;

19) экспорт өнiмдi Қазақстан Республикасының  аумағынан әкету; 

20) экспорттық бақылау өнiм экспортының,  керi экспортының, импортының, керi  импортының, транзитiнiң немесе өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан  тыс жерде өңдеудiң тәртiбiн  Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк  органдары мен фирмаiшiлiк экспорттық  бақылау жүйесiн пайдаланатын  сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) iске  асыруы жөнiндегi осы Заңда және  Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау саласындағы өзге де  нормативтiк құқықтық актiлерiнде  белгiленген шаралар жиынтығы;

21) ядролық және арнайы ядролық  емес материалдар ядролық қаруды  таратпау жөнiндегi халықаралық режимнiң  талаптарына сәйкес осындай деп  айқындалған материалдар. P930183 Ескерту. 1бапқа өзгерту енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 

2бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау туралы заңнамасы                                           1. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңда белгiленгеннен өзгеше  ережелер белгiленсе, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады. 

3бап. Осы Заңның қолданылу  аясы 

Осы Заңның күшi осы Заңның 8бабында  көрсетiлген өнiмнiң экспортына, керi экспортына, импортына, керi импортына, транзитiне және Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңделуiне, сондайақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) қызметiне қолданылады. Ескерту. 3бапқа өзгерту енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

бап. Экспорттық бақылаудың негiзгi мақсаттары мен принциптерi

1. Экспорттық бақылаудың негiзгi мақсаттары:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз  ету; 

2) жаппай қырыпжоятын қаруды  таратпау режимiн нығайту; 

3) халықаралық қатынастардың тұрақты  және қауiпсiз жүйесiн қалыптастыруға  жәрдемдесу;

4) халықаралық қауiпсiздiк пен  тұрақтылықты нығайту, жаппай  қырыпжоятын қару мен оны жеткiзу  құралдарының таралуын болдырмау  болып табылады.

2. Экспорттық бақылаудың негiзгi принциптерi:

1) жаппай қырыпжоятын қаруды, жеткiзу  құралдарын және қаружарақ пен  әскери техниканың өзге де  түрлерiн таратпау жөнiндегi Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарын  сақтау;

2) экспорттық бақылауды жүзеге  асыруда саяси мүдделердiң басымдылығы; 

3) Қазақстан Республикасының экспорттық  бақылау туралы заңнамасы бойынша  ақпаратқа қолжетiмдiлiк; 

4) халықаралық терроризм мен  экстремизмдi қолдауға жол бермеу;

5) экспорттық бақылау рәсiмдерi мен ережелерiнiң жалпыға бiрдей  танылған халықаралық нормалар  мен практикаға сәйкестiгi болып  табылады.

5бап. Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң экспортқ бақылау саласындағы  құзыретi 

Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорттық бақылау саласында:

1) экспорттық бақылау саласындағы  мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын  әзiрлейдi;                                                                                                                            2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк экспорттық бақылау жүйесiн қалыптастырады; P991917

3) өнiмнiң экспорты мен импортын  лицензиялаудың ережелерiн бекiтедi;

4) импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың)  кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу  және олардың орындалуын тексеру  ережелерiн бекiтедi ;

5) өнiмнiң транзитiне рұқсат беру  ережелерiн бекiтедi;

6) өнiмдi Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңдеуге  рұқсат беру ережелерiн бекiтедi ;

7) сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) фирмаiшiлiк  экспқ бақылау жүйесiне қойылатын  бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi ;

8) өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн)  бекiтедi . Ескерту. 5бапқа өзгерту  енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа  енгiзiледi) Заңымен. 

6бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 

Уәкiлеттi орган: 1) экспорттық бақылау  саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiредi; 2) экспорқ бақылау  саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi; 3) Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк  органдарымен бiрлесе отырып, өнiмнiң  номенклатурасын (тiзiмiн) әзiрлейдi; 4) белгiленген құзыретi шегiнде өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңделуiн  бақылайды; 5) өнiмнiң экспорты мен  импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 6) шет мемлекеттермен және халықаралық  ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы  шараларды әзiрлейдi және ынтымақтастықты  жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк  органдарымен бiрлесе отырып, қажет  болған жағдайда өнiмдi тиеп жiберу алдындағы  кезеңде және оның түпкiлiктi пайдаланылуын  бақылауды жүзеге асырады; 8) кепiлдiк  мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi; 9) өнiмнiң транзитiне рұқсат бередi; 10) мәлiмдеушiлер мен мүдделi мемлекеттiк  органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi, ақпаратты өнiмге жатқызу туралы қорытынды бередi; 11) өнiмдi Қазақстан  Республикасының аумағынан тыс  жерде өңдеуге рұқсат бередi; 12) "Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттiк бақылау  және қадағалау туралы" Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау  критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi. Ескерту. 6бапқа өзгерту енгiзiлдi ҚР 2009.07.17 N 188(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258, 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378(алғашқы  ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк  он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7бап. Қазақстан Республикасының  экспорттық бақылау жүйесi мемлекеттiк  органдарының құзыретi                                                                                                               Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары:

1) өнiмнiң Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз  өткiзiлуiнiң алдын алады және  жолын кеседi;

2) өз құзыретi шегiнде өнiмнiң  экспорты, керi экспорты, импорты,  транзитi және Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс жерде өңделуi мәселелерiн  келiседi. скерту. 7бапқа өзгерту енгiзiлдi ҚР 2010.06.30 N 297(2010.07.01 бастап қолданысқа  енгiзiледi) Заңымен. 

8бап. Экспорттық бақылауға жататын  өнiмнiң түрлерi

қ бақылануға тиiс өнiмнiң түрлерiне мыналар жатады:

1) жай қаружарақ пен әскери  техника, шикiзат, материалдар,  арнайы жабдықтар мен технологиялар,  оларды өндiруге байланысты жұмыстар  мен өрсетiлетiн қызметтер; 

2) ядролық және арнайы ядролық  емес материалдар, жабдықтар,  қондырғылар, технологиялар, иондық  сәуле шғаратын көздер, екiұдай  қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар  және тиiстi тауарлар мен технологиялар,  оларды өндiруге байланысты жұмыстар  мен көрсетiлетiн қызметтер; 

3) экспорттық бақылаудың халықаралық  режимдерiнде белгiленетiн тiзiмдер , тiзбелер бойынша химиялық қару  жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн  химикаттар, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар; 

4) бактериологиялық (биологиялық)  және уытты қару жасау кезiнде  пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалқ жағынан өзгерген  нысандары мен генетикалық материалдың  фрагменттерi, олардың тiзiмдерiн,  тiзбелерiн экспорттық бақылаудың  халықаралық режимдерi белгiлейдi;

5) зымырандық техника, қозғалтқыштар,  олардың компоненттерi, зымырандық  техника жасау кезiнде қолданылатын  жабдық, материалдар мен технологиялар,  олардың тiзiмдерiн, тiзбелерiн  экспорттық бақылаудың халықаралық  режимдерi белгiлейдi;

6) жаппай қырыпжоятын қару түрлерi;

7) ғылымитехникалық ақпарат, көрсетiлетiн  қызметтер және әскери мақсаттағы  өнiмге, екiұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға  байланысты зияткерлiк шығармашылық  қызметтiң нәтижелерi.

бап. Экспорттық бақылау және оны  жүзеге асыру тәртiбi

1. Экспорттық бақылау Қазақстан  Республикасының заңнамасына, Қазақстан  Республикасы ратификациялаған  жаппай қырыпжоятын қаруды, жеткiзу  құралдарын және қаружарақ пен  әскери техниканың өзге де  түрлерiн таратпау жөнiндегi Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарына  сәйкес жүзеге асырылады. 

Информация о работе Экспорттық бақылау туралы