Экономикалык теория бойынша лекция кешени

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 11:43, лекция

Описание работы

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық ой ежелгі дәуірде туындап, даму мен қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы туралы алғашқы ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық, «номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы XVI-XVII ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды.

Содержание

1-ТАҚЫРЫП Экономикалық теорияның қағидалары
Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.
Лекция сұрақтары:
1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
2.Экономикалық түсініктердің негіздері .
3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа содержит 1 файл

лекциялы_+кешен.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың таза көлемінің өсуі мемлекеттің инвестициялық және мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке бизнесті кредиттеу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл таза ұлттық өнімнің мультипликациялық өсуіне әкеледі. Салықтық мультипликатор салықтық түсім көлемінің өзгерістеріне таза ұлттық өнімнің (ТҰӨ) өзгерістерінің қатынасы ретінде анықталады.

Бірақ мемлекет фирмалардың табысына шектен тыс салық мөлшері, соңғыдан капитал жинауға ынтасын жоғалтады. Бұл Лаффер қисығының графигінде көрнекі көрсетіледі (18.3.-сурет).

 

              R                                                      мұнда R –салық мөлшерлемесі,

                                                                                           У – мемлекеттік бюджетке түсім

100 %

 

 

 

 

 

 

              У

 

14.3.-сурет. Лаффер қисығы

 

Алғашқыда салық мөлшерлемесінің өсуімен бюджетке түсімдер де өседі. Бірақ кейбір сәтте, салықтардың шектен тыс мөлшерлемесі өндірістің дамуына кедергі жасайды, ал жүз пайыздық салық мөлшерлемесінде кәсіпкерлер қандай да бір ынталандырудың болмағандығынан өздерінің өндірісін тоқтатады және бюджетке түсім тіптен тоқтайды.

Қазақстанда ҚР Салық кодексімен белгіленген келесі салықтар бар:

1.       Корпоративті табыс салығы.

2.       Жеке табыс салығы.

3.       Қосымша құн салығы.

4.       Акциздер.

5.       Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

6.       Әлеуметтік салық.

7.       Жер салығы.

8.       Көлік құралдарына салық.

9.       Мүлікке салық.

Бұл салықтардан басқа бюджетке алымның 13 түрі, 9 әр түрлі төлем, мемлекеттік баж салығы және кедендік төлемдері түседі.

Бюджеттік үдеріс мемлекеттік табыс пен шығындардың жағдайын теңдестіруді қарастырады. Мемлекеттік шығындардың табыстардан жоғары болуы мынадай себептермен бюджет тапшылығын әкеледі:

а) мемлекеттің өмірдің әр түрлі аясындағы рөлінің өсуі;

ә) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шығынның өсуі;

б) мемлекеттік аппараттың санының өсуі;

в) шаруашылық жағдаятының толқуы, кезеңдік құлдырау мен өндірістің көтерілуі.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістері:

1)      қосымша ақша шығару;

2)      салықтарды көбейту;

3)      мемлекеттік қарыз алу, мемлекеттік кредит;

4)      шығындарды қысқарту.

Мемлекеттік заем шығару нәтижесінде және оны мемлекеттік орналастыру тұрғындардың, банктердің, сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының бос еркін ақша қорларын уақытша тартады. Нәтижесінде біртіндеп жабылатын мемлекеттің ішкі қарызы пайда болады.

Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардабын келесі төрт сәтке бөлуге болады:

1.                                    Сыртқы қарызға қызмет ету қажеттігі осы елдің тұрғындары үшін тұтыну мүмкіндігін елеулі қысқартуға әкеледі.

2.                                    Қарыз экономиканың әрі қарай өсуін шектейтін және капиталдың қысылуына әкеледі.

3.                                    Мемлекеттің өсіп жатқан қарызын төлеу үшін салықтарды көбейту экономика белсенділігін арттыруға қарсы ынталандыру санатында көрінеді.

4.                                    Мемлекеттік қарыз табыстардың теңсіздігін күшейтуге әкеледі.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1.       Нарық экономикасындағы кезеңдер қозғалысы нені білдіреді?

2.       Экстеральдық теорияның кезеңдік ауытқулары қандай факторлармен  түсіндіріледі?

3.       Интеральдық теорияның экономикалық  кезеңдері қалай  қарастырылады?

4.       Экономикалық кезеңнің сыртқы себептерін атаңыздар

5.       Экономикалық кезеңнің ішкі себептерін атаңыздар

6.       Экономикалық кезеңдер дегеніміз не?

7.       Экономикалық әдебиетте кезеңдердің қандай түрлері бөлініп көрсетіледі?

8.       Кондратьевтің « ұзын толқынының» себептері неде?

9.       Китчиннің  шағын кезеңі немен байланысты?

10.   Жугляр кезеңі қандай мезгілді қамтиды?

11.   Өнеркәсіптік кезеңнің материалдық негіздері не болып  табылады?

12.   Өнеркәсіп кезеңі қандай фазадан өтеді?

13.   Экономикада дағдарыс фазасы  кезінде қандай оқиғалар болады?

14.   Дағдарыс кезінде несие  пайызының мөлшерлемесі неге өте жоғары деңгейде болады?

15.   Тоқырау фазасы  үшін қандай оқиғалар сипатты?

16.   Дағдарыс жағдайынан кәсіпкерлер қалай шығады?

17.   Аграрлық дағдарыстың ерекшеліктері немен  байланысты?

18.   Құрылымдық дағдарыс дегеніміз не?

19.   Мемлекеттің кезеңге қарсы саясаты неге бағытталған?

20.   Дағдарысқа қарсы саясатқа неокейнсиандық пен неоконсервативтік көзқарастар немен ерекшеленеді?

 

 

15-тақырып. Экономикалық өсу.

 

Лекция мақсаты:  Экономикалық өсудің мәнін ашу.

 

Лекция сұрақтары:

1.  Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары.

3. Экономикалық өсудің моделі.

 

 

15.1. Экономикалық өсудің түсінігі, оның өлшемі мен тұрпаты

Экономикалық өсу қоғамдық өнімді сапалы және сандық көбейтуімен, сапалы жетілдірілуімен және оның өндірістік факторымен көрінеді. Экономикалық өсу өзінің көрсетілімін нақты жалпы ұлттық өнімнің көбеюінен, елдің экономикалық күшінің нығаюынан табады. Экономикалық өсудің қарқыны нақты жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқынының көрсеткішінің көмегімен сипатталады – бұл белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуіндегі пайызда көрсетілген.

              Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1.       пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2.       өндірістің сандық факторы көбейеді;

3.       өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

Бірінші жағдай төменде келтірілген суретпен көрсетіледі. Экономика ішкі нүкте К-ден шекарадағы өндірістік мүмкіндігі Н нүктесіне ауысады (15.1.-сурет

 

              Екінші және үшінші жағдайда өндіріс мүмкіндігінің шекарасы СД жағдайынан СД жағдайына өзі жылжиды (15.2.-сурет

              Осыдан экономикалық өсуді екі түрге бөледі: экстенсивті және қарқынды.

              Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі.

              Экономикалық өсудің қарқынды түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

15.2. Экономикалық өсудің факторы. Экономикалық өсудің жағымды және кері жақтары

              Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

1.       Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресурстарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

2.       Еңбек ресурстары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

3.       Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

4.       Ғылыми-техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

5.       Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғарғы деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырады.

Экономикалық өсудің факторларын 3 топқа бөлуге болады: ұсыныс факторы (табиғат ресурстары, еңбек ресурстары, негізгі капиталдың көлемі, технология); сұраныс факторы (жиынтықты шығындардың деңгейі) және бөлу факторы (ресурстарды тиімді пайдалану).

Экономиканың үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:

1.       өндіріс көлемі мен қоғам байлығы;

2.       елдің әлемдегі беделі;

3.       адамдардың материалдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;

4.       өндіріс механикаландырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдай жақсарады және т.б. Бірақ экономикалық өсу тұтастай жағымды үдеріс ретінде бағаланғанымен, сонымен бірге, кемістіктен де арылмаған. өндіріс пен индустрияландырудың жаппай дамуы, а) адамдардың өмір сүретін ортасын былғауы мен нашарлатуы; ә) қалалардың үлкейіп, оның халқының көбеюімен, орны толмайтын ресурстарын құрту (көмір, мұнай, металл рудалары және т.б.) жұмыс күшінің мамандықтарын қажеттілікке байланысты жиі өзгертуімен жұмысты өзгертуімен; в) еңбек қызметінің қарқындауымен байланысты проблемалар туындатады.

Экономикалық өсудің факторының жалпы сипаттамасын төмендегі кесте көрсетеді (15.1.-кесте):

15.1.-кесте. Экономикалық өсу

Фактор

Фактордың сандық көрсеткіші

Толық пайдаланудың тәсілі мен тиімділікті көтеру

Тиімді пайдаланудың көрсеткіші

Табиғи ресурстар (жер, пайдалы қазбалар, ауа, су және т.б.)

Әрбір нақты түрдің көрсеткіші

Ең толық шығару, кешенді және терең қайта өңдеу

Өнімнің материалдық сыйымдылығы

Еңбек ресурстары

Еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың саны

Білімнің өсуі, денсаулықтың жақсаруы, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру

Еңбек өнімділігі

Негізгі капитал (кәсіпорынның жабдықтары, халық шаруашылығы барлық аясының транспорт көліктері)

Бағасы

Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру

Қордың қайтарымдылығы

ҒТП

Шығындар

НИОКР аясын дамыту, нәтижелерін пайдалану

Өндірістің тиімділігін көтеру

 

15.3. Экономикалық өсудің моделі

Экономикалық әдебиетте экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Солардың кейбіреуін қарастырымыз:

Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар» және «мультикликатор» санатында (11-тақырыпты қараңыз) негізделеді. Экономикалық өсу алғашқы салынған инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Кейнсиандық мектеп экономикалық өсуді тиімді бірінші кезекте сұраныс факторымен байланыстырады және қысқа мерзімді кезеңде барлығынан бұрын, оны мемлекеттің қазынагерлік және кредиттік саясаттың көмегімен реттей алады. Сұраныстың ең басты бөлігі – мультипликатор көмегімен пайданы көбейтетін капитал салымы. Сонымен бірге, олар пайданың өсуімен келген, яғни, капитал салымының өзі пайданың өсуімен анықталады.

Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсугетек микро және макродеңгейде ғана емес, барлық өндірістің факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми-техн. үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. Өндірістік қызмет аппаратының негізінде келесі қорытынды жасауға болады:

o        капитал мен еңбек өндірістің шекті өнімділік факторының сәйкес келетін негізінде сыйға ие болады;

o        өндірістік қызметтер бір фактордың белгілі бір көлемінің бірлігінен екіншісіне технологиялық өзгерту қоғамға қаншаға түсетінін нақты бағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық өнімнің бір және сол көлемінің өсуін, капитал салымын немесе еңбекті пайдалануды кеңейту жолымен алуға болады;

o        өндірістегі ғылыми-техникалық үдеріс факторының сапалы үлесі мен ұлттық өнімнің өсуін анықтаудағы міндеттер шешіледі.

              В. Леонтьев ұдайы өндіріс  өндірістің – өндірістің, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы рыноктық теңдесудің макроэкономикалық моделін ұсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын-шығару» деп аталады. Бұл кестегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. Біріншіден, басқа салалармен (шығындар) ұсынылған, материалдық игіліктер мен қызметтерді сатып алушылар мен жиынтықты сұраныстың көрсеткіші ретінде – бұл баланс бағаны. Екіншіден, олардың өздерімен ұсынылған (шығару), қызмет пен материалдық игіліктерді сатушылар мен жиынтықты ұсыныстың көрсеткіші – бұл баланс жолдары. Бұл кестені талдау негізінде экономикалық өсуді болжауға болады.

              Экономикалық өсу мен даму проблемаларын зерттеу үшін, В. Леонтьев бәрінен бұрын, «шығын-шығару» тұрақты моделінің серпінді түрін дайындайды, оған ол соңғы сатылым мен соңғы сұраныс деп аталатын төмен түсірілетін капиталдың қажеттілігін қосты.

              «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қау төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек.

Информация о работе Экономикалык теория бойынша лекция кешени