Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:44, реферат
Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырыу
инженерлік – гуманитарлық институты.
Реферат
Тақырыбы:
Экономикалық жүйе және
оның элементтері
Орындаған: «Автоматтандыру және басқару»
мамандығының I курс студентті
Бакесов Б.Қ.
Атырау, 2011 ж
ЖОСПАР
Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.
Оларды техника-экономикалық қатынас ретінде белгілеуге болады. Басқа жағынан экономикалық қатынас – бұл қатынас өндірістің факторларына меншік ретінде анықталатын (өндірістік қатынас) адамдар арасындағы қатынас. Бұл әлеуметтік – экономикалық қатынас.
Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру – экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.
Экономикалық жүйе – бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік.
Экономикалық жүйеден тыс сипаттамасы экономикалық заңдылықты жүзеге асырушы экономикалық қатынас пен институтты ұдайы жарыққа шығара алмас еді, экономикалық құбылыстар мен процестердің теориялық мәнін түсіну үйлеспеуі мүмкін.
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.
Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
-
елдегі шаруашылық шешімдерін
қабылдау жөніндегі: шаралар
- меншік құрылымы;
- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
-
мақсат қою мен адамдарды
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық
құрылым алғашқы екі құрылымның
қызметі жайлы алынған
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.
I. Формациялық көзқарас - Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс - алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген "шығыстық қауым".
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі - суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.
Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.
Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.
Үшіншісі - жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі "оңшыл гуманизм" дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.
Өндірістік қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады.
Өндірісті
бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен
өзара әрекеті қоғамдық-
Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінің даму деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар ерте ме, кеш пе әйтеуір өндіріс тиімділігінің деңгейі анағұрлым жоғары болатын келесі жүйеге ауысуы тиіс.
Формациялық теорияның негізгі жағдайлары:
Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың бірізділікті ауысымы түрінде дамиды;
Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;
Өндірістік қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске қарағанда туынды сипатқа ие болады;
Класстар қоғамның негізгі бірлігі және тарих субъектісі болып, ал класстар арасындағы күрес – класстардың өзара әрекеттесуінің басты формасы болып табылады.
Формациялық теория негізгі іс жүзіндегі философиялық түсінудің үлкен салымы болып табылды. Соның көмегімен адамзат тарихы оқиғаның аралас жиынтығы ретінде емес, оның ішкі даму заңдарымен қисынды жүйесі түрінде алдымызда жатыр. Сонымен бірге бұл теория кемшіліктер ретінің күшіне қоғамдық дамудың жан-жақты теориясы ретінде танысуы мүмкін.
Бұл, өзінің дамуында барлық жақтар мен халықтардың міндетті түрде бес арқылы формациядан өтуі туралы бекітуге қатысты, сондай-ақ өндіріс құралдарының меншік иесі мен меншіктік емес қатынастың арасында антогонистикалық сипаттамаға шектен тыс акцентіне қатысты.
Формациялық әдіс тарихи дамудың түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін бір мәнді түрде көрсетеді. Әр қоғамдық-экономикалық формациялық болып өткенімен салыстырғанда сапалы дамудың жоғарылау сатысына ұсынылады. Сондықтан К. Маркстің коммунистік формациясы қоғам дамуының жоғарғы сатысы өркениеттік әдіс өндірістік-экономикалық фокторлармен емес, барлық материалдық және рухани мәдениет элементтерінің жиынтығымен қоғамдық дамудың түрлі кезеңдердің бөлінуін басшылыққа алады. Сондықтан ол үшін қоғамдық байлық емес, адам дамуының акцентіне тән.
II.
Өркениеттік көзқарас әлемдік
тарихты біртіндеп өркениеті
ауысып отыратын біртұтас
Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.
Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты мәселесі жүйені құрушы белгілерді іздеу. Кейбір авторлар осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет төңкерістерін қарастыруды ұсынады.
Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды (шамамен 6-8 мың жылдар бұрын). Келесісі - өнеркәсіп төңкерісі (300 жыл бұрынғы). Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады (XX ғасырдың орта шені). Ол халықты адамның қажеттіліктерін өтеу сферасына (сауда, қызметтер, көлік білім, ғылым, мәдениет, басқару және т.б.) бейімдейді.
Кейбір экономистер жеті өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры) - 30-35 ғасырлық; шығыстық - құл иеленушілік (қола ғасыры) - 20-23 ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық - 7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық - 4,5 ғасырлық; индустриалдық - 2-3 ғасыр; кейінгі индустриалдық, немесе информациялық қоғам (қазіргі дәуір). Өркениеттік көзқарас таптық шарттамалардан аулақ болғандықтан қазіргі кезде басқаларға қарағанда кеңінен таралған, оның артықшылығының өзі осыдан көрінеді. Сонымен қатар, өркениеттік көзқарасқа сүйене отырып, әр түрлі елдер мен аймақтардың даму ерекшелігін, оларды өзіндік ерекшеліктерінен айыра отырып, бір жалпы схемаға сыйғызуға тырысады; өркениет көзқарасының қауіптілігінің өзі осыдан көрінеді.
Адамзат қоғам дамуының тарихы бір ізді тарихи саты емес, қоғамның белгілі бір жағдайының кезеңі бөлінеді. Өркениеттік әдіс тарихи үрдістің үзілмейтіндігін көрсетеді, оның қозғалысы өзара байланысты және сабақтастығында, рухани және материалдық құндылықтың қалыптасуын білдіреді, олардың дамуын қоғам дамуында көрсетеді. Тарихтың кезеңдеуінің өркениеттік әдіс шотландық философ Адам Фергюсонмен (1723-1816) алғаш рет дайындалды. 1768 жылы шыққан «Адамзаттың қоғам тарихының тәжірибесі» деген кітабында ол адамзаттың тарихын үш кезеңге: жабайылық, тағылық және өркениеттілік деп бөлді. А.Фергюсон ұсынған кезеңдену негізінде материалистік белгілер жатты: шаруашылық қызмет пен меншіктік түрдің дамуы. А. Фергюсон жабайылықты жеке меншіктің әдеттегідей жоқ кезеңі ретінде аңшылық-шаруашылық кезеңі ретінде сипаттады; тағылықты – жеке меншіктің пайда болуының мал шаруашылығы, яғни әлі заңмен бекітілмеген ретінде; өркениетті – жеке меншіктің үстемшілігімен егін шаруашылық кезеңі ретінде сипаттады.
Бұл бөліністі Льюис Генри Морган (1818-1881) өзінің жұмысында пайдаланылды, бірақ әр кезеңді сатыға (төмен, орта және жоғары) бөліп нақтылай түсті және алғашқы қауымның даму белгілерін айқындады. Льюис Генри Морган топтастыруында жүйелі этникалық кезеңдер басым белгілейтін прогрес көрсеткіші ретінде мәдениеттің бөлек материалдық және рухани пайда болуы алынды (отты пайдалануды үйрену, жебе мен садақты ойлап табу, қыша өндірісін енгізу және т.б.).