Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:30, реферат
Экономикалық теория шаруашылықты тиімді жүгізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді.
1. Экономикалық заңның қажеттілігі
2. Табиғи заң мен экономикалық заңның ұқсастығы
3.Табиғи заң мен экономикалық заңның айырмашылығы
4.Экономикалық заңның түрлері
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
СОӨЖ
Тақырыбы:Экономикалық заңдар және табиғи заңдар
Тексерген:Иляшева Гулия Кенжебековна
Жоспар:
1. Экономикалық заңның қажеттілігі
2. Табиғи заң мен экономикалық заңның ұқсастығы
3.Табиғи заң мен экономикалық заңның айырмашылығы
4.Экономикалық заңның түрлері
5.
Экономикалық теория шаруашылықты тиімді жүгізу заңдары мен шаруашылық жүргізуші тұлғалардың әр түрлі деңгейлері мен әр қилы тарихи кезеңдердегі әрекеттерін ұғымдар мен категориялар жүйесі арқылы зерттейді.
Осылайша, экономикалық теория біріншіден, экономикалық заңдарды айқындайды.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады.
Экономикалық заңдар дегеніміз - қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары және қоғамдық өмірдегі болатын құбылыстар мен процестердің пайда болу сипаты,себебі. Экономикалық заңдар – экономикалық қатынастардың, яғни ,өндірістік қатынастардың (өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну) даму заңдары.
Экономикалық өмірдің
заңдары социалистік қоғам
Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар, айырмашылықтары да болады.
Ортақ белгілері жайында айтатын болсақ.
Ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты (қар немесе жаңбыр жауады,адамның қатысуынсыз болатын процестер) , объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Мысалы,баға заңы.Баға нарыққа,сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгілі бір баға құрылады.
Табиғат құбылыстары
сияқты,адамзат қоғамының
Экономикалық заңдар адамдардың
әрекеті мен қызметі арқасында
көрінеді.Адам өз қызметімен объективті
экономикалық заңдарды түсініп,тәжірибеде
саналы түрде қолдануға мүмкіндік
алады.Капитализм жағдайында, Ф.Энгельс
айтқандай, экономикалық заңдарды білгеннің
өзі капиталистеді дағдарыстан,
Экономикалық ғылым
Жұртқа мәлім, адам баласы
ерте заманнан бастар табиғаттың объективті
заңдарын зерттеп, оларды өз мүдделеріне
пайдаланып келген.Мәселен, астрономия,математика,
физика тағы сондай ғылымдардың кейбір
заңдары құл иеленушілік
Ал енді айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекетін, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі), олар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес.
Экономикалық заңдар жеке-жеке бытыраңқы ,өз алдына әрекет етпейді, олар бір- бірімен тығыз байланысты, біртұтас, біріне бірі әсер ететін заңдар. Сол себепті белгілі бір заңның белгілі бір заңның талаптары қаралған уақытта басқа заңдардың әсерін, онымен байланысты болуын естен шығаруға болмайды.
Экономикалық заңдар
мәңгі емес,олар тарихи
Алайда, экономикалық заңдар өздігінен,адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмайды, экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмайды.Керісінше,олар тек адамдардың іс-әрекеттері негізінде ғана қалыптасып,көрініс алады. Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.Демек,экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен,олардың іс-әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп,олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдайтын болса ғана заң жүзеге асады.Бұл талаптарға қайшы келетін кез-келген әрекет,сөзсіз,шаруашылық жүргізудегі қиындықтарға,орынсыз шығындарға соқтырады.
Экономикалық заңдарды
ашып қолдану адамдардан
Экономикалық заңдар-
қоғам дамуының түрлі
Экономикалық процестер
күрделі және сан алуан.
Экономикалық заңдар- адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қатынастарын білдіреді.
Сонымен,экономикалық заңдар- бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы.Олар адамдардаң қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын,жүйелі ұғым - атау формасындағы заңдарын қарастырады.
Ерекше экономикалық
заң
Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары,яғни жекелей алынған дәуірлерге, формацияларға тән.Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалды игіліктерді бөлу заңдары. Солардың ішінен баға заңын алатын болсақ...Баға заңы,социализм кезеңінде өнім өндірістен шыққаннан бастап белгілі бір бағасы бекітіледі және оны ешкім өзгерте алмайды, яғни тұрақты болады.
Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар, яғни барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді.Жалпы экономикалық заңдар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлестіріп, процесс етіп байланыстырады. Мысалы, құн заңы,еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы , қоғамдық еңбек бөлу заңы және басқа да тарихи әлеуметтік қажеттіліктер. Құн заңын алатын болсақ, яғни кез келген қоғамның даму кезеңінде өндіріс бар,ал өндірістен құн жасалынады. Қоғамның даму кезеңдерінде құн сипаты өзгеріп тұрғанымен,құн заңы өзгеріссіз әр кезеңге өтіп тұрады.
Қорыта келе,экономикалық заң - тәжірибе, практикалық қызмет негізінде белгіленген, ғылыми зерттеулер жолымен анықталған экономикалық құбылыстар,үдерістер, олардың шамаларымен және көрсеткіштерімен сипатталатын қатынастар арасындағы тұрақты, елеулі байланыстар , өзара тәуелділіктер. Парасатты тірлік иесі ретіндегі адамның табиғаты оның объективті заңдармен ғана емес,сондай-ақ адамдардың субъктивті еркімен де қамтамасыз етілген экономикалық іс-қылығында көрініс табады.Жеке адамдар және адамдардың топтары өздерінің экономикалық іс-қылықтарында экономикалық заңдар мәжбүрлейтін жолдан ауытқуы мүмкін.Оның үстіне, экономикалық заңдардың жиынтығы экономикалық ғылыммен бір мәнді қалыпта белгіленбеген.Сондай-ақ сұраныс заңы мен ұсыныс заңы,кемімелі табыстылық заңы,өтпелі шекті шығындардың заңы және басқа бірқатар экономикалық заңдар кеңінен белгілі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев. Экономикалық теория. Оқу құралы, Алматы,1999ж.
2.Ержан Байғожаұлы,Экономикалық теория бойынша оқу құралы,Алматы,2006ж
3.М.Д.Исқалиев,Өткен
кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі
көзқарас, Алматы,2004ж.
4.
5.