Экономикалық ғылымның замандас мектептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 19:51, творческая работа

Описание работы

Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады.

Содержание

# Меркантилизм
# Физиократизм
# Классикалық саяси экономия
# а) Марксизм
# б) Маржинализм
# Неоклассикалық теория
# Кейнсиандық мектеп
# Институционализм

Работа содержит 1 файл

Экономикалық ғылымның замандас мектептері.ppt

— 582.00 Кб (Скачать)
  • Бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер  А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе, онда олар өте жақсы қызмет атқарған болар еді.
  • Екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс (1883-1946 жж.) болып табылады.
  • Үшінші ағым  «институционализм» (латынның «institutum»— бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым  экономисі Торстейн Веблен (1857- 1929 жж.) болып табылады. Оның 1899 жылы  «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т. Вебленнін ізбасарларына  «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж. Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның соnvergere  жақындасу, ұқсайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым- экономисі Пол Самуэльсонның (1915 ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» тұп-тұлғасы қарастырылған.
  • Төртінші ағым әлеуметтік бағыталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар -неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 жж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады.

Информация о работе Экономикалық ғылымның замандас мектептері