Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 21:04, доклад

Описание работы

Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да экономикалық қайшылықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау тағы басқа мәселелер орын алып келеді.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері.docx

— 23.05 Кб (Скачать)

           Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері

Жалпы адамзаттық көзқараспен  бірге әр елде орын алған нақтылы  өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің  жетістіктерін басшылыққа ала отырып, ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасалады.

Дамып келе жатқан Латын  Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзінде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде «жұмақ» орнады деуге болмайды. Бұлар да экономикалық қайшылықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау тағы басқа мәселелер орын алып келеді.

Ал «социализмнің саяси  экономиясы» туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі  қағидалары: адамгершілік әділеттік, еңбеекке қарай ақы төлеу, тағы басқа принциптері  әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық  жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген «социализм»  сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70жылдан астамРесейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өндірісте, бөлісте, айырбаста, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен, жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны т.б жағдайларға байланысты.

Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.

Қазақстан Республикасы алдындағы  міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғарғы тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол тигізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе- макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлуде болып отыр.

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара  байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше  табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция,, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т.б) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды- заттай жүргізілді. «Экономика» термині сонау ежелгі Грецияда пайда болған. Ғылым атауының авторы ежелгі грек философы Ксенофонт. Термин гректің екі сөзінен тұрады: «ойкос»- үй, шаруашылық, «комос»- заң. Яғни шаруашылықты жүргізудің заңдары, шаруашылықты пайдалана бөлудің, ұлғайтудың тәсілдері.

Экономикалық ой-пікірлердің  ғылыми тұжылымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына  байланысты болды. Бұл кезең негізінен  Еуропада XVI-XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай, т.б елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы.

Алғаш рет өз алдына қалыптасқан  ой-пікірдің белгілі бағыты- меркантелистер мектебі. Ол (мерканте- итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың  негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің  талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше  көп сату, олардан мейлінше аз сатып  алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда  капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен  практикасының  негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп  болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Франсуа Кенэ, А. Тюрго т.б өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының берден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Франсуа Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.

Ф.Кенэнің «Экономикалық  кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы  даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжанған  ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл  аударуы экономикалық ой-пікірдегі  күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ  олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеулі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп  есептеуі дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо еңбектері  айқын көрсетті. Қоғам байлығы  жалпы өндіріс салаларында пайда  болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалықсаяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын  экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экномияның басты табысы- еңбек  құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы  ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн  теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В.И.Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат- қаналаушы тап өмір сүреді. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнауы қажет. Тарихта, 70жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі жүзеге асырылды.

Сонымен бірге XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. ББір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдарыОңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі.

Қазіргі экономикалық ғылым  ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл  дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология, т.б қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейкесті проблемалар  еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін  шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зертттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.

Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы  барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл  аударуға тиіс. Ал қоғамдық қатынастардың негізі- өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

 

Экономиканың бірінші  даму бағыты меркантелизм. Меркантилизм дамудың екі сатысынан өтті.

XVI ғасырда Ерте меркантелизм- ақша балансы. Талабы- импортты қысқарту, алтын мен күмісті елден сыртқа шығармау, яғни ол монетарлық меркантелизм.

XVII ғасырда Кейінгі меркантелизм- экспорт импорттан асып түсу керек деп санаған. Абсолютті түрдегі шектеу саясатын жоққа шығарады. Кемшілігі- сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын арттыратын күш бола алмайды, себебі айырбас саласында тек қана құн нысаны ауысады, байлық бөлінбейді, басқаша айтқанда, тауар, бір қолдан екінші қолға өткенде, жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

 

Физиократтар бағыты. Оның негізгі ойы- айырбас байлық көзі бола алмайды, сауда қажеттілікті тек  алмастырады, бірақ шығармайды. Таза пайда тек ауыл шаруашылық  негізінде  ғана туады, ал өндіріс сол затты  ештеңеқоспай өңдейді. Ф.Кенэ концепцияларына  қарағанда, ол экономикалық өмірде үш класс қатысады деген:

  1. Өндіргіш топ (диқандар)
  2. Жеке меншік тобы (жер иеленушілер)
  3. Қарапайым топ (жалданған жұмысшылар, ірі-ұсақ саудагерлер)

Физиократтар экономиканы  мемлекет бақылай алмайды деген  ұран ұстанған. Олардың басты жетістігі- бірінші рет қоғамдық өндіріске  анализдеу әдісін сәтті қолданған. Адамдар мемлекетке салық төлейді, ал мемлекет олардың қорғанысын, бостандығын, құқығын қорғайды.

 

Классикалық саяси экономия бағыты жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын  экономикалық ой-пікірлердің прогрессивті бағыты болды. Бұл бағыттың елеулі ғылыми табыстары- басты зерттеу нысаны ретінде айналысты емес, өндіріс  сферасын алды, еңбектің мәнін барлық тауарлар құнының негізі және өлшемі ретінде қарады.

 

Марксизм бағыты. Негізін  салушы- Карл Маркс. Марксистер экономикалық шаруашылықтыреғұрлым аз шығын жұмсап, мүмкіндігінше мол пайдалыққа ие болғысы келетін микроэкономикалық  агенттердің жиынтығы деп құн  теориясын жасаған.

 

Маржинализм бағыты. Кез  келген өнімнің құндылығы адам тұтынуын қанағаттандыру дәрежесіне байланысты анықталады. Бұл бағыт XIX ғасырдың жылдарында дүниеге келді.

 

Неоклассикалық бағыт. Нарық  пен бәсекелестік туралы- экономиканың нағыз дамуы мен құрылуының шарты  деп қарайды. Нарықтық экономиканың өзін-өзі жүргізу экономикалық дамудың  сапалы жолы және мемлекеттің араласуы экономикалық теңдікті бұзады, шекті  пайда мен өнімділік теорияларына негізделген бағыт. Өкілдері- А.Маршалл  және А.Пигу.

Кейнсиандық бағыт. Қазіргі  кезде мемлекеттің қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасына деген сұранысты арттырып, не кеміту арқылы нарықтық экономиканы қалыпқа келтіріп отыру болып табылады. Бұл бағыт саяси экономияда «кейнсиандық революция» деп аталады. Мақсаты- антикризистік шаралар жасау.

Институттік-әлеуметтік бағыт. Зерттеу объектілері - кәсіптік ұйымдар, мемлекет. Негізгі көңіл адам құндылықтарына бөлінген. Ақпараттық қоғамдық және индустриалды теориялары ерекшеленеді. Бұл бағыт шаруашылық өмір проблемаларын шешу. Осы бағытпен бірге меншік құқығы, қоғам таңдау пайда болған. Негізін салушы- Т.Веблен.

 

 

 

 

 

 

        

 

 

                       Пайдаланған әдебиет тізімі

«Экономикалық теория» Я.Ә.Аубакіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев, Алматы «Қазақ университеті», 1999ж, 5-17.

«Экономикалық теория негіздері» Осипова Г.М, Алматы 2002ж, 4-33.

«Экономикалық теория» Крымова  В. Алматы, 2003ж, 3,13,57.


Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері