Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 04:34, реферат

Описание работы

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:бұл жыл сайынғы,қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан:өндіріс құрылымдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстентивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Работа содержит 1 файл

БӨЖ.docx

— 25.68 Кб (Скачать)

                                                        Кіріспе

              Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі:бұл жыл сайынғы,қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан:өндіріс құрылымдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстентивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

               Ұлғаймалы ұдайы өндірістің эксентивті  типінде өнім шығаруды екі  есеге ерттыру үшін,жұмыскер саны  және өндірістік қорлары екі  есе ұлғаюы қажет.Ұлғаймалы ұдайы  өндірістің интенсивті типінде  осындай нәтижеге жұмыс күшін  және өндірістік қорларды дұрыс  қолдану арқылы қол жеткізуге  болады.Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.Қазіргі жағдайда,ҒТР жағдайында,өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігін өсуі,ресурстарды қамтамасыз ету,қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

               Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады.Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

              Сұранымның қалыпты жағдайындағы  экономикалық өсудің экстесивті  типін алатын болсақ,мұнда ерекше қиындық туа қоймайды.Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің щектеулі кедергілерімен жолыққаша.Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

              Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады.Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді.Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорционалдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

                               1.Экономикалық өсудің теориялары

              Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін,Батыс елдерінің әртүрлі өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап,алдағы уақытқа болжау құрады.Өсу формуласының негізінде кейнстің «мультипликатор» теориясы жатыр.Ол кейінірек «акселерация» теориясымен толықтырылады.Мультипликатор– көбейткіш,ал акселератор – бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономисті Кан 1931ж ендірген,кейінірек Дж.М.Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту,өсім және ақшаның жалпы теориясы» (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон, Н.Калдор өз еңбектерінде қарастырған.Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.Мысалы,жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5млн.долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады.Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болды.Жұмысты атқаратындардың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі.Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.Демек,инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде,жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3есе көп деген сөз.Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең. Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін қарастырады;акселератор – ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді.Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады.Акселерация принципін алғашқы рет 1913-ші жылы француз экономисті А.Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисті Дж.М.Кларк ұсынған.Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж.Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс–«орташа тұтыну бейімділік»-арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті экономикалық ғылымда «психологиялық фактор» ретінде түсіндіреді, себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү).

               

2.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

Экономикалық  өсу экономиканың бір қалыпты  алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді.Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің  даму деңгейі болып табылады.    Кез келген басқа сияқты,экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады,осылай қайталана береді. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі.Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар.Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау.Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине,бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

                Экономикалық өсудің қазіргі  типінің өзіндік ерекшелігі бар.Ол  мынамен байланыстырылады:оның артта  қалуы XX-шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келеді.Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

                  ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық  революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды),мынаны байқатады:

               - еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану,яғни робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология,сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану – өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау;

                - ресурсты сақтау технологиясы,шикізат пен материалды кешенді өңдеу арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану,шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді,ағынды суға және шлам тоғандарына қоқыс,үйінді тасталуын жою,яғни қоршаған ортаны ластамау.

                 

               Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді:бірінші орынға сандық мәселе емес,шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

                Экономикалық өсудің жаңа сапалық  белгісі – өндірістің прогрессивті құрылымынның құрылуымен,ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі.Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

               Қазіргі жағдайда ғылым ролінің  өзгеруімен экономикалық өсу  жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық сыйпат береді.

              Экономика өсуінің қайнар көзі  – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Рыноктық экономиканың негізін жеке меншік құрайды және ол әрбір адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады.Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің негізгі қайнар көзі – экономикалық саясат және ол қоғамдағы мәуелеп тұрған тұтыныстарды дөп көрсетеді.Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция болады.Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін,еңбегін де айта аламыз.Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.

                  
 
 
 
 
 

    3.Экономикалық өсу түрлері мен факторлары

               Инвестиция экономикалық өсудің көзі ретінде екі негізгі бағытта жүзеге асырылуы мүмкін.Бірінші бағыт,қоғамнң қолында бар өндірістік аппараттың сандық жағынан ұлғайтылуына байланысты.Егер экономикалық өсуге қолданылытын капитал мен еңбектің қарапайым сандық өсімі есебінен қол жетсе,онда мұндай экономикалық «өсуді экстенсивті» деп атау дағдыға айналған. 

               Инвестициялық қызметтің екінші бағыты,өндірістік аппаратты жаңғырту,яғни ескірген машиналарды, станоктарды, құрал-жабдықтарды жаңалармен, бұрынғыдан да тиімділермен ауыстыру болып табылады. Әдетте, жинақталған капиталдың үлесі ұлғаяды, ал еңбек үлесі қысқарады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі, айтарлықтай дәрежеде артады, яғни жұмыс істеуші жұмыс уақыты өлшемі ішінде шығарған өнімнің саны көбейеді.Еңбек өнімділігін арттыру есебінен қол жететін мұндай экономикалық өсу «интенсивті» деп аталып кеткен.

               Инвестициялардың көлемі мен  құрылымы туралы мәселені шешу  күрделі іс. Бұл жерде қателік орын алуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды (мысалы, ресурстарды өндірістің болашағы жоқ түрлеріне бағыттау). Өндірілген өнімнің пайда келтіретіндігі жайлы шешім қабылдайтындардың нашар хабардар болуы салдарынан қателіктер кеңінен таралған. Демек, ресурстарды пайдасыз, босқа жұмсамас үшін прогрессивтік технологиялар туралы, өндірісті ұйымдастырудың болашағы бар тәсілдері туралы,алда күтіп тұрған нарықтық бәсекелестік туралы ғылыми білімдерді меңгеру қажет.Мұндай білімдерді кәсіпкерлер үшін де,басқару аппараты қызметкерлеріне де жұмысшыларға да керек. Қазіргі жағдайда ғылыми білім экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады,ал ғылыми зерттеулерде,білім беруге,жалпы алғанда «адамдық капиталға» инвестиция бөлу – қоғамның инвестициялық қызметінің жетекші бағытына айналып отыр.

               Экономикалық өсуді қамтамасыз  етуде кәсіпкерлік ерекше міндет  атқарады.Олар инвестициялар туралы  шешімдер қабылдайды және осы  шешімдерді жүзеге асырады. Осы  себептен де қоғам үшін кәсіпкерлік  ауданына қамқорлық көрсету, адамдардың  капиталдарын өндіріске жетуге  ынталылығын арттыру ерекше маңызды.  Бұл тұрақты экономикалық өсу  үшін инвестиция жеткілікті болуына  көмектеседі.

                     

                                

                                       Қорытынды

            

Кез келген экономиканы үнемі қимыл-қозғалыста болатын ірі организмді елестетеді.Бұл қозғалыстың жылжу бағыты өте күрделі сипатта болады.Ол әр алуан,тіпті қарама-қайшы жағдайлармен,өрлеу мен құлдыраудан,дағдарыс пен шұғылдану кезеңдерінен тұрады.Бірақ та,ұзақ мерзімді жоспар тұрғысынан ол оңды қозғалыс немесе алғанда «экономикалық өсу» болып табылады.

               Экономикалық өсу ел экономикасындағы прогрессивтік,оң өзгерістерді көрсетеді. Ол ең алдымен «ҰЖӨ» өндірісінің ұлғайтылуынан көрініс табады.

                 «ҰЖӨ» өндіруді ұлғайту үшін ол тиісті дәрежеде бөлінуі тиіс.«ҰЖӨ» бөлу – бұл ағымдағы және болашақ тұтыну,яғни «тұтыну» мен «жинақтау» (инвестиция) арасындағы талдау. Экономикалық өсу жинақталған қаржы есебінен жүзеге асырылатындықтан ағымдағы тұтынудың өте жоғары деңгейі өндірісті қажетті көлемде ұлғайту мүмкіндігінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Ал бұл болашақ тұтынуға қолайсыз әсерін тигізді.                         

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             

                                                      Жоспар 

Кіріспе................................................................................................................................................3

1.Экономикалық  өсудің теориялары………………………………………………………..4

2.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері...............5

3.Экономикалық өсу түрлері мен факторлары..........................................................7

Информация о работе Экономикалық өсу