Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:13, доклад
Қаржы жүйесі- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастарының, бөліктерінің және аяларының жиынтығы.
Қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық өндіріс аясы жатады.
Қаржы жүйесі- орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарының
қорларын қалыптастыру және пайдалану
жөніндегі қаржы
Қаржы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігіне жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қалыптасатын материалдық өндіріс аясы жатады.
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көлемі бойынша елдің экономикалық дамуының деңгейі, экономикалық құрылым мінездемесі, тұрғындардың негізгі бөлігінің материалдық жағдайы туралы қортынды жасауға болады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзіне салықтар (90%) жатады, ал қалған бөлігі мемлекеттік қарыз, ресми трансферттер, ақша эмиссиясы т.с.с. жолдарымен толтырылады. Мемлекеттік несие – бұл мемлекет бюджетіне ақша қаражаттарын толтырудың әдісі болып табылады. Мемлекеттік несие тарту жолдарына:
1. Ұлттық банк тарапынын
Үкіметке берілетін тікелей
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығыру; жатады.
Мемлекеттік несие негізінде
мемлекеттік қарыз қылыптасады.
Мемлекеттік карыз – белгілі
бір уақыт мерзіміне
Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.
Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер қатысады:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
2. Кастодиан-банктер;
3. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар;
4. Қаржы нарығын және
қаржы институттарын реттеу
Өтелу мерзіміне сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МЕИКАМ болып бөлінеді. Қазақстанның сыртқы қарызы Үкіметтің, Ұлттық банктің сыртқы қарыздары, мемлекеттік кепілдік берілген және мемлекеттік кепілдік берілмеген сыртқы қарыздарынан тұрады.
Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір мақсаттар үшін бюджет сыртында қалыптастырылған, жинақталған қаражаттар. Бюджеттен тыс қорлар экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа мақсаттар үшін құрылады. 1999жылғы Қазақстанның қаржы жүйесін реформалаған кезге дейін елімізде 5 бюжеттен тыс қор болды (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, тұрғындарды жұмыспен қамтамысыз ету қоры, зейнетақы қоры). Кәзіргі кезде бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорын, ұлттық қорын жатқызуға болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне келесі субъектілер қатысады:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары;
2. Кастодиан-банктер;
3. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар;
4. Қаржы нарығын және
қаржы институттарын реттеу
Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары. «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
қаржылық қатынастардың жиынтығы;
ақшалай қорлардың жиынтығы;
басқарудың қаржылық аппараты.
Ақшалай қорлардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.
Қаржылық қатынастар өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржылық қатынастар жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржылық қатынастар негізінен мына екі сфераны қамтиды:
мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақшалай қатынастар;
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақшалай қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақшалай қатынастар.
Қаржылық қатынастардың буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлардың жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін бюджеттік, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизадиялық айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақшалый қорларды кіріктіретін қаржылық ресурстарды қалыптастырып, пайдалануда табады. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған. Бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну коры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).
Қаржылық қатынастардың нысандары мен ақшалай қорлары басқарылатын материалдың объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік жэне коғамдық аппараттарының жүйесі - қаржылық аппарат болып келеді, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлау үдерісіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржылық қатынастар буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржылық аппарат қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесі интеграциялық
тұрпат жүйесі болып табылады, оған
кіретін элементтердің (қосалқы
жүйелердің) тығыз байланысымен және
оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өздігінен өмір сүре алмайтындығымен
аныкталады: қаржы, бір жагынан, өндірістік
катынастардың бір бөлігін
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржылық қатынастардың жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.
Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржылық қатынастардағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысына межелеуге мүмкіндік береді.
Сыныптаманың матасқан қатары ретінде буындарда жоғары разрядтың элементтері болады: қаржылық қатынастар, қаржылық қорлар, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақшалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке
элементтердің орны мен рөлі бірдей
емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің
басқа элементтерінің арасында алдыңғы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері
мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады.
Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік
бюджетпен көрінетін
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық
өнімнің құнын және ұлттық байлықтың
бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
туралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субъектілерінің қарамағына қаржылық
ресурстарды қалыптастырумен
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан - бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім - коғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
материалдық өндіріс сферасының
(нақты сектордың) барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің
қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Бірінші қосапқы буында -
материалдық өндіріс сферасы
қаржыларында өндірістік компанияларда,
фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық
қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында
орталықтандырылмаған акшалай қорларды
қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың,
сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жоғарғы
органдарының мақсатты және резервтік
қорларына орталықтандырудың
Қаржы жүйесіндегі екінші
қосалқы буынының қызметтер сферасы
каржысының орны мен рөлі оның ұлттык
табысты бөлу жэне пайдалану жөніндегі
байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы
буында каржылык қатынастар оның бастапқы
күрылымдарында және олардың арасында,
қаржы жүйесінің басқа
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қаржылық қатынастар түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастыру арқылы одан ары тұтыну мақсатында кұнды қайта бөлудің арналары бойынша бұрын жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Халықтың (үй шаруашылықтарының)
қаржысы қаржы жүйесінің ерекше
бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар)
өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы
мемлекеттік қаржы жүйесімен
және меншіктің барлық нысандарының
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
өндірістік және өндірістік емес сфераларымен
қарым-қатынас жасайды. Бұл сан
алуан қатынастар халыққа еңбекке
ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы
жүйесіне ақшалай каражаттардың
аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық
және материалдық емес игіліктерді
алумен байланысты; басқа жағынан, халық
өзінің ақшалай табысынан салык
төлейді, өндірістік жэне өндірістік емес
сфералардың мемлекеттік және басқа
мекемелер мен ұйымдардың қызметін
төлейді. Сонымен бірге азаматтардың
жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен
айналысумен байланысты бұл сферада
көлемді қаржылық қатынастар пайда
болады. Мұндай қатынастар айырбасқа
жататын сауда орындарында, рыноктарда,
халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар
мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық
сектор жәнет.б.) тұтыну тауарлары мен
қызметтерді сатып алуға
Сонымен бірге халықтың ақшалай қаражаттарының әрбір жеке жағдайда мақсатты бағыттылығының немесе жинақталуының мүмкін болатынымен және олардың иелері қаражаттарды өзінің ойынша басқарып ұйымдастыра алатынымен, халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің - қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешілігінде болады. Азаматтардың дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл буында кең қаржылық қатынастар пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының буынында пайда болатын қатынастарға ұксас болады.