Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:27, доклад
Экономикалық саясат - елдегі экономикалық өнімді өндіру, бөлу, алмасу, тұтыну, жинақтау, экспорттау, импорттау саласында мемлекет атынан әкіметтің жүргізіп жатқан жалпы лептегі іс-әрекеттері мен шаралар жиынтығы. Құрылымдық, инвестициялық, баға, қаржы-несие, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясаттан құралады, сонымен қатар, еңбек және жұмыспен қамту саласында құралады.
Экономикалық саясат - елдегі экономикалық өнімді өндіру, бөлу, алмасу, тұтыну, жинақтау, экспорттау, импорттау саласында мемлекет атынан әкіметтің жүргізіп жатқан жалпы лептегі іс-әрекеттері мен шаралар жиынтығы. Құрылымдық, инвестициялық, баға, қаржы-несие, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясаттан құралады, сонымен қатар, еңбек және жұмыспен қамту саласында құралады.
Әр заманның өз талабы болады. Ертеңгі күнінен үміт күтетін елдер экономикасын дамытуға ұмтылып жатыр. Қазір мамандар экономиканы дамытудың жолы ретінде инновациялық бағытты ұсынып отыр. Инновацияны дамыту Қазақстанға әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндік береді. «Нұр Отан» партиясының жанынан құрылған Инновациялық комитет республикамыздың 2010-2014 жылдарға арналған «Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясының» Тұжырымдамасын жасау үшін Қазақстан, Ресей, Финляндия, Израиль, АҚШ, Англия мемлекеттерінен маман-сарапшылар тобын құрған болатын.
Қазақстанның болашағы оның экономикасының инновациялық даму жолына көшуіне тікелей байланысты. Сондықтан да, Қазақстан сияқты жас мемлекеттің басты даму бағыттарының бірі – білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. Сингапур, Швейцария сияқты ұлттық инновациялық менталитетті қалыптастыру үшін мектеп пен жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын мейлінше жақсарту қажет. Мен Қазақстан Президентінің ұстанған саясатынан да хабардармын, ол әу баста: «ең әуелі экономика, сосын саясат» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Тағы да айтайын, инновацияны игермей ілгерілеу мүмкін емес. Қазақстанда жер асты байлығы жетіп артылады. Оны толық игеруге мүмкіндік жоқтың қасы.
Ең
бірінші, адами ресурстардың ғылыми-техникалық
әлеуетін ғылымның дамуына жұмылдыруды
тездетіп, нәтижесін осы заманғы өндірісте
тиімді пайдалану керек. Жапонияның әйгілі
«Тойота» автомобиль шығаратын зауытының
директоры Тото Морото ұлттық инновацияны
қалыптастырудың маңыздылығына тоқтала
келіп былай деді: «Жапонияның экономикалық
қуатының артуының себебі, шетелдік маңызды
зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанынан
емес. Жапония үлкен нәтижелерге негізделген
өнімді шығару арқылы зор табыстарға жетті.
Америкада технологияларға деген тапшылық
жоқ. Оларда технологияларды коммерциялық
тұрғыда қолдануға бағытталған шығармашылық
белсенділік төмен. Менің ойымша, бұл Американың
ең өзекті проблемасы. Ал, Жапонияда шығармашылық
белсенділіктің жоғары болуы – оның ең
мықты жағы». Бұл пікірдің астарына үңіліп
қарасаңыз, инновацияны дамыту үшін адамдардың
жоғары шығармашылық белсенділігі және
білім мен біліктілігі ауадай қажет екенін
байқайсыз. Осы тұрғыдан алғанда бай мемлекет
деп – инновациялық жүйесі жоғары сапада
дамитын мемлекетті атаймыз.
– Бұл жерде инновацияның түпкілікті
мақсаты болып табылатын білімді экономикаға
көшіру мен оны коммерциялау механизмдері
қалай жүзеге асады?
– Міне, маңызды істің түйіні осында жатыр.
Өйткені, кез келген ұлы мақсат пен ауқымды
жоспарды жүзеге асыру тетіктері дұрыс
жасалмаса, еңбек далаға кетеді. Әлемдік
тәжірибеге сүйенсек, технологиялық трансферт
пен санаткерлік меншікті коммерциялаудың
тиімді механизмдерінің бірі технопарктер
болып табылады. Технопарктердің қызметі
ғалымдардың, өнертапқыштардың, инженерлердің,
жаңа идеяларды игеру мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді. Инновацияны дамытудың
әлемдік тәжірибесіне сүйенсек, қандай
да болсын мемлекеттердің қол жеткізген
табыстары ғылым мен техникада жатқандығын
байқаймыз. Мәселен, Америка мен Ұлыбритания
жалпы ұлттық қаржының 12-14 пайызын ғылымның
дамуына бөледі. Ал, Франция мен Жапонияда
бұл көрсеткіш 16-17 пайызды құрайды. Сондықтан
да, АҚШ, Германия, Жапония мен Ұлыбританияның
жоғарғы оқу орындары әлемдегі аса ірі
ғылыми орталықтар болып отыр.
Қазақстанда білім берудің сапасы төмен. Білікті кадрларды даярлау өз дәрежесінде жүргізілмейді. Білікті мамандардың 70 пайызы шет елдерде жұмыс істегенді қалайды. Бұл көрініс елде мамандарға жасалынып отырған қамқорлықтың төмен екендігін көрсетеді. Қазақстан дүниежүзінде математика және ғылыми білім сапасы бойынша 80-орында болса, кадрлардың сыртқа кетуі жағынан 57-орынға табан тіреген. Басқа мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның экономикалық даму мүмкіндігі мол. Қазақ елінің 2020 жылы өзге елдерге 7,8 миллиард доллар көлемінде инжинирингтік қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.
Атап айтқанда, мұнай мен газ
өндіру, энергетика және металлургияны,
Соңғы жылдары мемлекет астық өндіруде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Орталық Азия мемлекеттерін былай қойғанда, Қазақстанның бидайын биыл Иран сатып алып жатыр. Қазақстан қазір әлемнің 46 еліне бидай экспорттайды. Халықаралық астық кеңесінің мәліметінше, биыл дүниежүзі бойынша 660 миллион тонна астық жиналады деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38 миллион тоннаға кем. Алайда аграрлық салада орын алып отырған кемшілік, ауылшаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ет, сүт, шұжық, макарон, тағы басқа тағамдарды еуропалық стандартқа сай өңдейтін кәсіпорындардың болмауы. Сол бидайдың өзін тірідей сатпай, одан түрлі өнімдер жасап сатса, анағұрлым пайда әкелер еді. Міне, инновациялық-технологияны жетілдіру деген осы.
Қазір Қазақстанда жалпы 16 миллион 300 мың халық тұрса, оның 46 пайызы ауылдық жерде тұрады. Демек, аграрлық саясат ауылшаруашылығына керекті техникаларды, тағы басқа жарақтар, өнім өндіретін технологиялар мен өндірілген азық-түлік өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, тұтынуға жеткізетін тамақ индустриясын қамтиды. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болуға талпыныс жасап жатқан кезде, ауылшаруашылығы өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар ашуға ден қою керек. Өкінішке орай, агроөнеркәсіп саласында бәсекелестік, кластерлік жүйе нақтылы қалыптаспаған.
Жақсы жұмыс істейтін ат төбеліндей шаруа қожалықтары ғана бар. Меніңше мұндай шаруашылықтардың саны көп болу керек. 2003-2005 жылдары республика ауылшаруашылығын дамытуға мемлекеттен 500 миллиард теңге қаржы бөлінген. Міне, осы қаржыдан тұтастай алғанда ешқандай қайтарым болмаған. Бірді-екілі шаруашылықтардың ет, сүт, бидай өндірудегі толағай табыстарын көріп, міне, жұмысты осылай істеу қажет деп, оны жалпы агроөнеркәсіп саласының жетістігіне бағалаған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі басқаратын партиясы болғандықтан, Мемлекет басшысының саясатын қолдауы – міндет. Саяси науқан кезінде ұпай жинайтын партиядан келер еш пайда жоқ. Мен «Нұр Отан» партиясының Халықтық тұғырнамасымен жан-жақты танысып, партия қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытуға ерекше мән беріп отырғанын байқадым.