Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2011 в 20:57, курсовая работа
Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шарушылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе – макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу.
Кіріспе
І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ САЯСИ ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
ІІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ
ДАМУЫ
2.1 Қазақстандық экономикалық ойлау жүйесінің даму
ерекшеліктері руханилық кағыдасы ретінде
2.2Қазақстандағы экономикалық ой-пікірлердің даму
заңдылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Орыс буржуазиясы фабрикалар мен заводтарды өз іргесінен салып, шикізатты шет аймақтардан алып отырса, социалистік өнеркәсіптік
шаруашылық
мақсатына сәйкестік
терең экономикалық ой-пікір екенінде ешбір күмән жоқ. Қазақстан Республикасы шетелдерге шикізат қоры болып қалмауы керек. ҚР Президенті еңбектерінде осы мәселе жиі қайталанып келеді. Шикізат, мұнай- газ, металл т.б. сияқты ауыл шаруашылығының өнімдерін шетке арзан бағамен сату ел экономикасына тиімсіз екені аян.
Біздің ойымызша, С. Сәдуақасовтың
экономикалық көзқарастарының
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс айырбас тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған. Экономикалық ілім – ертедегі ең ескі және бай тарыхы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізеді. Ол сол кездердегі жеке игіліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шарущылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде XVII-ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерртеудің бастауы болып табылады. «Меркантелизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI – XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде ХІХ ғасырдың соңы, ХХ ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатаңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар- ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнің анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.
«Экономика ғылымының ғылыми мақсатын
терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің,
А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін
зерделеп оқу жеткілікті » - дейді американдық
белгілі экономист, жаңа институционалдық
бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық
экономика ғылымына беріліе баға жоқ секілді.Себебі
Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты
экономистер экономика ғылымында түбегейлі
өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік
қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық
жүйелердің нарықтық, жоспарлы, аралас
түрлерінің негізін қалаушылар.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ