Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 16:56, реферат

Описание работы

Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды.

Содержание

1. Экономикалық жүйе
2. Экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдылары
3. Қазіргі экономикалық ілімдер
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа содержит 1 файл

ЭКОНОМ1.docx

— 22.37 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

  1. Экономикалық жүйе
  2. Экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдылары
  3. Қазіргі экономикалық ілімдер

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы 

Экономикалық  ілім — ертедегі ең ескі және бай  тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады. «Меркантилизм» бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612 ж.ж.) және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.

Қоғам байлығы сауда да емес, ол өндірісте  пайда болатындығы туралы идея алғашқы  рет физиократтар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) болатындығын айғақ етті. Осы идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.

Саяси экономиканың классикалық мектебінің тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете  зерттеу негізінде марксизм ілімі  қалыптасты. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы. ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сінген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде жеке олкылықтар да кездеседі. Тарих К.Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу қөрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады.

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм»  теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем- Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне – сұраным мен ұсынымды талдау жатады.

Экономикалық  ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси  экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.

Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) Деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл, Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты.

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының  негізін қалаушы ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты енбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құткарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін мемлекеттік реттеу жүйесіне көшіру Дж.М.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30-шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.

ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік  реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.

«Неолиберализмнің»  белгілі өкілдеріне американ экономисі  Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру.

Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта  айтканда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі  ағымдармен сипатталады:

– бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет аткарған болар еді;

– екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айкындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;

– үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу, ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.

– төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады.

«Экономика  ғылымының ғылыми мақсатын терең  түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» – дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.


Информация о работе Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы