Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:05, реферат
1.Институционалдық ағымның пайда болуы.
2. Неоинституционализм және жаңа институционализм
3. Америкалық институционализмнің пайда болуы және эволюциясы.
4.Институционализмнің бағыттары:
А. Әлеуметтік-психологиялық институционализм (Т.Веблен)
Б. Әлеуметтік-қүқықтық институционализм (Дж.Коммонс)
В. Тәжірибелік (эмпирикалық) институционализм (У.Митчелл)
Институционализмнің ғылыми қалыптасқан бағыттары
1.Институционалдық ағымның пайда болуы.
2. Неоинституционализм және жаңа институционализм
3. Америкалық институционализмнің пайда болуы және эволюциясы.
4.Институционализмнің бағыттары:
А. Әлеуметтік-психологиялық институционализм (Т.Веблен)
Б. Әлеуметтік-қүқықтық институционализм (Дж.Коммонс)
В. Тәжірибелік (эмпирикалық) институционализм (У.Митчелл)
"Институционализм" терминінің негізіне институт ұғымының бір түсінігі жатады. Институционалистер мұны экономикадағы қоғамдық қозғаушы күштердің бір элементі деп қарайды.
Институционализм, институттық экономикалық теория (латынша іnstіtutо іс-қимыл салты, әдет-ғұрып, сондай-ақ іnstіtutum орнату, құру) экономика ғылымындағы қоғамның және экономиканың дамуын әлеуметтік психология тұрғысынан түсіндіретін бағыт. Институционализм эконономикалық ой-пікірдің жетекші бағыттарының бірі, бұл бағыт экономиканы барлық негізгі құрылымдары тұрақты әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған әркелкі жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономика дамудың сипаты мен бағытын нарық өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономика институттардың бүкіл жүйесі айқындайды. Қазіргі институционалды теория өз дамуында ғылыми-әдістемелік тұрғыда екі іргелі бағыт – “ ескі’’ институционализм және неокласикадан бастау алады. Бұл теория екі бағытта дамыды: Неоинституционалды теория және жаңа институционалды теория.
Қазіргі институционолизмнің ескі институционализмнен бірқатар айырмашылығы бар. “ Ескі’’ институционализм өкілдері экономикалық мәселелерді басқа қоғамдық ғылымдардың әдістері қолдана отыра зерттейді.Неоинституционалды теория, керісінше қоғамдық ғылым салаларындағы саяси, құқықтық және басқа да мәселелерді неоклассикалық экономикалық теорияның, әсіресе, қазіргі микроэкономика және ойындар теориясының әдістерін қолдана отыра зерттейді. Бұл ғылымға “Экономикалық империализм” атымен енген. Неоинституционализм әдістемелік инддивидуализмді қолданады. Яғни, зерттеудің орталық мәселесі – өз еркімен өз мүддесіне сәйкес шешім қабылдайтын тәуесіз индивид.
Неоинституционалды экономиканың зерттеушілік бағдарламасы алғаш рет Р. Коуздың «Фирма табиғаты», «әлеуметтік шығындар мәселесі» еңбектерінде қалыптасты. Осы бағдарлама шеңберінде неоклассикалық теорияға бірқатар өзгерістер енгізілді.
Жаңа институционалды экономика неоклассиканың постулаттарына тәуелсіз, институттардың жаңа теориясын қалыптастырды.
Жаңа институционалды экономика, біріншіен, ойындар теориясын (Дж. фон Нейман, О. Моргенштерн ) қолдана отыра неоклассикалық жалпы тепе-теңдік моделін өзгертеді. Ойындар теориясы экономикалық теориядағы дербес бағыт болса да, жаңа институционалды экономиканың модельдері ойындар теориясы бірқатар болжамдардан құрылады:
1.Бірнеше тепе-теңдік нүктелері болуы мүмкін;
2.Тепе-теңдік нүктелері Парето бойынша оптимум нүктесіне сәйкес болуы міндетті емес;
3.Тепе-теңдік мүлдем болмауы мүмкін.
Америкалық институционализмнің пайда болуы және эволюциясы
ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында нақтылы тарихи жағдайлардың әсерінен АҚШ әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан күшті дамыған бірден-бір елге айналды. Мүнда тұңғыш рет экономиканың еркін бәсекеден гөрі монополистікке өтуі жалпылама түрде айқын көріне бастады. Бұл АҚШ-тың антимонополистік шаралар қолданған алғашқы ел болуына себепкер болды, оның әкімшілігі XIX ғасырдың аяғында бүл шараларды өмірге енгізді. Бұл шараларды соңынан барлық дамыған мемлекеттер үкіметі қолданды.
XX ғасырдың бас кезінде АҚШ-тың ғалым-экономистері экономикадағы монополистік тенденциялардың күшейгенін талдап, өз елдеріндегі антимонополистік саясатқа іш тартып, экоиомикаға әлеуметтік бақылау концепциясының лидері статусын алуға тырысты. Оны түрлі тәсілдермен жүргізді. Олардың теориялары бүгінде әлеуметтік институциональдық немесе жай институциональды деп аталатын экономикалық ойдың жаңа бағытының бастамасы болды.Америкалық институционализм мен батыс еуропалық институционализмнің арасында көптеген айырмашылықтар бар .Ол айырмашылықтарды ұлттық мәдени дәстүрлеріне байланысты ажыратуға болады.
Америка-тарихы жоқ ел,сол себепті американдық зерттеушіге абстрактылы рационалды индивидтің тұрғысынан зерттеу қолайлы.Оған қарама-қарсы,заманауи мәдениеттің бесігі ,бұған қарама қарсы әрекет етеді.Сол себепті американдықтар математикалық аппаратты қолдануда мықтырақ,ал дәстүрге,мәдени нормаға,менталитет стереотиптеріне келгенде әлсіздік танытады.Мұның бәрі жаңа институционализмнің мықты жақтарын бейнелейді.
Институционализмнің үш бағыты
Кейбір бағалауларға қарағанда, экономикалык ойдың институционалистік бағытының пайда болуының уақытын Т. Вебленнін "Теория праздного класса" деген монографиясының жарық көруімен, яғни 1899 жылдан бастайды. Алайда, соңғы кезде одан да маңызды Дж. Коммонс пен У. Митчеллдің еңбектерінің болуы, институционализм шеңберінде жана толқындардың көрінуі, бұл экономикалық теория бағытының, концепциясының қалыптасуы, жетілуі XX ғасырдың 20-30 жылдарына сәйкес келеді.
Аталған Американ ғалымдарының еңбектері, оларды жақтаушылары антимонопольдық бағытты құрайды, экономикалық өсуге жиынтық коғамдық қатынастардын ыкпалы, идеясы мен экономикаға мемлекеттің араласуы кажеттігін насихаттап дәлелдейді.
Институционализмдегі көрінген 3 толқын:
Институционализмнің негізін қалаушылардың реформалық концепциялары
1.Торстейн Веблен
(1857 - 1929) — экономика мен социология
саласындағы ірі еңбектердің авторы. Мұнда
ол Ч. Дарвинның табиғат эволюциясы теориясынан
бастау алып, жалпы қоғамдық, соның ішінде
экономикалық әлеуметтік-психологиялық
қатынастардың өзара байланысы, өзара
тәуелділігі принципін ұсынады. Чикаго
(1891 - 1906), Станфорд (1906 - 1909) униперситеттерінде
сабақ берді. 1910 — 1917 жылдары Миссури штаты
(Колумбия қаласы) университетінде істеді.
1919 жылдан бастап "Әлеуметтік зерттеулердің
жаңа мектебінде" лекция оқиды. Оның ғылыми
мұрасы кеңінен белгілі болды және экономикалық
ой-пікірдің үш әлеуметтік-институционалдық
бағытындағы шығармаларды іздестірудің
негізін қалады.
Зерттеу пәні
Т. Вебленнін анықтауы бойынша экономика ғылымының пәні ретіндегі Институттар - өткендегі процестердің нәтижесі, олар бұрынғы жағдайларға бейімделген, демек бүгінгі күннің талабына толық сәйкес келмейді". Осыдан келіп, онын ойынша, оларды эволюция заңдарына сәйкес жаңарту қажеттігі шығады және казіргі күннің талабына сай, яғни ойлаудың әдеттегі тәсілімен, жалпы танылған тәртіпке сай қаралуы тиіс.
Зерттеу тәсілі
Өзінің ойлау бейнесі жағынан көптеген идеологтар оны американдық Маркс деп мойындады. Оның себебі, Веблен Дж. Б. Кларктің студенті болуы ғана емес және ол өзінің ұстазының. экономикалық теориясына, яғни таза экономикалық ғылымға қарсы шыққандығынан емес, оның салдарын сын көзбен бағалағаны, әр түрлі елдердің ұлттық экономикасы А. Смиттің экономикалық либерализм, өзін-өзі реттеу, халық шаруашылығынын дағдарыссыз дамиды деген идеяларымен, еркін кәсіпкерлік жағдайында экономикалык адамдардың жеке мүдделері қоғамдықпен табиғи сәйкес келеді дегендері үшін.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын ерекше көруі Т. Вебленнің еңбектерінен айқын байқалады. Оның ішінде бастылары: "Теория праздного класса" (1899); "Инстинкт мастерства" (1914); "Инженеры и ситема цен" (1921); "Собственность отсутствующего" (1923) және т. б.
Оның пікірінше, адамдардын экономикалык мотивтеріне алдымен ата-аналык сезім, білімге және істелген жұмыстың жоғары сапасына инстинктілік ұмтылысы жатады
Реформа концепциясы
Т. Вебленнің марксистік емес позициясы оның реформа тұжырымдамасынан анык көрінеді.
Тек қаржы жұмысымен айналысатын
"Веблен эффектісі"
"Құр сенделуші (желбуаз) таптар" теориясында, Т. Вебленнің осы аттас кітабының мазмұны көрсеткендей , "өндірістік емес мүлкі бар" таптардың экономикалық процестерге қатынастары теріс сипаттар — "қымқырып қалу", өндіру емес, қанау, пайдалылық емес - тән. Бұл тап, Веблен бойынша, бизнес әлемнің дәстүрін қалайды, ал бұл — паразитизм мен жыртқыштық заңдармен бағытталып, әрекет етеді.
Айталық, осы таптың өкілдері үшін товарларға ерекше баға белгіленеді, бұл - олардың мәртебесінің көрсеткіші, ол — сүраныс заңының шын көрінісі емес, мұны "Веблен эффектісі" деп атайды.
Ол мынадай жағдайды сипаттайды — товар бағаларының төмендеуі сатып алушы бойынша оның сапасының нашарлауы немесе оның халық арасында маңыздылығының төмеңдеуі, сөйтіп товардың сатып алушылар сұранысына сай болмайды. Керісінше, жағдайы басқаша болады: сатып алу көлемі баға өсуімен байланысты ұлғайды. "Қаржы қабаттарының қалыңдығы, - деп жазады Т. Веблен, - қаржы институттарының икемделуіне ынталы. Осыдан келіп желбуаз таптардың институттардың дамуын, ақша мақсаттарын құр сенделуші таптардың өмірін қалыптастыруға бірте-бірте бағыттайды.
Сонымен, қоғам құрылымының эволюциясы
— Т. Веблекнің сөзімен айтсақ - тіршілік
күресіндегі институттарды табиғи сұрыптау
процесі .
2.Дж. Р. Коммонс (1862 - 1945) - 1904 жылдан Висконсин университеттінің профессоры, Америка еңбек федерациясының экономикалық және зан жөніндегі консулътанты болды.
Зерттеу пәні мен тәсілінің ерекшеліктері
Экономикалық талдаудың пәні ретінде мынадай ұжымдық институттардың - жанүя, кәсіподақ, сауда бірлестіктері, өндірістік корпорациялар, мемлекетті, құқылық қатынастар және басқаларды зерттеу, басым бағыт деп — юристік-құқықтық институттарды есептеп, институционализмнің құқықтық-зандылық ағымының лидері болды.
Методологиялық жағынан ол жұмысшылардың таптық күресін қабылдамады және ол бизнес жүйесінің тиімділігі - оны сақтаудың амалы дегенге сенді.
Құн теориясы
Дж. Коммонс құқылық қатынасты құн
3.Уэсли Клэр Митчелл(1874 - 1948) - Вебленнің шәкірті және оның ісін жалғастырушы. Ол Чикаго университетінде окып, Калифорниядағы (1909-1912) және Колумбиядағы университеттерде профессор болды. 1920 — 1945 жылдары экономикалық зерттеулердің Ұлттық бюросын баскарды. У. Митчелл өз ұстазының еңбегін жоғары бағалап, "Веблен ілімі" деген жинақ әзірледі. Мұнда оның кітаптары мен мақалаларынан үзінді келтірді.
Зертгеу пәні мен тәсілінің ерекшвліктері
У. Митчелл жариялаған "Экономикалық теориялардың типтері туралы" лекциясы (1935) Т. Вебленнің идеясынан бастау алады ол экономикалық процестердің экономикалық емес теориялармен өзара байланысын талап етті. Айталық, социология, мәдениет және т. б. әлеуметтік проблемаларды көрсетті. Олар қоғамдағы адамдардың психологиясын, тәртібін және іс-әрекеттерінің мотивін аныктайды.Алайда, экономикалық әдебиеттерде бұл ғалымды «теориясыз өлшем концепциясынын уәкілі» деп қабылдады. (У. Митчелл және оның жақтаушыларды сынаған Т. Коопманстың осындай атпен шыққан статьясынан кейін), немесе В. Леонтьевтің оны "Американың экономикалық ой-пікіріндегі негізгі антитеориялық бағыт" деп атауы тегін емес
Реформа концепциясы
У. Митчеллдың институциональдык. теорияға қосқан жеке үлесі:
1. Экономикалық факторлардың (ақша айналысы немесе қаржы жәі-ге тағы басқа категориялардағы) экономикалық емес факторларға (соның ішінде психологиялық, тәртіп және т. б.)әсерін анықтау. Ол үшін нақты сандық көрсеткіштерді зерттеу және ол өрсеткіштердің коньюктуралық толқуларының заңдылықтарын анықтау, көптеген статистикалык деректердің накты материалдарын математикалық талдау негізінде жүргізу керек.
2. Экономикаға мемлекеттің араласуының түрлі варианттары арқылы дағдарыссыз цикл концепциясын негіздеуге тырысты.
Информация о работе Институционализмнің ғылыми қалыптасқан бағыттары