Инфляцияның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 10:39, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.

Содержание

Негізгі бөлім...........................................................................................................

I-Бөлім

Инфляция туралы жалпы түсінік.

1.1. Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері……………..…

1.2.Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері…...

II –Бөлім

Инфляцияның түрлеріне жалпы шолу

2.1. Инфляция түрлері және факторлары………………………………….....

2.2. Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары..........................

III –Бөлім

Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты

3.1. Мемлекетте инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары........

3.2. Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу.........................................


Қорытынды.......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 16.27 Кб (Скачать)

Кіріспе

Негізгі бөлім...........................................................................................................

I-Бөлім

  Инфляция туралы  жалпы түсінік. 

1.1. Инфляцияның  мәні, тарихы және пайда болу себептері……………..…

1.2.Инфляцияны  реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері…...

II –Бөлім

Инфляцияның түрлеріне жалпы шолу

2.1. Инфляция  түрлері және факторлары………………………………….....

2.2. Қазақстандағы  инфляция жағдайы және оның  салдары..........................

III –Бөлім

Мемлекеттің инфляцияға қарсы  саясаты 

3.1. Мемлекетте инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары........

3.2. Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу.........................................  

Қорытынды.......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер............................................................ 
 
 
 

Негізгі бөлім

Инфляция  проблемасы экономикалық ғылымда маңызды  орын алады оның көрсеткіштері мен  әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың  экономикалық қауіпсіздігін бағалауда  күрделі рөл атқарады. Қазіргі  замандағы жағдайларда осы мәселенің  өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық  саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.

Дүние жүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.

Курстық жұмыстың мақсаты инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- инфляцияның  әлеуметтік-экономикалық құбылысқа  әсерін анықтау;

- ҚР  инфляциялық жағдайын талдау;

- инфляция  мәселелерін талдаудағы перспективаларын  қарастыру.

Экономиканың  интернациялануы (ұлттық шеңберден  шығуы) инфляцияның бір елден  екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем  қатынастарын қиындатады. Инфляцияның  негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен  салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға  қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша  ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты

Инфляцияға  қарсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі сұранымға  ықпал жасау мақсатында мемлекеттік  шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде  сұраным қысқарады, инфляция қарқыны  төмендейді. Бірақ сонымен бірге  өндіріс өсуі де құрып, жұмыссыздықты  арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты  сұранымды кеңейтуге бағытталады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы  әлемнің бірде-бір елінде қатар  қалыптаспағанын айту қажет. Бұл  кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан  бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер  үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс  экономикада "стагфляция" деп  аталады.

Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті  дамыту бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж., арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс  салаларын қолдау бағдарламасын  бекітті.Соңғы жылдары Қазақстандағы  Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда..

Курстық жұмыстың зерттеу пәні кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

Курстық жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының  экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық  ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар  шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Инфляция  туралы жалпы түсінік.
 

Инфляция  бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық  ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі.

Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті  ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. "Инфляция" термині (латынның inflasio сөзінен шыққан кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ  ғасырдың орта шенінде пайда болды  және АҚШ тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп  шығарылуымен байланысты болды. ХІХ  ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін  кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары  жазыла бастады.

Сонымен, инфляция дегеніміз бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз  өседі. Инфляция бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық  болса, бұл тауарға баға деңгейі  өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық  сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе теңдіктің  бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп  қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі  мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан  экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне  айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. 
 
 
 

Информация о работе Инфляцияның пайда болуы